Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


  Мақта және химиялық талшықтарды иіру өндірісі



Pdf көрінісі
бет12/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   150
1.1.  Мақта және химиялық талшықтарды иіру өндірісі 
 
Мақта  саласы  текстиль  өнеркәсібінің  жетекші  саласы  болып 
табылады. Жұмысшылардың саны, жұмыс істейтін құрал-жабдықтар және 
мақта  саласында  шығарылатын  өнімнің  көлемі,  текстиль  өнеркәсібінің 
басқа  салаларымен  салыстырғанда  әлдеқайда  жоғары  болады.  Мақта 
талшығы текстиль өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып табылады. 
Мақта  талшықтарынан  әртүрлі  бұйымдар  өндіріледі:  костюм, 
көйлек,  жейде  және  іш-киім  маталары,  трикотаж  бұйымдары,  аяқ-
киімдерге арналған маталар, техникалық маталар, тігін жіптері және басқа 
да  бұйымдар.  Меланж  өндірісінде,  дөрекі  және  боялған  талшықтар 
қолданылады.  Мақта  саласында  химиялық  талшықтар  да  қолданылады. 
Бұл  шығарылатын  өнімнің  ассортиментін  үлкейтеді.  Мақта  қоспасына 
10%-ке  дейін  химиялық  талшықтарды  қосу  матаның  қасиетін 
төмендетпейді. 
Мақта  қолмен  және  машинамен  жиналуына  байланысты 
жіңішкеталшықты  және  орташаталшықты  болып  екіге  бөлінеді.  Үзілу 
салмағына  және  жетілу  дәрежесіне  байланысты    мақта  ташығын  жеті 
сортқа бөледі – Т (таңдамалы), I, II, III, IV, V, VI. Талшықтың штапельді 
салмақ  ұзындығына  және  оның  салыстырмалы  үзілу  салмағына 
байланысты мақта талшығын жеті түрге бөледі – 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7. V  және 
VI сортты мақта талшығы түрлерге бөлінбейді. 
Әрт
үрлі    белгілеудегі,  сызықтық  тығыздықтағы  және  сорттардағы 
мақта және аралас иірімжіптерге типтік сорттауы өңделген. 


12 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет