Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-сурет. Аппаратты созба өндірісіне арналған ағынды желісінің



Pdf көрінісі
бет26/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   150
4-сурет. Аппаратты созба өндірісіне арналған ағынды желісінің 
сызбасы 
 
Ағынды  желілерде  компоненттерді  алдын-ала  қопсыту  және 
араластыру,  АПМ-120-Ш1  автоқоректендіргіші  бар  ЩЗ-140-Ш3 
қопсытып-майлау машиналарында жүзеге асырылады. 
Талшық  автоқоректендіргіштің  1  бункеріне  салынады,  (5-сурет) 
одан  біркелкі  ағынмен  инелі  тордың  көмегімен  2  қопсыту 
машиналарының қоректендіргіш торына 3 беріледі. 
 
5-сурет. Автоқоректендіргіші бар қопсыту машинасының 
технологиялық сызбасы 
 
Талшықтың  қабаты  нығыздайтын  біліктен  4  өтіп,  қисық  сызықты 
тістері  бар  қоректендіргіш  біліктерінің  5  жұбына  жеткізіледі.  Біліктер 
талшық  қабатын  қармайды  және  оны  айналатын  негізгі  барабанға  6 
жылжытады.  Негізгі  барабанның  жылдамдығы  шамамен  қоректендіргіш 


32 
 
біліктерінің  жылдамдығынан  80  есе  үлкен.  Осы  аймақта  талшық 
түйдектерін бірінші қарқынды қопсыту жүзеге асырылады. 
Негізгі барабанның үстінде қисық сызықты тістері бар біліктердің 
жұмысшы  жұптары  орналастырылған.  Біліктердің  әр  жұбы  жұмысшы  7 
және түсіруші 8 біліктерден тұрады. 
Жұмыс  білігінің  және  негізгі  барабанның  тістері  паралелль 
орналасқан,  ал  жұмыс  білігінің  жылдамдығы  негізгі  барабанның 
жылдамдығынан  төмен.  Барабанның  және  жұмыс  білігінің  тістеріне 
ілінген  талшық  түйдектері  ажыратылады.  Түсіруші    біліктің  8  тістері 
жұмыс  білігінің  және  негізгі  барабанның  тістеріне  қиылыстырылып 
орналастырылады, сондықтан түсіруші білік жұмысшы біліктен талшықты 
түсіріп,  оны  негізгі  барабанға  қайтарады.  Мұндай  жағдайда 
талшықтардың  қосымша  араласуы  жүзеге  асырылады.  түсіруші  біліктің 
жылдамдығы  жұмыс  білігінің  жылдамдығынан  үлкен,  бірақ  негізгі 
барабанның жылдамдығынан төмен. 
Машинада  барлығы  жұмысшы  және  түсіруші  біліктердің  3-4 
жұптары бекітілген, яғни талшықты материал осыншама рет қопсытылуға 
және  араластырылуға  түседі.  Қопсытудың  қарқындылығын  жоғарылату 
үшін негізгі барабан мен біліктердің жұмысшы жұптары арасындағы ара-
қашықтықты төмендетеді. 
Соңғы  жұптан  өте  отырып,  талшық  жылдам  айналатын  барабан  9 
ә
серіне  түседі.  Бұл  барабан  9  негізгі  барабан  тістерінен  талшықтарды  
алып тастайды. Осыдан кейін талшық құбыр жетегіне 10 келіп түседі. 
Қопсыту машинасының өнімділігі, кг/сағ, 
 
P=V
қ
bm·60К
ш
ПУК      (5) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет