Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 Талшықты жайғақтарды қалыптастырудың механикалық



Pdf көрінісі
бет114/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   150
 
4.3.1. Талшықты жайғақтарды қалыптастырудың механикалық 
ә
дісі 
 
Талшықты  жайғақты  қалыптастырудың  механикалық  әдісінің 
бастапқы негізі - кардты тарам болып табылады. 
Талшықтары  бағытпен  орналасқан  кардты  тарамдарға  қарапайым 
тарау  машиналары  қолданылады:  қалпақшалы,  білікшелі  және  гарнет-
машиналар. 
Тарау  машиналары  талшықты  материалдарды  жақсы  қопсытады 
және тарайды. 
Қайта өңделетін талшықтардың табиғатына байланысты, құрылымы  
және  технологиялық  процестерінің  сипаттамасы  бойынша  әртүрлі  тарау 
машиналары қолданылады: 
 -  мақта  талшықтарына,  вискозалы  штапельді  талшықтарға  және 
олардың қоспасына – қалпақшалы тарау машиналары; 
 -  жүн  және  жартылай  жүнді  қоспаларға  –  бір  немесе  екітарамды 
білікті тарау машиналары; 
 - қоспадағы талшықтарды араластыру үшін және қарқынды қопсыту 
үшін,  оларда  қалдықтар  көп  болған  жағдайда  –  екі,  үш  ауысымды  тарау 
машиналары қолданылады
 -  химиялық  талшықтарға  және  олардың  қоспаларына  –  жұмыс 
бөлшектері  тұтас  металды  ара  тісті  таспамен  тартылған  білікшелі  тарау 
машиналары қолданылады. 
Талшықтардың  орналасуына  байланысты  беймата  материалдар 
өндірісінде  талшықты жайғақтардың келесі түрлері қолданылады: 
1) талшықтары бойлық бағытпен орналасқан 
2) талшықтары көлденең бағытпен орналасқан 
3) талшықтары бойлық-көлденең бағытпен орналасқан. 
Талшықтары  бойлық  бағытпен  орналасқан  талшықты  жайғақтарды, 
бір  немесе  бірнеше    тәртіппен  орнатылған  тарау  машиналарында  алуға 
болады. 


126 
 
Бір  тарау  машинасын  қолданған  кезде,  жайғақ,  «мақталы» 
барабанның  немесе  «мақталы»  -  рама  жайғақ  қалыптастырғыш 
аппаратының көмегімен жасалады. 
«Мақталы» барабанда талшықты жайғақтар қалыптасқан кезде мақта 
қабаттары, оның салмағына байланысты қажетті қосулардан тұрады. Егер 
біртекті  мақталардың  салмағы  20  г/м  болса,  онда  барабанның  екі 
айналымында 40 г/м, үш айналымында – 60 г/м болады. 
Бірақ біздің жағдайда жайғақтың ұзындығы «мақталы» барабанның 
периметрімен алдын-ала анықталынып қойған. Егер 
м
d
1
max

 болса, онда 
жайғақтың  ұзындығы 
м
14
,
3
14
,
3
1
1




  болады.  «Мақталы»  барабанда 
алынған  жайғақты  киім,  медициналық  мақта  немесе  үйісу  әдісімен 
алынатын  беймата  материалдарын  өндіруге  ғана  жарамды  болып 
табылады.  Оның  негізгі  кемшіліктерінің  бірі  –  жайғақтың  үлкен  емес 
ұзындығы. 
Үлкен  ұзындықтағы  талшықты  жайғақтарды  алу  үшін  қосарланған 
«мақталы» барабандар қолданылады. 
Ұзындығы 20-дан 60 м-ге дейінгі талшықты жайғақтарды алу үшін, 
горизонтальды және вертикальды «мақталы» рамалар қолданылады. 
Беймата  материалдары  өндірісінің  үнемділігі  процестің  үзіліссіз 
жүруіне байланысты болғандықтан, талшықты жайғақты үзіліссіз ағынмен 
алуға  тырысады.  Осы  мақсат  үшін,  тарау  машиналарының  тізбектелініп 
орналасуын қолданады. 
Талшықтары  бойлық  бағытпен  орналасқан  талшықтың  қалыптасуы 
кезінде. өте аз салмақты  - 3÷16 г/м
2
 мақтаны алуға болады. 
Талшықтары  бойлық  бағытпен  орналасқан  жайғақтардан  беймата 
материалдарын  алу  үшін  сызықтық  тығыздығы  әртүрлі    (N
M
=450÷6000) 
талшықтар  қолданылады.  Дөрекі  талшықтар  өнімінің  үлкен  тегіссіздігін 
туғызады,  бірақ  мақтаның  ауа  өткізгіштік  қабілеті  дөрекі  талшықтарда 
жоғары болады.  
 Талшықтары көлденең бағытта орналасқан талшықты жайғақтарды, 
90
0
  жақын  бұрышқа  тарамдалған  мақтаның  төселу  бағытын  өзгерту 
арқылы алады. 
Төсеу  бұрышы,  талшықты  жайғақтағы  тарамдалған  талшықтың 
салыну санына байланысты болып келеді. 
Талшықтары көлденең бағытта орналасқан жайғақтарды бір немесе 
бір-біріне  параллель  орнатылған  бірнеше  тарау  машиналарында  алуға 
болады. 
Тарамдалған  мақтаны  төсеу,  үш  түрлі  тарам  жасағыштар  арқылы 
жүзеге асырылады. Олар: бламир-аппарат, маятникті төсейтін құрылғылар 
және көлденең түрдегі тарамды қайта жасағыштар. 


127 
 
Бламир-аппаратта ұзындығы 20 м жайғақ өндіріледі. Сондықтан оны 
беймата  жаймаларын  дайындаудың  үзіліссіз  әдісінде  қолданылады. 
Сонымен  қатар,  бламир-аппарат  өндіріс  ауданын  көп  қажет  етеді.  Бұл 
көптеген фабрикаларда екі кардты машиналарды бір-біріне қарама-қарсы 
қойып,  олардан  шыққан  тарамдарды  бір  құрылғыда  талшықты  жайғақта 
қалыптастыруды ойластырды.  
Мұндай жағдайда бламир-аппаратты қолдану тиімді. Бұл талшықты 
жайғақты шығару жылдамдығын екі есеге арттырады. 
Құрал-жабдықтардың  былай  орналасуы  өндіріс  ауданын  үнемдейді 
және қызмет көрсету шығындарын төмендетеді. 
Талшықтары 
көлденең 
бағытта 
орналасқан 
жайғақтарды 
механикалық әдіспен беймата материалдарын дайындау үшін қолданады. 
Талшықтары  бойлық-көлденең  бағытта  орналасқан  талшықтарды 
алу әдісін аралас әдіс деп атайды және онда алғашқы екі әдіс те болады. 
Осы  әдіспен  алынатын  талшықты  жайғақтар  мынандай  жолмен 
алынады. Бірнеше тарау машиналарынан өндірілген талшықтары бойлық 
бағыттағы  тарамға,  талшықтары  көлденең  бағытта  орналаксқан  талшық           
қабаты төселеді. Осы мақсатпен тарау машиналарын аралас орналастыру 
жүзеге  асырылады.  Талшықтары  бойлық  бағытта  орналасқан  талшықты 
жайғақтарды  алу  үшін,  тізбектелініп  орналасқан  бірнеше  машиналардың 
біреуін немесе бірнешеуін жүк тасушыға перпендикуляр орнатады. 
Аралас  әдіспен  алынған  талшықты  жайғақтар    беймата 
материалдарын  желімді,  тоқып-тігу,  инемен  тесу  және  киіз  әдістерімен 
өндірген кезде қолданады. 
Талшықтары  бойлық-көлденең  бағытта  орналасқан  талшықты 
жайғақтарды алудың артықшылықтарына мыналар жатады: 
1)  бойлық  және  көлденең  бағытта  жайғақтардың  үлкен  және  тегіс 
төзімділігі; 
2)  алғашқы  екі  әдіспен  алынған  жайғақтарға  қарағанда 
созылғыштығы және тұрақтылығы жоғары болып келеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет