179
серіктес, Melba Industries Pty Ltd Австралияның қорғаныс
Министрлігіне арналған Woolscience төзімді маталарын жеткізіп
отырады. Жүн маталардың бір кемшілігі - олардың отырып қалуы
болып табылады. Отырмайтын өңдеудің дәстүрлік технологиясы
«нөлдік» отыруды қамтамасыз етпейді. Woolmark фирмасының
бұйымдары үйде жуылғанда отырмайтынына сенімді болғысы келетін
сатып алушылардың талаптарын жүн топсының отырмайтын
өңдеудің Total Easy Care нанотехнологиясы қанағаттандыра алады.
Woolmark Total Easy Care әмбебап күту белгісімен таңбалау
тұтынушыларға бұйымдардың сызықтық өлшемдерінің 100%
сақталуының кепілдемесін береді. Қазіргі кезде «нөлдік» отырумен
жүн маталарын және олардан дайындалған киімді Австралия, Қытай
және Тайваньда орналасқан 4 фирма дайындап шығарады, сонымен
қатар трикотаждық иірімжіпті және бұйымдарды шығару үшін
өнеркәсіпте жүн топсын өндіреді. Total Easy Care өңдеу түрі киімге
жоғары төзімділік береді және тұтынушылар үшін бұйымды сәнді
етіп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: