Нұсқаулар: -күш осы зарядқа 1-ші және 2-ші зарядтарының өрістерінің тарапынан әсер ететін күштердің қосындысынан тұрады: . Енді түсінікті болса, онда күштің өрнегіне көшу керек. Онда да болмаса онда 148-ге көшеміз.
4.Есептің геометриялық жақтары дұрыс есепке алынды ма, яғни Е1 және Е2 кернеулік векторыныңбағыттары мен олардың араларындағы бұрыш дұрыс есепке алынды ма соны тексеру керек. Өз бетінше сызбаны сызу керек. Оны 2 сызбамен тексеру керек. Жалпы формуланы 89 бен тексеру керек. Егер формула дұрыс шықпаса онда 149-ды қарастыру керек.
89.
Егер бұл формула да алынбаса, онда 89 пунктке қарау керек.
1 16. Зарядтың үшеуінің де өлшем бірліктеріне назар салу керек. Күштің бағыты есепке алынды ма соны тексеру керек. Жауап сонда да дұрыс алынбаса, онда жалпы формуланың дұрыстығын тексеру керек. 179
117. Е1 және Е2 кернеулік векторының бағыттары q1 және q2 зарядтарының таңбаларымен сәйкес келу керек. Әрине үшбұрышынан алынады (суретте). Е1 және Е2 кернеуліктері үшін өрнекті жазып, оны 228 бен тексеру керек.
148. Күштің өрнегі: ; мұндағы .
-дің модулін алып, -дің мәні алынады. Бұл жерде таңбаны ұмытпау керек. Енді -тің өрнегі жалпы түрде жазылып, мәні есептелінеді.
Оқу құралын пайдаланудың осы тәсіл проблемалық-бағдарламалау әдісі болып табылады. Оқу құралы ойды жинақтауға, есеп шығаруда басқа жаққа ауытқымауға, есепті шығару жолынан шатыспауға көмектеседі. Есеп шығаруға берілетін нұсқаулықтардың да атқаратын қызметі осы, яғни есеп шығару кезінде көп кездесетін қателердің алдын алу.
Оқу құралдарын аудитроиялық сабақтарда да пайдалануға болады.
Дәріс №25. Студенттердің білімін бағалау. Аралық бақылау. Емтихан алу Жоспар:
1.Бақылау түрлері.
2.Емтихан алуға қойылатын талаптар.
Пәннің қаншалықты меңгерілген және студент пен оқытушы арасындағы байланысты өз дәрежесінде қамтамассыз ету үшін бір ғана семестрлік емтихан жеткіліксіз. Семестр бойына аралық бақылау жұмыстарын алып тұру студенттердің дұрыс түсінбеген жерлерін дер кезінде түсіндіріп, пәннің өз дәрежесінде меңгерілуін қамтамассыз етеді. Осындай бақылау формаларының көп тараған түрі: ағымдағы есепке алу, ағымдағы сұрақ, бақылау жұмысы, коллоквиум, аттестация. Осылардың бірнешеуіне тоқтала кетейік.
Ағымдағы есепке алу-бұл студенттердің күнделікті сабаққа қатысуы, зертхана жұмыстарын жасауы, дәріс сабағындағы материалдарды оқып, оқытушы ұсынған әдебиеттермен жұмыс жасауы, өз бетінше есеп шығаруы,кітапханада жұмыс жасауын есепке алу. Ол әрбір студенттің әрбір орындаған жұмысы туралы ақпарат ала отырып, оның оқытудың нәтижесінің жемісті болуына психологиялық әсер етеді.
Ағымдағы сұрау – материалдың қаншалықты меңгерілгендігін дәріс сабағында, практикалық, семинар, зертхана сабақтарында әрдайым сұрап отыру.
Ағымдағы сұрау ЖОО-да студент пен лектор арасындағы байланысты нығайту мақсатында және студенттердің оқылып жатқан пәнге байланысты тапсырмаларды орындағандықтар білу мақсатында сабақтың бсында не болмаса аортасында жүргізіледі.
Мұнда қойылатын сұрақ тақырыптың ең маңызы мәселелерін қамтуы керек. Мысалы механикада «Ньютон заңын жалпы түрде қалай негіздеуге болады ?», «Ньютон заңдарының қолданылу шекарасы қандай?», «Импульстің, энергияның, жұмыстың және т.б. анықтамасын беріңдер» деген нақты сұрақтар беру керек.
Сабақ барысында студенттер конспектге қарап болса да бұрын айтылған материалды еске түсіруге міндетті. Бұл ғылыми материалдарды жақсы қабылдауға жағдай жасайды.
Бақылау жұмысында барлық студенттер қамтылады және барлық студенттерге қойылатын талап та бірдей болады. Бақылау жұмысында теориялық материал да есеп те қосуға болады.Студенттердің жеке-жеке жұмыс жасауын қамтамассыз ету үшін берілетін бақылау әр нұсқада болғаны дұрыс. Сонымен бірге бақылау жұмысының көмегімен материалдың қаншалықты деңгейде меңгерілгенін көруге болады.
Мысал ретінде механикадан бақылау жұмысының бір нұсқасын көрсете кетейік.
1)Балалар эскалатордың бойымен жүгіріп келеді. Бірінші ретте ол п1=50 баспалдақ, ал екінші ретте сол бағытпен үш есе жылдамдықпен қозғала отырып, п2= 75 баспалдақ жүрді. Қозғалмай тұрған эскалаторда ол неше баспалдақ басқан болар еді.
2) Жіп арқылы блокка ілінген массасы 1 кг жүк х=490t-245(1-е-2t). Жіптің керілуін анықтаңдар.
3)Массасы 2 кг денеге F1=3H және F2=4H күштер сәйкесінше 600 және 1200 бұрыштармен және v0=20 м/с жылдамдықпен әсер етеді. Денеің үдеуін, жылдамдығын және 10 секундтағы орн ауыстыруын табу керек.
Бұл нұсқадағы бірінші есеп санақ басын ажырата білуге берілген болса қалған екі есеп Ньютонның екінші заңының көмегімен шығарылатын есептер.
Бақылау бткеннен соң оқытушы міндетті түрде студенттердің барлығына ортақ және жекелеген қателіктерін ескерт еді. Егер жеке студенттермен жұмыс жасау керек болса қосымша кеңес беруді ұйымдастырады.
Коллоквиум- жекелеген студенттің теориялық материалды қаншалықты меңгергендігін анықтайтын тек бақылауды ғана емес оқытуды да мақсат етеді. Сұраққа жауап беру барысында өткен тақырыптар қайталанып, тереңдетіле түмседі. Коллоквиумда берілетін сұрақтар алдын-ала студенттерге хабарланады.
Мысалы «Тербелістер мен толқындар» тақырыбына ко ллоквиум сұрақтары:
Коллоквиумды топпен қабылдаған дұрыс. Коллоквиум барысында ең алдымен үлгірімі төмендеу студенттер шақырылады. Кейбір үлгірімі өте жоғары студенттер ағымдағы бақылау қорытындысы бойынша коллоквиумнан босатуға болады.
Коллоквиум материалын барлық студенттер тіпті үлгірімі төмен студенттердің де меңгеруін қадағалау керек. Себебі бұл келесі дәріс сабақтарының өз дәрежесінде меңгерілуіне негіз болады.
Аттестация- семестрдің белгілі бір бөлігінде студенттердің жалпылаған білімін бағалау. Бұл ағымдағы бақылаулардың нәтижелерімен қойылады.
Қазіргі кезде кредиттік технологиямен оқытылу барысында аттестация орнына аралық бақылау алынады. Аралық бақылау – бір оқу пәнінің бөлімі (модулі) аяқталғаннан кейін оқушының алған білімінің сапасын бақылау.
Кредиттік жүйемен оқытуда жазбаша (ауызша) түріндегі аралық бақылауды және емтиханды бағалау 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады.