Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет27/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   150
 
мұндағы V
қ
 – қоректендіру тордың жылдамдығы (9-12 м/мин); b – 
қоректендіру  торының  жұмысшы  ені  (1,1195м);  m  –  
2
  қоректендіру 
торына  келетін  төсем  салмағы  (0,8-1,5  кг);  К
ш  - 
өңдеуден  кейінгі 
талшықтың  шығу  коэффициенті  (0,985-0,995);  ПУК  –  пайдалы  уақыт 
коэффициенті (0,95). 
Өңделетін материалдың түріне байланысты машинаның өнімділігі 
500-800 кг/сағ құрайды. 
Талшықтарды майлау кардты тараудың жүруіне көп әсер тигізеді. 
Майлау  нәтижесінде  кардты  тарау  процесінде  талшықтың  үзілуін, 
үлпектің пайда болуын, талшықтардың электрленуін және қалдықтардың  
мөлшерін төмендетеді. 
Майлау,  эмульсиялы-майлау  қондырғысының  құбыры  бойынша 
қозғалатын талшық ағынына форсункадан эмульсияны шашырату арқылы 
жүзеге  асырылады.  Эмульсия  құрамына  су  және  майлы  заттар  –  ұршық 


33 
 
немесе  машина  майы,  олеин  қышқылы  немесе  кір  сабын  және  басқа  да 
қосымшалар кіреді. Майдың мөлшері жүн салмағынан 4-10% құрайды, ал 
эмульсия шығыны қоспаның салмағынан 30% дейін жетеді. 
Ағынды  желіде  компоненттерді  араластыру,  араластырғыш 
машиналарда  жүргізіледі.  МСП-9Т  араластыру  машинасы,  түбі  таспалы 
конвейер  7  болып  табылатын  тік  бұрышты  камерадан  тұрады  (4-сурет). 
Талшықты материал құбыршалар 2 және 3 арқылы пневматика көмегімен 
машинаның  қоспа  камерасына  тиеледі.  Машинаға  талшықтарды  салған 
кезде бірінен кейін бірі түсетін қоспа компоненттері қабат болып төселеді. 
Камераға  талшық  кезекпенен  2  немесе  3  құбыршадан  беріледі.  Беріліс 
кезектілігі  клапан  қосқышпен  5  реттелінеді,  оның  жұмысын  1  және  4 
датчиктер басқарады. 
Айналатын беріліс біліктері 9 таңдайтын барабандарға 8 талшықты 
материалдың  қабатын  жылжытады.  Барабандардың  8  шеңберлі 
жылдамдығы  берілісті  біліктердің  шеңберлі  жылдамдығынан  80-100  есе 
жоғары болады. Барабандар берілген массадан талшық түйдектерін алады 
және  оларды  камераның  түбіне  тастайды  және  олардың  қопсытатын 
барабанға қарай жылжуына өз әсерін тигізеді. 
Талшықты материал машинаның бойымен әртүрлі жылдамдықпен 
камерадан алынады. 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет