Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 Малимо машинасын жетілдіру. Жайма ақаулары және



Pdf көрінісі
бет134/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   150
4.10. Малимо машинасын жетілдіру. Жайма ақаулары және 
олардың пайда болу себептері 
 
Малимо  машинасын  жетілдіру  -  өнімділікті  жоғарылату, 
машинаның  жұмыс  енін  үлкейту  және  машинаның  класын 
жоғарылату жолы бойынша жүреді. 
14010  модельді  құрылымы  жақсартылған  Малимо  машинасы. 
Малимо  тоқып-тігу  машинасын  жетілдірудің  алғашқы  қадамы 
өндіріске 14010 модельді машинасын енгізу  болып табылады. 
Бұл  үлгідегі  машинаның  жылдамдығын  жоғарылату  үшін, 
инешекті  қозғалысқа  келтіретін  жаңа  жетек  құрастырылған.  Инешек 
негізгі  біліктен  қозғалыс  алады,  яғни  шатундар  арқылы  инешекке 
қозғалыс  беретін  эксцентриктер  бекітілген  берілісті  білік  негізгі 
біліктен қозғалады. Эксцентриктің орналасуын өзгерту (яғни, оларды 
негізгі  біліктен  берілісті  білікке  ауыстыру)  олардың  көлемін 
кішірейтуге  мүмкіндік  береді,  осыған  байланысты  минутына  1500 
дейін тігу жылдамдығы да жоғарылады. 
Машинаның  өзгертілген  негізгі  жетегі  негізгі  біліктің 
жылдамдығын  500-ден  1500  дейін  айн/мин  сатысыз  реттеуді 
қамтамасыз  етеді,  бұл  –  иірімжіптің  жеке  түріне  және  жайма 
артикулына  байланысты қолайлы жылдамдықты орнатуға мүмкіндік 
береді. 
14010  модельді  Малимо  машинасы  үш  номинальды  енмен 
шығарылады – 1000, 1600 және 2400 мм. Машинаның жұмысшы ені 
текпешектермен  25  мм-ге  төмендетілуі  мүмкін.  Малимо-1000  
машинаның ең төменгі ені 500 мм құрайды. 
Малимо  машинасы  төменгі  класты  да  (3-3,5-4-5-6-7-8) 
шығарылуы  мүмкін.  Тігістерінің  ұзын  еместігі  жоғарғы  класты 
машинада  қолданылады.  Тігістің  ұзындығын  5,5  мм-ге  дейін,  сирек 
кездесетін жайманы алу үшін жоғарылатуға болады. 
10,12,14  класты  машиналарда  орташа  инелер  қолданылады,  18 
класты машиналарда – жіңішке инелер, ал 22 класты машиналарда  - 
өте жіңішке инелер қолданылады. 
Өте тығыз және өте жұқа материал алу үшін, 22 класты Малимо 
машинасы  құрастырылды.  Машинаның  жұмыс  істеу  принципі  18 
класты  машинаға  ұқсас  болып  келеді,  бірақ  жеке  торап 
құрылғыларына және бөлшектеріне бірнеше өзгертулер енгізілген. 


155 
 
                 
 
50-сурет. Малимо машинасында ілмекқалыптастырудың негізгі кезеңдері


156 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет