Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-кесте. Мақтаны иірудің  тарақты  жүйесі



Pdf көрінісі
бет14/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

 
2-кесте. Мақтаны иірудің  тарақты  жүйесі 
 
Кезең 
 
Құрал-жабдық  (процесс) 
Иіруге 
талшықтар
ды 
дайындау 
 
 
 
 
 
 
Алдын-ала 
иіру  
Иіру 
1.  Қопсытып-тазалау  агрегаты  (қопсыту,  тазалау, 
талшықтарды араластыру) 
2. Қалпақшалы тарау машинасы (негізгі – кардты тарау) 
3. Таспалы машина – бірінші ауысым (созу, қабаттау) 
4. Таспалы машина – екінші ауысым  (созу, қабаттау) 
5. Тарақты тарау машинасы (тарақты тарау, қабаттау) 
6. Таспалы машина – бірінші ауысым (созу, қабаттау) 
7. Таспалы машина – екінші ауысым (созу, қабаттау) 
 
8. Созба машинасы (созу, ширату, орау) 
 
9. Сақиналы иіру машинасы (созу, ширату, орау) 
 
Өнеркәсіптің  ішіндегі  мақта  саласының  негізгі  тапсырмасы  – 
шикізатты  үнемдеу,  төменгі  сортты  мақта  талшықтарын  тиімді  қайта 
өңдеу және иірім қалдықтарын қайтадан пайдалану болып табылады. 
Тарақты  және  кардты  иіру  жүйесінде  мақта  талшықтарын  қайта 
өңдеген  кезде  қалдықтар    (әртүрлі  кәсіпорындарда  7-30  %  дейін)  пайда 
болады.  Қалдықтың  ең  көп  мөлшері,  төменгі  сызықтық  тығыздықтағы 
тарақты  иірімжіптерді  және  жіптерді  өндіретін  кәсіпорындарда  болады, 
мұнда иірім қалдықтары оның жалпы көлемінен 80-90% құрайды. Төменгі 
сортты мақта талшығын қайта өңдейтін кәсіпорындарда иірілмейтін және 
қайтымсыз қалдықтар (олардың жалпы көлемінен 35-55% ) шығады. 


14 
 
Қалдықтардың  физика-механикалық  қасиеттеріне  және  қолдану 
облыстарына байланысты оларды алты топқа бөледі. Бірінші және екінші 
топты   -  иірім  қалдықтары, үшінші топты  –  мақта  қалдықтары, төртінші 
топты  –  төменгі  сортты,  бесінші  топты  –  сүрткілер,  яғни  сүртетін 
шүберектер, алтыншы топты – қолөнер қалдықтары құрайды. 
Төменгі  сортты  мақта  талшықтарын  қарапайым    сорттауға  қосуға 
болмайды,  оларды  үлкен  сызықтық  тығыздықтағы  (83,3-333  текс) 
иірімжіп  өндірісіндегі  иірім  қалдықтарының  қоспасымен  тиімді 
пайдалануға болады. 
Көрсетілген  иірімжіп  маталардың  мынандай  ассортименттеріне 
ұсынылады:  жиһаз,  тенттерге  арналған  маталарға,  костюмді,  жеңдерге 
арналған маталарға және тағы басқа сол сияқты маталарға. 
Қалдықтардан  алынған  иірімжіптерді  және  төменгі  сортты  мақта 
талшықтарын  иірудің  аппаратты  жүйесіндегі  құрал-жабдықтармен 
өндіреді.  Қоспаларды  тарау  екі  немесе  үш  білікті  тарау  машиналарынан 
тұратын  тарау  аппаратында  жүзеге  асырылады.  Сақиналы  иіру 
машиналарында  иірімжіп  өндіріледі.  Аппаратты  иірілген  иірімжіптер 
жұмсақ, үлпек, тегіс және иірудің кардты жүйесімен өндірілген иірімжіпке 
қарағанда төзімді болып келеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет