Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 Малимо машинасындағы ілмекқалыптастыру



Pdf көрінісі
бет132/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   150
4.9. Малимо машинасындағы ілмекқалыптастыру 
бөлшектері және ілмекқалыптастыру процестері 
 
Малимо  машинасының  iлмекқалыптастыру  бөлшектері 
мынандай негiзгi инелi бөлшектерден тұрады: қозғалмалы (құбырлы) 
инелер1,  (44-сурет),  қозғалтқыштар  2,  тiгу  жiптерiне  арналған 
көзшелер  3,  тойтарма  платиналар  4,  дөңгелектердi  6  ұстап  тұратын 
штифттер 5.  
ВП  тоқып-тiгу  машинасымен  салыстырғанда  Малимо-1600 
машинасындағы  инешек  механизмдерi  горизонталь  орналасқан  және 
горизонталь  жазықтықта  жұмыс  iстейдi.  Ол  метал  дөңгелектерден  7 
тұрады, оған қозғалмалы инелері бар 1 пластинкалар бекітілген.  
Металл  дөңгелектерiнде  7  нөлдiк  белгi    болады,  белгіден 
бастап, екi жағында да 32 пластинкадан орнатылған.  
Қозғалтқыштары  бар  пластинкалар,  инешек  дөңгелегiнiң  6 
үстiнде орналасатын металл дөңгелектерге 8 бекiтiлген. 
Мұндай  жағдайда  қозғалтқыштар  2,  құбырлы  инелердiң  1 
горизонтальды қалпында болады. 
Малимо,    Маливатт,  Малиполь  машиналары  жабдықталатын 
құбырлы инелердiң мынандай ерекшелiктерi бар: 
-  иненің ашық саңылаудың болуы, мұнда қозғалтқыш иненiң 
саңылауына  кiргiзiлген  және  iлмекқалыптастыру  процесiне  кедергi 
жасамайды; 
-  Арахне  машинасындағыдай    құбырлы  инелер  және 
қозғалтқыштар қорғасын пластиналарына, мұнда құйылған инелердiң 
саны  машинаның  класына  сәйкес  келедi  (ВП  машинасында  бiр 


152 
 
пластинаға  екi  инеден  құяды).  Көзше  инелер  9  қозғалыссыз  болады 
және тiгу механизмiне негiз жiптердi 10 бағыттау қызметiн көрсетедi.  
Көзшелi  инелердің  9  формасы,    көзшелерге  3  ұқсас  болып  келедi, 
бiрақ өлшемдерi бойынша, олар бiрнеше есе үлкен. 
Тойтарма  платиналар  4  қозғалмалы  инелермен  жасалынған 
iлмектердi түсiруге арналған. Ұстап қалатын штифттер 9, қозғалмалы 
инелерде негiз және арқау жiптердiң қозғалуына кедергi жасайды. Бұл 
–  қозғалмалы  инелермен  түйреу  процесiн  жеңiлдетедi.  Тойтарма 
платиналар  және  штифттер  арасындағы,  бiр-бiрiне  төселген  арқау 
және  негiз  жiптер  өтетiн    саңылау  беттiк  тығыздығына  байланысты 
болып келедi. Ұстап тұратын дөңгелек 6 қозғалмайтын штифттердiң 5 
ауытқуын шектейдi. 
Малимо машинасындағы ілмекқалыптастыру процестері. 
Екі жіп жүйесін (негіз және арқау), үшінші жіп жүйесімен тігу 
процестері, жайғақтігу машиналарындағы жайғақтігу процесіне ұқсас 
болып келеді. 
Ілмекқалыптастырудың толық циклы төрт негізгі кезеңдерден 
тұрады.  
I  кезең.  Қозғалмалы  инелер1  тойтарма  платиналарының  2 
арасынан  өтіп,  негізгі  және  арқау  жіптерінің  үзіліссіз  ағынын 
түйрейді. 
Мұнда  қозғалмалы  инелердің  ілгектері  ашық  болады  және 
ондағы  бұрынғы  қатардың  ілмектері  иненің  негізі  бойынша  артқа 
қарай  жылжиды  (45,а-сурет).  Жіптердің  үзіліссіз  ағыны  бірнеше 
уақыт  бойынша  үйкеліс  нәтижесінде  иненің  артынан  жүреді  және 
ұстап  қалатын  штифттерді  3  ауытқиды.  Қозғалтқыштар  5  алдыға 
қарай  жылжиды.  Тігу  жіптеріне  арналған  көзшелі  инелер  6  жіптерді 
солға  қарай  төсеген  кезде  соңғы  немесе  шекті  жоғарғы  қалыпта 
болады. 
II  кезең.  Қозғалмалы  инелер  соңғы  алдыңғы  жағдайға  жетеді. 
Бұрынғы  қатардың  7  ілмектері  (45,б-сурет)  қозғалмалы  иненің 
негізінде ілініп тұрады. Қозғалтқыштар алдыға қарай жылжиды, одан 
кейін  қозғалмалы  иненің  саңылауынан  шықпай  тұрып  қалады. 
Қозғалмалы  инелер  соңғы  алдыңғы  жағдайда  тоқтайды.  Бұл  кезде 
көзшелі  инелердің  оңнан  солға  қарай  қозғалуында,  қозғалмалы 
инелердің ілгектеріне тігу жіптер 8 төселеді. 
III кезең. Қозғалмалы инелер қозғалтқыштарымен артқа қарай 
жылжиды.  Ал  қозғалтқыштардың  кері  қарай  қозғалысы  инелердің 
қозғалысына  қарағанда  баяу  жүреді.  Жіп  ағыны  өткен  кезде 
қозғалмалы  инелердің  ілгектері  қозғалтқыштар  арқылы  жабылады. 
Тігу  жіптер  ағыны  және  ұстап  тұрғыш  штифттер  артқа  қарай 


153 
 
жылжиды. Көзшелі инелер  соңғы төменгі қалыпта болады және осы 
кезеңнің соңында солдан оңға қарай жылжи бастайды. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет