Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 Талшықты қалыптастырудың гидродинамикалық әдісі



Pdf көрінісі
бет116/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   150
4.3.3. Талшықты қалыптастырудың гидродинамикалық әдісі 
 
Жайғақтарды  қалыптастырудың  гидродинамикалық  әдісі,  қағаз 
өндірісінің  машиналарында,  сонымен  қатар,  осы  мақсатқа  арналған 
арнайы машиналарда жүзеге асырылады. 
Қағаз түріндегі материалдар көбінесе қысқа талшықтардан (2÷7 мм) 
дайындалады, сондықтан олардың төзіміділігі нашар болып келеді. 
Материалдарға  созылуға  үлкен  кедергі  беру  үшін,  оларды  ішкі 
каркаспен  немесе  сыртындағы  тор  көзбен  дайындайды.  Каркас  ретінде 
бойлық  және көлденең бағыттағы  вискозалы,  ацетатты  немесе  найлонды 
комплексті жіптер қолданылады. 
Гидродинамикалық  әдіспен  беймата  материалдарын  қарапайым 
қағаз  жасайтын  машиналарда  дайындаған  кезде,  машинаның  өнімділігі, 
жайғақтың ені 2450 мм болса,  400 м/мин-қа жетеді. 
Беймата  материалдарын  дайындаудың  гидродинамикалық  әдісі 
келесі  операциялардан  тұрады:  талшықтардың  сулы  суспензиясын 
дайындау,  талшықтың  суспензияларын  араластыру,  қағаз  жасайтын 
машинаның  тор  көзінде  материал  жаймасының  жасалуы,  сусыздандыру, 
материалды кептіру және ыстық пресстеу. 
Қағаз жасайтын өндіріске арналған құрал-жабдықта ылғалды әдіспен 
талшықты жайғақты қалыптастыру ерекшеліктеріне мыналар жатады: 
-  құрал-жабдықтың жоғарғы өнімділігі, қағаз өндірісіндегідей (400 
м/мин дейін); 
-  шикізатты  тиеуден  бастап,  дайын  материал  рулонын  алғанға 
дейінгі өндірістің  барлық процестері, қағаз жасау технологиясы 
бойынша  беймата  материалдарды  алуға  арналған  дайындау 
мүмкінідіктері үзіліссіз жүзеге асырылады; 
-  салмағы  17  г/м
2
  және  үлкен  тегіссіздігі  (4  %  дейін)  және  үлкен 
тығыздықтағы өте жіңішке материалдарды алу мүмкіндіктері. 
Арнайы    құрастырылған  машиналарда,  тарау  машиналарында 
алдын-ала  таралған  талшықтардың  қабаттарынан  талшықты  жайғақтар 
алынады.  
Гидродинамикалық  әдіспен  талшықты  жайғақтарды  арнайы 
құрастырылған  машиналарда  алу,  талшықтары  астан-кестен  орналасқан 
талшықты  қабатты  қалыптастыруды  да  қарастырады.  Сенди  Хилл 
Корпорейшн    фирмасы,  гидродинамикалық  әдіспен  талшықты  жайғақ 
өндірісіне арналған Ротоформер машинасын өңдеп шығарды.  
Ротоформер  машинасының  артықшылығы,  үлкен  ұзындық 
диапазонын және әртүрлі талшықтар түрлерін қолдануға мүмкіндік береді. 


130 
 
Ротоформер  машинасында  ені  700-4000  мм,  массасы    90-730  г/м
2

шығару  жылдамдығы  160-180  м/мин  кезінде  беймата  материалдарын 
өндіруге болады. 
Гидродинамикалық  әдістердің  кемшіліктеріне  мыналар  жатады: 
сұйықтықтың  булануына  арналған  жылу  энергиясының  және  су 
шығынының  көптігі;  тек  қысқа  талшықтарды  қайта  өңдеу  мүмкіншілігі; 
бұл  әдістің  тек  желімді  әдіспен  беймата  материалдарын  алуға  арналған 
материалдарға қолдануы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет