Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


Текстиль өнеркәсібіндегі нанотехнологиялар



Pdf көрінісі
бет142/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   150
 
Текстиль өнеркәсібіндегі нанотехнологиялар 
 
Нанотехнологияны  жеңіл  өнеркәсіпте  жақын  арада 
қолданудың  болжамдары  өте  көп,  оның  негізгі  мақсаты    текстиль 
және киім саласындағы заманауи жетістіктерге қысқаша шолу жасау. 
1996  жылдан  2003  жылға  дейін  жүргізілген  зерттеулердің 
көптеген  нәтижелері  коммерцияланған  және  халықаралық  нарықта 
үлкен  қолданысқа  ие.  Мысалы,  Levi  Strauss  сияқты  өте  үлкен 
компаниялар,  Nano-Tex  компаниясының  текстильін  джинсы 
бұйымдарын дайындауда қолданды.  
Текстиль  саласындағы  нанотехнологияны  қолданудың 
заманауи  тенденцияларын  шартты  түрде  үш  категорияға  бөледі: 
наножабындылар  және  наноматериалдар  көмегімен  текстильді 
жақсарту;  әдеттегі  материалдарға  электронды  компоненттер  мен 
микроэлектромеханикалық  жүйелерді  енгізу;  текстиль  және 
биомиметикалы  жүйелерді  будандастыру.  Бұл  бағыттардың  ішінде 
тек 
біріншісін 
ғана  комммерциялаған. 
Жеке 
өнімдерде, 
наноэлектронды жүйелер және микроэлектромеханикалық жүйелер де 
қолданылады,  бірақ  ереже  бойынша  бұл  –  түп  тұлғалар,  бір 
экземплярлар немесе сериямен шығарылмайтын арнайы әскери және 
медициналық бұйымдар. 
Нанотехнологиялық  өнімдердің  әлемдік  нарығы  болжамдар 
бойынша 10-15 жылдан кейін $1 трлн. құрайды, ал оның үштен бірі ($ 
340 млн) әртүрлі белгілеудегі наноматериалдарға жататын болады. 


171 
 
Жоғары  антибактериялық  белсенділікке  ие  күмістің 
нанобөлшектері  бар    коллоидті  ерітінділер  алудың  технологиясы 
жасалды.  Текстиль  материалдарына,    көбінесе  емдік-байлау 
материалдарына  түсірілетін  композиция  құрамындағы  мұндай 
жүйелердің  бар  болуы,  емдік  әсердің  тиімділігін  жоғарылатады. Бұл 
технология 
«қайтымды 
мицеллдердегі 
металлдардың 
нанобөлшектерін  биохимиялық    синтездеу  әдісі»  ретінде  танымал. 
Текстильді наноматериалдардың арнайы қасиеттері, талшық құрушы 
полимерлердің  молекулалы  деңгейінде    модификацияланған 
құрылымммен  шартталынған,  жануға  тұрақтылығы  жоғары  арнайы 
полиэфирлі  талшықтан  (Trevira  CS)  жасалынған  матада  көрінді. 
Мұндай  текстиль  материалдарының  кір  жұқтырмайтын  қасиеті, 
форма  тұрақтылығы  және  ауа  өткізгіштігі  жоғары  болады  және 
қоғамдық  ғимараттардың  ішкі  көрінісін  және  көлік  құралдарын 
безендіруге ұсынылады.  
Текстиль 
процестеріндегі 
және 
материалдарындағы 
нанотехнологиялар қазіргі кезде болашағы үлкен ғылыми-техникалық 
қана  емес,  сонымен  қатар  дамып  келе  жатқан  сауда  көзі  болып 
табылады.  Бұл  бағыттың  мүмкіндіктері  туралы  мәліметтер  1-кесте 
көрсетілген. 
16-кесте. Нанотехнологиялар 
 
Топ 
 Негізгі әртүрліліктері 
Полимерлер  
(талшықтар және маталар) 
Нанобөлшектер 
көмегімен 
маталарды  құрылымдау,  берілген 
қасиеттері  бар  полимерлер  мен 
талшықтардың 
синтезі, 
микроэлектромеханикалық  жүйе 
және 
наноэлектромеханикалық 
жүйе  -    текстиль  материалдарын 
бақылау  датчиктер.  Биомиметика 
(тірі  организмдермен  текстиль 
материалдарының бірігуі)  
«Ақылды» текстиль (киім) 
Дисплейлер  және  ақпарат  алып 
жүргіштер, сымсыз байланыс, ағза 
жағдайы 
мониторингісінің 
микродатчиктері. 
Наноактюаторлар.  Қоршаған  орта 
мониторингі.  Төзімділігі  жоғары 
композиттер  және  материалдар. 
Электр 
және 
фотоөткізгіш 


172 
 
маталар. 
Күнге 
қуатын 
пайдаланатын  арналған  маталық 
панельдер және т.б. 
Биобірлескен  
Биомиметикалық полимерлер. 
Бактериалды  өсімдіктер. 
Микроорганизмдермен  текстильді 
жасау.  
Биомаркерлер. 
Маталарға 
арналған 
наножабындылар 
Антистатикалықтар 
Радиосіңіретіндер 
Жанбайтындар 
Антисептикалықтар 
Су сіңірмейтіндер 
Төзімділікке тұрақтылар 
Өзін-өзі тазаланатындар 
Өндіріс және бақылау жүйелері 
 Наноэлектромеханикалық  жүйе 
датчиктерінің 
интеграциясы, 
акустикалық  жүйелер,  синтездің 
«нанофабрикалары», полимерлену 
процестерінің  нанокатализі. 
 
Нанотехнологияның,  бақылау  жүйелерінің  және  арнайы 
препараттардың  дамуы  «ақылды»  текстильдің  пайда  болуына  әкеп 
соқтырды. 
Массачусет 
технологиялық 
институтының 
плащтар, 
футболкалар  жасау  әрекеттері  белгілі,  яғни  олар  түстің 
температуралы  өзгеруіне  қабілетті  (термохромды  әсер),  өткізетін 
және  өткізбейтін  жіптерден,  сиямен  жабылған  жиынтығынан 
тұратын,  «электронды  жіп»  деп  аталатын  негізде  дисплей 
құрылымынан  тұратын  киімдер.  Қауіпсіз  электр  тогының  әсерімен 
жіптерді  қыздыру,  сияның  түсінің  өзгеруіне  әкеп  соқтырады,  және 
дизайнермен  жасалынған  сурет  (жіптердің  кескін  үйлесім 
формасында) мата құрылымында көзбен шолып байқалынады.  
«International  Fashion  Machines»  фирмасында  кілемдердің 
ішіне енгізілген үлкен экрандардан бастап адам денесі температурасы 
деңгейінде  термохромды  әсерлері  бар  микролампаларға  дейінгі 
ә
ртүрлі  текстиль  бұйымдарын  шығару  мақсатымен  ұқсас  жұмыстар 
жүргізілуде. 
Қазірдің  өзінде  ауа  райын  алдын-ала  болжамдайтын  киім 
үлгілері  жасалынған.  Мысалы,  арнайы  дисплеймен  жабдықталынған 
плащ, ауа райының шартына байланысты өзінің түсін өзгерте алады. 


173 
 
Текстиль бұйымына ауа райының болжамы сымсыз байланыс арқылы 
Интернет жүйесімен беріледі. 
Аризон (АҚШ) штаты университетінің мамандары (жетекшісі 
профессор 
F. 
Cenqausern) 
ә
скери 
мақсаттарға 
арналған 
«биометрикалы  киім  кешендерін»  жасап  жатыр.  Бұл  киімдерде 
зиянды  заттардың  концентрациямен  түрін,  отын  элементтерінің 
тіркеуге арналған датчиктер, дисплейлер жиынтығы бар. Мұндай киім 
адам  денесінің  жеке  ерекше  иісі  бойынша  әскери  қызметкердің 
денсаулық  жағдайы  туралы  білуге  болады,  сонымен  қатар 
температура,  қысым  және  пульс  көрсеткіштерін  тіркейді.  Осыған 
ұқсас  киімдерді  дайындығы  жоғары  дәрежедегі  спортшыларға  және 
дәрігерлерге қолдануға болады. 
Замануи  «ақылды»  текстиль  өндірісінде,  табиғи  талшықтар 
және  жақсартылған,  ерекше  сипаттамалары  бар  жаңа  ғасыр 
талшықтарының да приоритеті бар. 
Соңғы  өңдеу  процестерін  жүзеге  асыру  жолымен  текстиль 
материалдарының тұтыну немесе арнайы қасиеттерін жақсарту үшін, 
ә
ртүрлі  функционалды  белгілеулері  бар  арнайы текстильді  қосымша 
заттарды 
және 
препараттарды 
(жұмсартқыштар, 
гриф 
модификаторлары,  форма  тұрақтандыратын  және  аз  қыртыстану 
қабілетін  беретін  текстильді  қосымша  заттар,  антистатиктер, 
антипирендер,  гидро-  және  олеофобизаторлар  және  басқалар) 
қолданылады. Бұл текстиль бұйымдарының сапасын  жоғарылатудың 
бір  жолы,  бұл  жердегі  жоғарғы  тиімділікке  наножүйеге  жақын 
бөлшектері  бар  заманауи  препараттар  көмегімен  қол  жеткізуге 
болады.  
Нанотехнологияны  енгізу  және  қолдану  жаңа  беймата 
өнімдері  үшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  беймата  материалдары 
шығарылатын  құрал-жабдықтар  үшін  де  өзекті  болып  табылады. 
Контрафакттан қорғау бойынша наноэлементтерді енгізу болашағы да 
өзекті мәселелердің бірі («Холлофайбер» сауда маркасының иесі бұл 
жұмысқа  қазір  ерекше  көңіл  бөлуде).  «Термопол»  мамандары 
өздерінің  ғылыми-зерттеу  және  ғылыми-тәжірибелік  жұмыстарында 
макродеңгейге  сүйенген. Бұл жылумен бекіту (талшықтарды желімді 
ә
діспен  емес,  жоғарғы  температура  әсерінен  байланыстыру, 
«Термопол»  атауы  да  осыған  байланысты),  жылумен  өңдеу 
градиенттері  және  материалдағы  талшықтардың  ыдырауын  бақылау 
өте сирек кездесетін процесс. 
Көптеген  миллиондаған  жылдар  ішінде  табиғат,  жылу 
сақтайтын  құнды  материалдар  жасай  білді.  Оларға  жануарлардың 
үлбірі  және  үлпектері  жатады.  Бірақ  уақыт  бір  орнында  тұрмайды, 


174 
 
дәстүрлі  материалдардың  орнына  жоғарғы  технологиялық,  жаңа 
материалдар  келді.  Бұл  материалдардың  табиғи  материалдардан  еш 
кемшілігі жоқ, тіпті олармен салыстырғанда елеулі артықшылықтары 
да бар. 
ЗМ  компаниясы  микроталшықтар  өндірісінің  бірегей 
технологиясын  дайындап  шықты.  Осы  технология  негізінде 
жасалынған  жылытатын  материал  Тинсулейт®  деп  аталады  (ағыл. 
thin  -  жіңішке,  insulation  -  жылытатын).  Жылытқыш  материалдың 
суықтан қорғау дәрежесі өте жоғары.  
Алғашқысында 
бұл 
материалды 
космонавтттардың 
костюмдерін және аяқ киімдерін жылыту тапсырмаларын шешу үшін 
дайындайды.  Бұл  тапсырманы  дұрыс  шешкеннен  кейін  материалды 
киімнің барлық түрлеріне, аяқ киімдерге, қолғаптарға, бас киімдерге 
және аксессуарларға да қолданатын болды. 
Тинсулейт ® материалының қолданылу облысы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет