13
– Жүректі қалайша тыңдаса болады? Ал, ол қа-
телессе ше,
ата
?
– Қарлығашым-ау,
қалай айтсам екен саған,
қалай айтсам... Е, саған да, маған да Абай
атаң
жүректі жараламаудың, жүрек
айнасын таза ұс-
таудың, оның әрбір лүпіліне құлақ түре білудің
керектігін айтып өткен абыз емес пе? Абайдың
мынадай өлеңі бар,
бұл өлеңді
сендерге жаттат-
тым ба, білмедім:
«
Жүректің көзі ашылса,
Хақтықтың
түсер сәулесі.
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет
кеудесі…».
Көрдің бе? Жүрегіңнің көзін ашу үшін оны
кірлетпеген абзал. Кеудеңдегі жұмыр ет-жү-
регіңді таза ұстасаң, Алладан сәуле түсіп, кеудең
мен ойың хикметке, ақиқат ілімге толады. Сон-
да ғана санаңды сансыратқан сансыз сұраққа
жауап таба білесің. Айналып келіп, Абайша айт-
сақ, «жүрегіңнің түбін көздеп, содан тапқан асыл-
ды тастай көрме», жарығым!
Болды, қабағыңды
аш, жүзіңе қан жүгірсін. Біле білсең, сенің жана-
рыңдағы титтей тамшы жас атаңның алақандай
жүрегін жаралап, жанын жеп тынары сөзсіз. Мен
жадырап жүрсін десең, жабықпа. Жабықсаң, ақ
параққа
жыр етіп, жайып сал, жарығым. Сонда
ойдағы ауыр жүктен бір жеңілдеп қаласың. Ақ
параққа түсер сөздің де киесі бар. Сен жаза бер,
кім біледі, мүмкін, ақын болып ағыларсың, ағы-
ларсың да таныларсың. Сенің де жан дүниеңді
құдіретті бір күш қысастап жатса керек...
15
***
Менің атам – өзі шебер, өзі
ұста.
Өзінің
кішігірім шеберханасы бар. Шеберханасында ше-
ге-балғаның, балта-шоттың шеке-басы шодыра-
йысып, қуатты қолда қуырдақ болмаққа даяр.
Атам білек түргенде-ақ балға да, шеге шеп түзеп,
«Қолыңа мені ал да, мені ал, қожеке» деп, атам-
ның есін шығаратын сияқты. Керегіңе жараймын
деген қайың, емен-теректердің томар кесінділері
тіпті тоқсан тоғыз.
Қолы тигенде атам олардан
оймыштап орындық, үстелдердің неше түрін жа-
сайды. Ауладағы анау әткеншек, атам бізге жүз
қайтара оқып беретін кітаптар тұрған анау сөре,
апам ұстап жүрген анау күлқалақ-көсеу барлығы
да атамның қолынан шыққан.
Мен атамды ерекше жақсы көремін. Ол да мені
жақсы көреді. Атам екеуміз сағаттап әңгіме ай-
тамыз. Атам мен үшін барлығынан артық адам.
Ұстазым да, тірегім де, сырласым да атам. Мұны
кейбір адамдарға айтсам, олар қызық көріп кү-
леді. «Қыз баласы атасына сырын айта ала ма,
өмірдің мәні жайлы, тіршіліктегі қыз баласының
қадыр-қасиеті турасында, оны қойшы, махаббат
жайында атасымен сөйлесе ме?..», – деп. Неге
сөйлеспеске?! Сөйлеседі! Мұның жауабын атам
екеуімізге қарап көруге болады. Атам екеуіміздің
арамызда осындай, атасы немересіне сүйінген,
немересі атасына иінген ерекше байланыс бар.
Мен атамның қызымын! Сондықтан өзгеге айта
алмағанымды атама
ғана
айтамын. Атама айта
алмағанымды ақ парақтың бетіне түсіремін.
16
***
«Қарлығаш»
атымның аян арқылы қойылға-
нын білдіңіздер. Аян демекші, өмірімде көп өз-
герістер аянмен келді. Көрген түстерімді – келе-
шектен келер жақсылықтың аян-белгісі, я бір ал-
дағы қауіптің жолын кесер ескертуі деп білемін.
Әсіресе, он тоғыз жасымда тап болған белгісіз
құбылыстың тағдырыма
алып келген ғажабы
да азабы да көп болды. Алайда, әр кедергінің бір
жақсылығы, әр азаптың бір қайыры болады емес
пе?
Достарыңызбен бөлісу: