16-кесте.
14010
модельді
Малимо
машинасының
техникалық сипаттамасы
Көрсеткіштері
Малимо-
1000
Малимо-
1600
Малимо
-
2400
Жұмысшы ені, мм
1000
1600
2400
Класс
(25
мм-дегі
инелер саны)
10-12-14
18-22
10-12-14
Тігістің ұзындығы, мм 1,28-3,2
0,92-2,2
0,56-1,54
0,92
Құбырлы
инелердің
түрлері
орташа
Жіңішке,
өте жіңішке
орташа
Өрімнің түрі
Трико немесе тізбекше
Тігу
жылдамдығы,
тігіс/мин
500-1500 (сатысыз реттеу)
500-ден 1000
дейін
Электрқозғағыш қуаты,
кВт
4,5
4,5
6,0
Машинаның пайдалы
уақыт коэффициенті
0,85 дейін
0,8 дейін
0,75 дейін
Габаритті өлшемдері,
мм
ұзындығы
ені
биіктігі
5385
4860
2435
5385
6130
2435
5385
6980
2435
Салмағы, кг
4100
5420
7140
18 класты Малимо машинасына 0,9х1,5 көлденең қимасы бар
тек тік қозғалмалы инелер қолданылады. Ал егер мұндай инелерді 22
класты машинаға қолданатын болсақ, онда ілмекқалыптастыру
бөлшектерінің нақты және тұрақты жұмысы қамтамасыз етілмейді.
Сондықтан, 22 класты машиналарға жаңа иілмелі инелер
шығарылған. 0,52х1,28 көлденең қималы жаңа қозғалмалы инелерді
0,52х0,98 мм-ге төмендетуге болады.
22 класты Малимо машинасында өте жіңішке арқау жіптері
және үлкен тығыздықтар қолданылады. Өйткені мұнда каретканың
бөлінуі де өзгертілген. Егер бұл машинада визкозалы және
полиэфирлі жіптерді тігу жіптерін негізінде қолданылатын болсақ,
бұл 1500 айн/мин жылдамдықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 22
класты Малимо машинасында өте жіңішке құрылымды материал
алуға болады.
157
Малимо -2400 машинасы. Арқау жіптерін төсеуге арналған
каретка жетегіндегі жаңа беріліс машинаның жұмысшы енін 1600 мм-
ден 2400 мм-ге дейін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Машинадағы
тігістің минимальды ұзындығы – 0,92 мм, машинаның негізгі білігінің
ең жоғарғы жылдамдығы – 1000 айн/мин.
Малимо-2400 машинасын техникалық белгілеудегі беймата
жаймаларын дайындауда қолданады.
Малимо машинасын жетілдіру процесінде арқау жіптерге
арналған жаңа қиыстырылған көзшелі инелер құрастырылды. Бұл
иненің артықшылығы негізгі жіптерді ілмекқалыптастыру орнына
жақындатқан кезде осы жіптердің сырғып кетуін 60%-ға төмендетеді.
Малимо-Поль машинасы (Шусполь). Түкті беймата
жаймаларын шығару үшін, арқау түктерінің жасалуына арналған
құрылғысы
бар
Малимо
машинасының
ә
ртүрлі
түрлері
құрастырылды. Мұнда машиналар Малимо-Поль деп аталады.
40% түкті иірімжіптері ішкі жағында болатын Малиполь
жаймаларынан жаңа әдіспен алынған материалдың айырмашылығы,
мұнда түкті иірімжіптер сырт жағында болады. Бұл процестің үлкен
бір ерекшелігі - грунтты негізгі жіптердің жасалуы және түкті
ілмектердің қалыптасуының бір уақытта жүруі.
14010 модельді қарапайым Малимо машинасынан Малимо-Поль
машиналарының айырмашылығы, мұнда штифттер түкті ілмектің
жасалуына арналған платиналармен алмастырылған. Машина көзшелі
инелері бар екі тарақшалармен жабдықталған. Ұстап тұратын
дөңгелек және негізгі жіптерге арналған көзшелі инелер машинада
болмайды. Басқа ілмекқалыптастыру бөлшектері қарапайым Малимо
машинасындағыдай болады.
Малимо-Поль машинасында тізбекше өрімі қолданылады.
Машина 500-600 айн/мин жылдамдығымен жұмыс істейді.
Машинаның өнімділігі 60-100 м/сағ құрайды. Тігістің ұзындығы –
1,25-4 мм-ге тең. Түкті платиналардың биіктігі – 1,7 мм. Машинаның
класы – 7. түкті беймата жаймаларын өндіру үшін жүн, химиялық
талшықтар және олардың қоспаларынан алынатын жіптер
қолданылады. Иірімжіптің ұсынылатын сызықтық тығыздығы: түкті
жіптерге – 83,4 текс, тігілетін жіптерге – 125 текс, арқау жіптерге –
28,6-25 текс. Ассортимент: астарлы беймата жаймалары және
кілемдер.
Кілемдерді шығару кезінде машина – 500 айн/мин
жылдамдығымен жұмыс естейді, тігістің ұзындығы – 3 мм.
Машинаның өнімділігі – 45 м/сағ.
158
Мали технологиясын жетілдірудің нәтижесі - екі жағында да
түкті ілмектері бар жайманы тоқып-тігу машиналарында өндіру әдісі
болып табылады. Мұндай жаймалар сүлгі, шомылғаннан кейін киетін
халаттар дайындауда қолданылады.
Жаймадағы ақауларға келетін болсақ, олар көбінесе иірімжіптің
нашар дайындалғанынан және машинаның тұрып қалуынан болады.
Малимо машинасындағы материал ақауларының себептері:
- тігу жіптердің үзілуі;
- негізгі жіптердің үзілуі;
- арқау жіптерінің үзілуі:
- ілмектердің түсірілуі;
- қозғалмалы инелердің бұзылуы;
- қозғалтқыштардың бұзылуы;
- тігу жіптерге арналған инелердің сынуы және бұзылуы;
- тойтарма платиналардың бұзылуы;
- арқау жіптерге арналған инелердің бұзылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |