Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет149/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150
Хош иісті маталар
Хош иісті маталарды шығару идеясы  сән әлемінде бұрыннан 
пайда  болған.  Бұл  бағытта  көп  жұмыстар  жүргізілгені  белгілі.  Бірақ 
маталардың иісі қатты күшті болған немесе тез ұшып кеткен.  
Жұмсақ  жағымды  маталар.  Ұзақ      уақытта  сақталатын 
жұмсақ  жағымды  парфюммен  хош  иісті  текстильді  материалдарды 
ұзақ шығара алмады. Табыс тек қана өткен ғасырдың соңғы жылдары 
келді.  
Химикаттарға  белгілі  қосылыстардың  өзінің  құрылымы 
арқасында  таңқаларлық  және  маңызды  қасиеті  бар  –  инклюзионды 
кешендер,  қосылыстар,  клатраттар  деп  аталатын  «қожайын-қонақ» 
түрдегі кешендерді әртүрлі заттармен жасауға қабілеттілікке ие. Бұл 
кешен  «қожайын»  молекуласының  қуысына  беріктігі  жоғары 
химиялық  байланыстарсыз  «қонақ»  молекуласы  кіргізілген  қосылыс 
болып  табылады.  Осындай  кешен  «қонақтың»  физикалық  және 
химиялық қасиеттеріне әсер етпейді, бірақ «қожайынның» оны өзінің 
қасында белгілі бір уақыт ұстап тұруға қабілеті болады. «Қонақ» пен 
«қожайынның»  сәйкесті  өлшемдерін  және  «қожайынның»  ұстап 
тұрушы күшін таңдап, «қонақта» болу ұзақтылығын бағдарлауға және 
есептеп  шығаруға  болады.  Хош  иісті  текстильді  материалдарды 
жасауда  иістері  бар  химиялық  қосылыстар  –  «қонақтар»  рольін 
атқарады.  Кешендер  ұзақ  уақытта  әсерге  ие  болып,  иіс  сақтайды. 
Парфюмды маталар Азияда кеңінен таралуда.  
 


180 
 
 
 
57-сурет.  Woolmark компаниясы шығарған хош иісті маталар 
 
 Woolmark  компаниясы  хош  иісті  маталарды  шығаруға  көп 
назар  аударуда.  Ол  JCJ  ағылшын  фирмасының  бір  бөлімшесімен 
достастықта  әртүрлі  хош  иісті  маталармен  текстиль  өнімінің 
экологиялық  түрлерінің  өндірісі  үшін  кең  мүмкіндіктерді  ашатын  
Sensory  Percention  Technology  TN    технологиясын  ойлап  шығарды. 
Хош  иісті  заттарды  нанокапсулаларға  салып,  талшықты  материалға 
енгізіледі. Капсулалар ылғал, жуу және химиялық тазалауға тұрақты 
болады,  олардың  ішіндегі  хош  иісті  заттар  буланбайды  және 
тотықтырғыш әсерінен бөлінбейді. Капсулалар қозғалу немесе түйісу 
кезінде    белсендіріледі,  олардың  ішінде  жасырылған  хош  иістерді 
қоршаған  ортаға  шығарады.  Бұл  киімді  күйгенде  немесе  шешкенде 
кілем бұйымдарын немесе жиhаздық маталарды тазалаған кезде іске 
асырылады.  «Интеллектуалды»    текстильдің  тағы  да  бір    түрі  – 
селективті  босатылуымен  жасалған  материалдар,  олар  биосәйкестік 
бөлінуші    полимерлермен  бірге  имплантациялық  медициналық 
маталарды  жасауда  қолданылады.    Биобөлінетін  талшықтар 
хирургиялық импланттар, жасанды былғары және күйген жараларды 
байлауға  арналған  бейматериалдар  ретінде  қолданылады.  Осындай 
байлағыш  материалдардың  ішінде  ұзақ  уақытта    қызмет  ететін 
дәрілердің препараттары бар. 
Қазіргі  кезде  өнеркәсіптік  дамыған  Еуропа,  Азия  және 
Америка елдерінің текстиль өндірістерінде приоритет ауысып жатыр 
– дәстүрлі текстиль дамып жатқан елдерге кетіп, оның орнын ғылым 
сыйымды  технологияларды  қолданып  алынған  медициналық, 
тұрмыстық, техникалық, ақпараттық белгілеудегі «ақылды» текстиль 
алды. 
Қытай,  Үндістан,  Вьетнам,  Оңтүстік  Америка  елдерінде 
жұмыс  күші  өте  арзан  болғандықтан,  дәстүрлі  текстиль  өндірісінде 


181 
 
олармен  жарысу  пайдасыз  екенін  Еуропа  мен  Америка  түсінді. 
Дамыған  елдердің  байлығы  –  интеллект  болып  табылады,  бастысы 
оны пайдалана білу. 
Текстиль  саласында  нанотехнологияларды  меңгеру  –  жаңа 
құрал-жабдықтарды,  өңдеу  материалдарының  жаңа  шығарушы 
формаларын  жасауды,  наноэмульсияларды  тұрақтандыру  және 
өңдеумен  әсерлерінің  жаңа  түрлері  бар  текстиль  материалдарының 
сапасын  бақылау  мәселелерін  шешуді  талап  етеді.  Әрине,  бұл  үлкен 
материалдық  шығындарды  талап  етеді,  бірақ  жаңа  материалдарды 
өндіруге мүмкіндік беретін ғылым сыйымды технологияларды енгізу 
–  текстильдегі  приоритетті  бағыт  екенін  өнеркәсіптік  дамыған 
елдерде  түсінеді,  сондықтан  «ақылды  текстильге»  маңызды 
инвестициялар салынды. АҚШ, Еуро Одағы және Жапония елдерінде  
зерттеулер 
белсенді 
жүргізілуде. 
Аталған 
мемлекеттерде 
нанотехнологиялардағы  әлемдік  инвестициялар  мөлшері  34,15  және 
20%  сәйкес.  2000  жылы  бұл  облыстағы  жұмыстардың  соммалық 
қаржыландыру 800 млн долларға жуық болды, ал 2001 жылы екі есе 
көбейді. Эксперттердің пікірі бойынша нанотехнологияларды кеңінен 
енгізу үшін жыл сайын 1 трлн. доллардан кем емес шығындар қажет 
болады.  Бірақ  нанотехнологиялардың  болашағы  зор  және  әртүрлі 
наноөнімдер бүкіл әлемге таралуда.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет