Магистратура


Дәріс сабағы №5. ЖОО-да физиканы оқытудың методологиялық мәселелері



бет11/51
Дата21.10.2023
өлшемі3,57 Mb.
#120270
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Байланысты:
УМКД ЖОО

Дәріс сабағы №5. ЖОО-да физиканы оқытудың методологиялық мәселелері
Жоспары:
1.Физиканың дамуындағы философияның методологиялық рөлі
2. Жалпы физика курсын оқыту процесінде қарастырылатын дүниетанымдық мәселелер.
ЖОО-да оқыту процесі – студенттің кәсіптік білімнің негізі қаланып, ғылыми-дүниетанымдық көзқарасы қалыптасатын күрделі де санқырлы процесс.
Физика ғылымындағы күрделі мәселелерді зерттеуде терең методологиялық тәсіл студенттердің шығармашылықпен ойлана білуіне, ғылыми-техникалық мәселелерді шешуде белсенді болу қабілетін арттыруға, дамытуға жағдай жасайды. Ғылымның методологиясын меңгеру студенттерді ғылыми болжамдарды ұсынуға, ғылыми зерттеулердің бағытын анықтауға, таңдауға тәрбиелейді.
Ғылымның методологиясы ғылыми теорияның көзін ашуға, кейде ғылыми тұжырымның дамуына қарама-қайшы күрделі теорияларды танып-білуге, яғни ғылымның дамуын көрсететін сонымен қатар, студенттердің ғылыми-дүниетанымын қалыптастырады.
Методология- теориялық және практикалық іс-әрекетті құру мен ұйымдастыру әдістері мен принциптерінің жүйесі мен осы жүйе туралы ілім.
Ғылыми-(диалектика) дүниетанымдық принциптер физиканың дамуының ішкі логикасын ашуы керек. Мұнда ғылымның тарихы туралы мәліметтердің маңызы зор.
Физиканың даму және қалыптасу кезеңдерінде философияның методологиялық рөлі ерекше айқын көрінеді.
Сонымен қатар физиканың дамуындағы жетістіктер де өз кезегінде философия ғылымын да байыта отырып, кейбір философиялық ұғымдардың тереңдігі мен кеңеюіне мүмкіндік туғызады.
Физиканың дамуына байланысты кеңістік және уақыт, абсолюттік және салыстырмалылық, себептілік пен заңдылық, қарапайымдылық пен күрделілік сияқты бірқатар философиялық ұғымдарды қайта қарауға әкелді.
Кейбір физикалық құбылыстарды зерттеуге байланысты алғаш қалыптасқан бірқатар физикалық принциптер соңында философиялық сипатқа да ие болды.Мысалы, Бордың атом моделі үшін тағайындаған приципі физиканың басқа да тарауларынан ғана емес, жалпы ғылымда бір теориядан екіншісіне өту формасы түрінде тез-ақ өз орнын тапты. Бұл философиядағы маңызды сұрақтардың бір болып саналатын шындықтың абсолютті және салыстырмалылығы туралы ілімнің одан әрі дамуына тікелей әсер етті.
Осыған орай физиканы оқыту процесінде міндетті түрде сол материалдың дүниетанымдық мәселелерді қамтып отыру қажет. Сонымен қатар философиялық қорытындылар баяндалған материалдардан туындайтын болуы керек.
Жоғарыда айтып өткеніміздей дүниетанымдық принциптердің көмегімен физиканың дамуының ішкі логикасын ашуда ғылымның тарихы туралы мәліметтердің маңызы зор деген болатынбыз. Кейбір маңызды мәселелерді олардың ашылу тарихынан хабардар бола отырып қана түсінуге болады. Физика тарихы шындықты таныу үдерісіндегі күресті ашып көрсетеді. Физика тарихы танымның диалектикасын көруге мүмкіндік береді. Дегенмен, жалпы физика курсында физика тарихының мәселелерін қарастыруға аса көп көңіл бөліне бермейді.
Көбінесе студенттерге физиканың қазіргі кездегі даму деңгейіне жетуде ғалымдардың қалай қол жеткізгенін әрдайым айтып отырудың орайы келе бермейді. Бұл жерде ондай тарихи мәселелерді айтуда дәріс беруші оқытушының уақытының аздығы ғана кедергі келтірмейді. Студенттер көзқарастардың даму тарихын тыңдай отырып, ғалымдардың сол заманда жазған жазбаларының (трактовкаларының) негізделуін түсінбеуі мүмкін. Мұндай жағдайларда жаңа физикалық теорияның туындауына себеп болған тарихи фактлерден мысал келтірудің қажеті де болмайды. Мысалы бөлшектердің толқындық қасиеті туралы мәселені қарастырғанда де Бройль толқынының ұзындығының формуласы табылғаннан соң анықталғанымен электронның дифракиясы бойынша Девисон мен Джермердің тәжірибесі туралы айтылады.
«Физика» мамандығында оқитын студенитерге физика тарихы курсының оқытылуы қажет-ақ. Өкінішке орай соңғы кезде «физика тарихы» пәні міндетті модульдер алынып тасталынған. Дегенмен, іздің Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-де физика мамандығында оқитын студенттер үшін таңдау пәні ретінде ендіріліп, студенттердің сұранысына сай оқытылып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет