2016 жыл, бейсенбі



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата15.03.2017
өлшемі4,94 Mb.
#9760
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

 №10 (1298)  10 наурыз 

 

2016 жыл, бейсенбі



www.z-taraz.kz

 5-бет.

 

„



«Шебердің қолы алтын» дейді атам қазақ. Халқымыздың зор мәдениеті мен өнерін паш 

ететін құндылықтарының бірі - оның қолөнері. Ағаштан ою ойып, темірден түйін түйген, 

жүннен түрлі бұйым жасап, асыл тастармен көмкерілген әшекей-алқалары мақтауға 

тұратын өнер туындысы. Әсіресе, мұндай көздің жауын алатын дүниелер мүмкіндігі шектеулі 

жандардың қолынан шықса, ешкімді бейжай қалдырмасы тағы анық. Қалалық мәдениет 

үйінде өткен жәрмеңкеде он саусағынан өнер тамған еңбексүйгіш жандардың қолөнер 

бұйымдары, аспаздық шеберлігі талайларды тамсандырды. 

Қош болыңдар, ағайын-туыс бәрің де,

Қош болыңдар, жасыңыз да, кәрің де.

Қараңғылық баста тұрмас қашанда,

Бостандықта кездесеміз әлі де...

 

9-бет.



Қ.Рысқұлбеков

50 жыл

Шектеусіз ШебеРлік

Мәскеуден 

жеткен хат

Біз Жамбыл облысы, Тараз 

қаласы жастары мен көне шаһардың 

бас басылымы «Жамбыл- Тараз» 

газеті ұжымына сәлем жолдап 

отырғанымызға қуаныштымыз!

Сіздер қазақ халқының ұлы 

қайраткері, жыр алыбы Жамбыл 

Жабаевтың есімін иеленген тама-

ша облыста өмір сүріп жатырсыз-

дар. Бүгінгі ұрпақ, яғни біздер, 

қара өлеңнен жұртына өшпес мұра 

қалдырған бабамыздың еңбектерін 

танып-біліп қана қоймай, сол рухани 

дүниелерді кейінгі буынның жадына 

сіңіруге тиіспіз.

Жуырда біз сіздерден халық ақыны 

Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 

жыл толуына орай ұйымдастырылған 

әдеби-сазды кешіміз туралы үн 

қатуларыңызды алдық.

Одағымыздың қызметіне, өткізген 

іс-шараларына қызығушылық 

танытқандарыңыз үшін шексіз 

алғысымызды білдіреміз. 

Одақтың басты мақсаты - 

толыққанды азаматтық қоғам құру, 

ұлттық теңдік қағидаттарын негізге 

ала отырып, қазақ халқының тарихы 

мен мәдениетіне зор құрметпен қарау. 

Біз алға қойған мақсаттарымызға 

жету үшін мәдени-ағартушылық,  

зияткерлік, спорттық, тағы да 

басқа түрлі іс-шаралар өткізіп, 

қайырымдылық жұмыстарымен де 

айналысып тұрамыз. 

Қазақ жастары одағының мүшелері 

мен белсенділері сіздермен өзара 

ынтымақтастықты нығайтуды көздейді 

және қазақ жастарының ортақ 

мүддесіне арамызды бөліп жатқан 

мыңдаған шақырым жолдар кедергісін 

тигізбейді деп үміттенеміз.  

 Хатымыздың соңында қалалық 

«Жамбыл-Тараз» газетін 20 жылдық 

мерейтойымен шын жүректен 

құттықтап, редакция ұжымына шалқар 

шабыт, шығармашылық табыстар 

тілейміз. 

Болашақта ортақтаса 

ұйымдастыратын іс-шараларымыз 

бен жетістіктерімізді арқау еткен 

мақалалар басылым бетінде жарық 

көретініне сенім білдіреміз. 



Қазақ жастары одағы, 

Мәскеу қаласы.

  

Аяулысың, АРдАҚтысың…

 

„

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 



Қазақстан халқына арнаған кезекті 

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты 

ахуалда: өсім, реформалар, даму» 

атты Жолдауынан туындайтын 

міндеттерді түсіндіру мақсатында  

облыс әкімдігі жастар саясаты 

мәселелері басқармасының 

Жастар ресурстық орталығының 

ұйымдастырумен  қалалық мәдениет 

үйінде  «Жолдау қуаты - жастар 

ықыласы!» атты облыстық форум өтті. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Елбасымыздың  Қазақстан  халқына  арнаған  кезекті 

Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру мақсатында 

облыстық  Жастар  ресурстық  орталығы  түрлі  сала  маман-

дарынан, белсенді жастардан құралған арнайы автокеруен 

мүшелерін  жасақтап,  ағымдағы  жылдың  17  ақпанында 

аудандарға жолға шыққан болатын. Жуалы ауданынан бастау 

алған автокеруен өңіріміздегі Жамбыл, Сарысу, Талас, Тұрар 

Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу, Мойынқұм, Байзақ ауданда-

рында  болып,  елді  мекендердің  тұрғындарымен  кездесіп, 

жастарға арнайы сала мамандары қатысуымен семинарлар 

ұйымдастырды. 

Өңір жастарының басын қосқан облыстық форумға автоке-

руен мүшелері, үкіметтік емес ұйым көшбасшылары, жоғары 

және орта арнаулы оқу орындарының белсенді студенттері, 

«Еріктілер мектебінің» волонтерлары және аудандық Жастар 

ресурстық орталықтарының директорлары қатысты. Жиынның 

ашылу  салтанатында  сөз  алған  Қазақстан  Республикасы 

Мемлекеттік  қызмет  істері  министрлігі  Жамбыл  облысы 

Жастар Жолдауды насихаттады

 

„

Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «баласағұн» концерт залында облыс 



әкімі кәрім көкірекбаев өңірде әр салада қызмет етіп, ел дамуына елеулі үлес 

қосып, ұрпақ тәрбиелеп отырған аналар мен қыз-келіншектерді  құттықтады.

Қала-Қарбалас



Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Мерекелік шараға жиналған нәзік жандылардың 

сұлулығына сөз жетпейді. Қазақтың қайсар жігіттері 

орталық концерт залының кіреберісінде көктемдей 

құлпырып келген әр аяулы жанға бір-бір гүл ұсынып, 

мерекелерімен  құттықтап  жатты.  Мейірімі  мен 

шапағаты мол салтанатты шараны облыс басшысы 

Кәрім Көкірекбаев ашып берді.

- Халықаралық әйелдер күні біз үшін ерекше 

мереке. Өйткені ана – тіршіліктің бастауы, жалғасы, 

қоғамдағы ізгілік пен құт-берекенің ұйытқысы. 

Ананың жүрегі нәзік болғанымен, рухы мықты. 

Сондықтан да, адамзатқа әлемнің жарығын сыйлаған  

ана алдында бас имейтін адам жоқ. Адамзат тарихында, 

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1298),  10 наурыз 2016 Жыл  //

2

 

„

Қала әкімдігінің мәжіліс залында 

өткен қала аумағында көріктендіру, 

көгеріштендіру және санитарлық тазалық 

жөніндегі көктемгі екі айлық өткізу туралы 

штаб отырысында кестелер бекітілді.

тазалық тәртіппен жүргізіледі

Сейділдә ТӨРЕН

Тараз қаласы әкімінің бірінші орынбасарының міндетін атқарушы 

Жандос Өмірзақовтың төрағалығымен өткен жиынға штаб мүшелері, 

басқарма басшылары, бас инспекторлар, қала әкімдігінің бөлім басшыла-

ры, коммуналдық мекемелердің басшылары, ПИК-тің төрағалары мен үй 

ағалар қатысты. Басқосуда сөз алған Жандос Сәрсенбайұлы жылдағы дәстүр 

бойынша 1 наурыз бен 30 сәуір аралығында қала аумағында көріктендіру, 

көгеріштендіру  және  санитарлық  тазалық  жөніндегі  көктемгі  айлық 

өткізілетіндігін тілге тиек етіп, ұйымдастырылатын сенбіліктерге барлық 

мекемелердің жауапкершілікпен қарауын тапсырды. Шара барысында қала 

әкімінің кеңесшісі Жанболат Таңатаров қала көшелерінің мекемелер мен 

кәсіпорындарға бекітілген кестесімен таныстырып, биылғы жылы қала 

аумағының кеңеюіне байланысты өзгерістердің бар екендігін мәлімдеді. 

Жиында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар 

көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаһардағы арық-атыздарды 

тазарту жұмыстарына әлі кіріспегендігі анықталып, тазалық шараларына 

ертерек тапсырылды.  Сондай-ақ қалалық тұтынушылардың құқығын 

қорғау департаментіне қала көшелерінде заңсыз самса және басқада заттар 

сататын саудагерлермен жұмыс жүргізу жүктелді. Мекемелерге арнайы 

техникаларды бөлу қарастырылды. 

-  Қаламыздағы  әрбір  көшені  қарайтын  болсақ,  мекемелер  мен 

кәсіпкерлік нысандар жетерлік.  Олар да сенбіліктерге атсалысуы керек. 

Биыл сенбілік жүргізу барысында мекемелер мен ұйымдарға қатаң талап 

қойылатын болады. Сондықтан барлығымыз жауапкершілікпен қарайық. 

Бар-жоғы қала аумағында көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық 

тазалық жөніндегі көктемгі айлығының 2 айлығы ғана өтеді. Қалған 

уақыттарда тазалықты қалалық әкімдік өзі атқарады. Сондықтан меке-

мелер мен ұйымдардан өзге әрбір қала тұрғындары да атсалысуы керек. 

Қазіргі таңда қала көшелеріндегі сыртқы жарнамалардан көз сүрініп, көңіл 

көншітерлік жағдайда емес. Осы бағытта жақсылап жұмыс жүргізсеңіздер,- 

деді қала әкімінің орынбасары Маржан Қожаева. 

бойынша  департаменті  басшысының  орынбасары  Нұрлан 

Еркебаев Жолдаудың мән-маңызына тоқталды.

-  Елбасының  Қазақстан  халқына  арнаған  кезекті 

«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, 

даму»  атты  Жолдауы  5  институционалды  реформасының 

жалғасы  десек  те  болады.  Өйткені  5  институционалды 

реформаның біраз  тетіктері  осы Жолдауда  көрініс  тапқан. 

Сондықтан  біздің  департамент  Жолдауды  аудан,  ауыл                                                                                                            

жастарына қосымша мемлекеттік қызмет саласы бойынша 

насихаттауды өздеріне міндет санады. Яғни, айтып отырған 5 

институционалды реформаның 1-ші реформасы мемлекеттік 

қызметті  кәсібилендіру  болғандықтан,  осы  бағытты  әрбір 

жасқа түсіндіруді мақсат еттік және оны орындадық. Себебі 

қазіргі таңда біз осы жылдың басынан бастап «100 нақты 

қадамды»  жүзеге  асырудың  практикалық  кезеңіне  өттік. 

Оның ішінде «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң, «Сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң да бар. Осы тұрғыда 

департамент қызметкерлері барлық аудандарда мемлекеттік 

қызметтегі жаңашылдықтарды түсіндірді,-деді.

Мұнан соң сөз тізгінін алған Жамбыл облысы әкімдігі 

жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар ресурстық 

орталығының директоры Талғат Шайхиев форумның мақсаты 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын және 

Мемлекет  басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың    «Қазақстан  жаңа 

жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму»  атты 

кезекті Жолдауын жастар арасында насихаттауға, сонымен 

қатар аталған даталардың маңыздылығын жеткізу мен Жол-

дауда көрсетілген негізгі мақсаттар мен міндеттерді жүзеге 

асыруға атсалысуға  шақыру  екендігін  жеткізді. Сондай-ақ 

ол Жолдауды аудан жастарына насихаттауға қосқан қомақты 

үлесі  үшін  Тараз  мемлекеттік  педагогикалық  институты 

ректорының  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  Орынқыз                                                                                                                     

Джолдасованы,  Абай  атындағы  Жамбыл  гуманитарлық 

колледжінің  директоры  Айдархан  Биназаровты,  ҚР 

Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Жамбыл облысы бой-

ынша департаментінің бас маманы Берік Бегалиевті, Қазақстан 

тұрғын үй жинақ банкі Жамбыл облысы филиалының бөлім 

басшысы  Бердияр  Құттыбаевты  және  аудандық  Жастар 

ресурстық орталықтарының директорлары мен белсенділік 

танытқан жастарды Алғыс хаттармен марапаттады.  Облыстық 

форум концерттік бағдарламаға ұласты.

Мейірім мен шапағатқа толы мерекелік кеш. 

 Суреттерді түсірген В. Алсуфьев

қазақ халқының арғы-бергі өмірінде ананы шаңырақтың 

ұйытқысына балап, ынтымақ пен ырыстың алтын 

діңгегі деп білген. Ақ жаулықты аналарымыз еріне 

тірек,  ел  бірлігіне  тұтқа  болған.  Ел  басына  күн 

туған замандарда ерлерімізге жігер берген. Нәзіктік 

пен сұлулықтың, адалдық пен адамдықтың өнегелі 

үлгісіне айналған. Ғасырдан-ғасырға жеткен, аты 

аңызға айналған Ұмайдан бастап ежелгі Тұмар, кейінгі 

Домалақ аналарымыз, Айғаным ханша, Дина күйші 

секілді бұтағына жемісі, құшағына досы сыймаған 

қазақ қыздары, қазақ әйелдері қалың жұрттың жүрегінде 

жатталып, тарихтың жадында қалды. Айша бибі, Қыз 

Жібек пен Баян сұлу секілді арулар адал махаббаттың 

мәңгілік үлгісіне айналды. ҰОС жылдарында Әлия 

мен Мәншүктер ерлермен иық теңестіріп, батырлық 

танытып, ерен ерлік көрсетті. Бүгінде біз еліміздің 

жаңа тарихында із қалдырған аналарымыз бен әпке, 

қарындастарымызды мақтанышпен құрметтейміз. Ал-

тын жүрек аналарымыз – еліміздің ең құнды қазынасы 

болып қала бермек. Ұлттың ұлын тәрбиелеп, отбасының 

ынтымағын сақтап, әрбір шаңырақтың шаттығын 

жарастырып отырған аяулы жандарға құрмет көрсету - 

перзенттік парыз. Бүгінде жеткен жетістіктеріміз, алған 

асуларымыз сіздердің арқаларыңызда. Облыс халқының 

елу пайызы әйелдер мен қыздар болса, оның ішінде 20 

мыңға жуығы көп балалы аналар, олардың 8 мың 200-і 

«Алтын алқа» иегерлері, 12 мың 400-і күміс алқалы 

батыр аналарымыз. Сондай-ақ, аймақта мемлекеттік 

қызметкерлердің 45 пайыздан астамы , денсаулық сақтау 

мен білім саласы қызметкерлерінің  85 пайызы әйелдер, 

ал шағын және орта бизнес орындарының 30 пайыздан 

астамын әйелдер басқарып отыр,-деп аймақ басшысы 

экономикалық, аграрлық салада жұмыс жасап жүрген 

аруларды да тілге тиек етті. 

- Облыс тарихында 12 баланы дүниеге әкелген 

байзақтық  Тұрсынкүл Дәулетбаева мен өмірге 3 рет егіз 

әкеліп, 8 ұл-қыз тәрбиелеген Райкүл Рапишева сынды 

бақытты аналарымыз бар. Өңірдің  демографиялық 

өсіміне оң ықпал еткен аналарға үнемі құрмет көрсетуге 

әзірміз. Біздің ортақ арманымыз, бір ғана мақсатымыз 

бар. Ол - ұлағатты ұл, инабатты қыз тәрбиелеу. Бұл істе 

ананың қажыр-қуатын ештеңе алмастыра алмайды. 

Әрбір отбасында ана махаббаты жалындап тұрса, бүкіл 

ұрпақ келісім мен  өркендеудің шуағына бөленетін бола-

ды. Жар сүйіп, ана болған, ұрпаққа пана болған, өсуіміз 

бен өркендеуімізге үлес қосқан аруларымызға қандай 

құрмет көрсетсек те лайық,-деп Кәрім Нәсбекұлы 

өңірімізде Еңбек Ері атанған аналарымыздың өнегелі 

еңбек жолын  жалғап, шығармашылықта, спортта, 

ғылымда, кәсіпкерлікте үлкен табыстарға жетіп жүрген 

нәзік жандыларымыздың есімдерін көпшіліктің ал-

дында жеке-жеке атап өтіп, оларға жетістік пен бақыт 

тіледі. Бұдан әрі ардақты аналар мен аяулы арулардың 

құрметіне ұйымдастырылған мерекелік концерт бастал-

ды. «Алатау» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен 

«Ақ кербез» би ансамблі «Мереке» атты қазақ биімен 

мың бұрала өнер көрсетсе, «Кәусар» вокалды ансамблі 

«Игигай» әнін қосыла шырқап, әуенге шөлеркеп, 

сазды  сағынған  көпшіліктің  көңілін  жылытты.                                           

«…Қасиетім, қорғаным ана, Әніммен де табынам саған» 

деп әр перзенттің жүрегін дүбірлеткен сезімді тербетіп, 

«Даланың ару қызы», «Таразым» әндеріне қосыла күні 

бүгінге дейін аналар мен қыз-келіншектерге арналған 

әуезді әндер шырқалып, кеш қонақтарына мерекелік 

көңіл-күй сыйлады.


Қала-Қарбалас

3

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1298), 10 наурыз 2016 Жыл  //



 

„

Қалалық мәдениет 



үйінде 8 наурыз 

Халықаралық  

әйелдер күніне 

орай Қазақстан 

халқы Ассамблеясы 

Жамбыл облыстық 

хатшылығының 

ұйымдастыруымен 

«Әйелдер жаңа 

әлемде: жаңа 

мүмкіндіктер» атты 

облыстық аналар 

кеңесінің форумы 

өтті. 

тыныштық шырақшысы

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Бүгінде әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық 

салаларында ер азаматтармен қатар еңбекке араласып, өздерінің 

біліктіліктерімен, қабілет-дарындарымен, іскерліктерімен көзге 

түсіп жүр. Әйелдер  мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне лайықты 

үлестерін қосып, еңбек етуде. Сонымен қатар олар халқымыздың 

шаңырағын шайқалтпай, түтініміздің түзу шығуына сеп болып, 

бірлігіміздің нығаюы мен демографиялық өсіміне де үлестерін 

қосып  келеді.  Нәзік  жандылардың  жиынына  этно-мәдени 

орталықтардың төрағалары, этно-мәдени орталықтардың жаны-

нан құрылған Әйелдер кеңесі және қалалық ардагерлер Кеңесінің 

мүшелері қатысты. Басқосуда негізінен әйелдердің қоғамдағы 

атқарар рөлі мен белсенділігі және отбасы, ошақ қасындағы өмірі 

сөз болды. Жиында сөз алып, баяндама жасаған Қазақстан халқы 

Ассамблеясы облыстық хатшылығы Аналар кеңесінің төрағасы                               

Мухаббат  Миражапова  биылғы  жылы  Тәуелсіздігіміздің  25 

жылдығы кең көлемде аталып өтілетіндігін тілге тиек етіп, осы жыл-

дар ішінде еліміздің жеткен жетістіктері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 

сарабдал саясатының нәтижесі екендігін жеткізді. 

- Қазіргі таңда еліміздегі қай саланы алып қарайтын болсақ 

та әйелдердің үлесі артып келеді. «Отан отбасынан басталады» 

деген  сөз  текке  айтылмаған.  Сол  отбасының  негізгі  тұтқасы 

аналардың  қолында.  Болашақ  елдің  азаматтарын  да  аналар 

тәрбиелеп шығарады. Сондықтан аналардың қай заманда болмасын 

қоғамдағы алар орны ерекше. Отбасындағы тәлім-тәрбие, отбасы 

мүшелерінің рөлі, ана мен бала денсаулығы, көп балалы аналар 

мен жағдайы төмен отбасыларына құқықтарын қорғау, мүгедек 

балалар  мен  Ұлы  Отан  соғысы  ардагерлеріне  қайырымдылық 

шараларын жасау сынды мәселелерді шешуде Қазақстан халқы 

Ассамблеясы  облыстық  хатшылығының  аналар  Кеңесі  аянбай 

жұмыстар атқарып келеді. Өткен Ассамблея жылында біршама 

шаралар өткізілді. Мәселен, облыстық аналар форумы, отбасы 

дәстүрлері фестивалі, мемлекеттік тілді насихаттау мақсатындағы 

конкурстар, қайырымдылық шаралары, түрлі бағыттағы кездесулер 

жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бастысы – еліміздегі ұлттар 

мен ұлыстардың бірлігі, қоғамдық және саясаттағы ұлтаралық 

келісім мен бірлік, ұлтаралық толеранттылықты сақтау. Біздің 

Аналар кеңесі осы жолда да өз үлестерін қосып келеді. Иә, әйел-  

отбасының ұйытқысы, ол отбасында ғана емес, жалпы қоғамда 

да  бейбітшілік  пен  тыныштықтың  шырақшысы  саналады.  Біз 

осы жолда нәтижелі жұмыстар атқара беру керекпіз,-деген Му-

хаббат Миражапова жиналған аналар қауымын мерекелерімен 

құттықтады. 

Форум барысында сөз алған  Қазақстан халқы Ассамблея-

сы облыстық хатшылығы төрағасының орынбасары Мухаббат                  

Турдыева, «Вынхуа» дүнген этно-мәдени орталығының төрағасы 

С.Даузова, «Қызыл-Ай» қоғамдық қорының төрағасы Оразкүл 

Тастемірова бүгінгі таңдағы әйелдердің қоғамдағы рөлі, білім 

беру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, бизнес және басқа да 

салалардағы  әйелдердің  әлеуетін  айтып  өтті.  Жиын  соңында 

облысымыздың  қоғамдық  өміріне  белсенді  қатысып  жүрген 

бірқатар азаматшалар марапатталып, форум мерекелік концертпен 

қорытындыланды.  

 

„

көктемнің алғашқы күндері нәзік жандыларды қуаныш пен шаттыққа 



бөлейтін 8 наурыз  Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қала әкімі Нұржан 

календеров 87 жастағы тоқтакүл Арқабаеваны құттықтап қайтты. 

АНАНың бАтАсыН Алды

 

„

тараз қаласының әкімі Нұржан 



календеров   8 наурыз Халықаралық 

әйелдер күніне орай көп балалы 

аналарды, еңбегі еленген ерлердің 

жарларын, сондай-ақ, әрбір салада 

тер төгіп жүрген  бір топ қыз-

келіншектерді марапаттап, сый-

сияпат жасады. 

Жаны нәзік, 

болмысы ізгі жандар

баталы әже.

 Суретті түсірген автор.

Ерман ӘБДИЕВ

Жасы тоқсанға қараған, он ұл-қызынан 

тараған 26 немере мен 27 шөбересінің ардақты 

әжесіне айналған Тоқтакүл Арқабаеваның 

шаңырағында  болған  қала  әкімі  Нұржан 

Сәбитұлы өзінің саналы ғұмырын еңбектің 

қай  түрі  болмасын  бел  шеше  еңбектеніп, 

бүгінде  көпшіліктің  құрметіне  бөленген 

ананың  алғысын  алып  қайтты.  Тоқтакүл 

Сатыбалдықызы  1929  жылы  Әулиеата 

қаласында туған. 1943-47 жылдары Талас 

ауданы,  Үшарал  совхозында  жұмысшы, 

1947-50 жылдары Байзақ ауданы, Жетібай 

ауылында кітапханашы, 1950-70 жылдары 

ауыл шаруашылық саласында жұмысшы, ал 

1970 жылдан зейнетке шыққан 1980 жылға 

дейін Тараз қаласындағы ПОШ фабрика-

сында жүн сорттаушы болып еңбек еткен.

-    Біз  небір  қиындықты  көрдік. 

Еліміздің  болашағы  үшін  күндіз-түні 

тынбай еңбек еттік. Қай жұмыс болмасын 

ауыр  немесе  жеңіл  деп  бөлмедік.  Сон-

дай  тынымсыз  еңбектің  арқасында  ұл-

қыздарымызға жоғары білім бердік. Бүгінде 

балаларым әр салада еңбек етіп жүр. Тіпті, 

балаларымның  алды  зейнетке  шығып, 

өздерінің немерелерінің қызығын қызықтап 

отырған жайы бар. Біз осындай тамаша за-

ман болатынына сендік,  - деген Тоқтакүл 

ана қала әкімі Нұржан Сәбитұлына алдағы 

саяси науқанның жоғары деңгейде өтетініне 

сенім  білдірді.  Елімізде  болып  жатқан 

жаңалықтардан хабардар болып отыратын 

ананың тілегі шынайы, таза. Ал Тоқтакүл 

ананың үлкен ұлы Орынбасар аға Нұржан 

Сәбитұлына өздері Майкөт ақынның тікелей 

ұрпақтары екенін тілге тиек етіп, әулет та-

рихымен таныстырды.



Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Көктемнің  көрікті  күндеріндей  жаны  нәзік,  бол-

мысы  ізгі  жандардың  мейрамында  қала  басшысы 

қыз-келіншектерге, ақ жаулықты аналарға, барша нәзік 

жандарға алғысын, шынайы тілектестігін білдірді. Әйел-                                                                                                        

жанұя ұйытқысы, отбасының шамшырағы ғана емес, со-

нымен қатар,  барлық салада маңызды рөл атқаратынын 

баса айтты.   

Қала әкімінің құттықтауына ие болғандардың ара-

сында  полиция  қызметкерлерінің  жесірлері  -  Халық 

қаһарманы Ғазиз Байтасовтың әйелі Гүлжан Тәжиева, 

Жақсыбек Байсеитовтің әйелі Дамира Сметілда, Полат 

Аянқұловтың әйелі Миасар Юсуповалар бар. Сондай-

ақ, көп балалы аналар, ұстаздар, медицина саласының 

қызметкерлері, әскери қызметкерлер,  өндіріс саласы, 

«Жасыл Тараз» ЖШС-нің қызметкерлері болды. 

- 12  бала тәрбиелеп өсірдім. 25 шөберем бар.  Соғыс 

өрті тұтанып, ерте жасымыздан еңбекке араластық.  Енді 

міне  бейбіт  күннің  құшағында,  татулықтың  жемісін 

көріп жатырмыз.  Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 

барша аналардың отбасы аман, ошағы бүтін болсын. 

Нәзік жандылардың қоғамдағы орнының маңызына мән 

беріп, елеп-ескеріп, сый-құрмет көрсеткен басшылыққа 

алғысым шексіз, -  деді көп балалы ана Күлсін Сапар-

бекова.

Әйелдер  қауымының  төл  мерекесі  құрметіне 



арналған салтанатты жиын соңында еңбегі еленген нәзік 

жандарға гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс 

етілді.  Мерекелік  көңіл-күйді  екі  еселеген  қалалық 

өнерпаздар  Ана туралы ән шырқап, жиналғандардың 

қошеметіне бөленді.

аналар қоғамдық жұмыста белсенді. 

 Суретті түсірген В. Алсуфьев


4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №10 (1298), 10 наурыз 2016 Жыл  //




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет