Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-сурет. АРТ-120-Ш қопсытып-түту агрегатының сызбасы



Pdf көрінісі
бет24/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   150
3-сурет. АРТ-120-Ш қопсытып-түту агрегатының сызбасы 
 
Барабандар  арасындағы  ара-қашықтық  10-20  мм-ді  құрайды. 
Барабандар    бір  жаққа  қарай  айналады,  сондықтан  өзара  әсерлесу 
аймағындағы  шанышқылар  қозғалысының  салыстырмалы  жылдамдығы, 
олардың  шеңберлі  жылдамдығының  қосындысына  тең.  Екінші 
барабанның шанышқылары жүн түйдектерін бірінші барабанның бетінен 
түсіреді  және  конденсер  17  қарай  жүргізеді.  Барабанда  15  қалған 
түйдектер  14  және  16  шанышқылар  арқылы  түсіріледі.  Келесі  машинаға 
талшық құбыржетек 18 бойынша шығарылады. 
Екі  барабанның  өзара  әсерлесу  аймағындағы  жүннің  қарқынды 
қопсытылуы, 1 кг өңделетін талшыққа келетін соққы санымен бағаланады 
және мына формула бойынша анықталынады: 


30 
 
 
S
P
=(V
1
+V
2
)k
1
k
2
 ·60/P              (3) 
 
мұндағы  V
1
 және V
2
   - шанышқылар бойынша бірінші және екінші 
барабанның шеңберлі жылдамдығы, м/мин; k
1  
және 
  
k
2
 - өзара әсерлесетін 
барабандар  беттігінің  1  текше  метрге  келетін  шанышқылар  саны;  Р  – 
тиелген жүн бойынша түту агрегатының өнімділігі, кг/сағ. 
Агрегат өнімділігі, кг/сағ, 
P=V
и
mb·60K
ш
ПУК       (4) 
мұндағы    V
и
  –  инелі  тордың  жылдамдығы,  м/мин;  m  –  
2
  инелі 
торға  келетін  талшықты  материалдың  салмағы  (0,2-0,3  кг);  b  –  инелі 
тордың  жұмысшы  ені  (1,2  м);  K
ш 
  -  түтуден  кейінгі  талшықтың  шығу 
коэффициенті (0,95-0,97); ПУК – пайдалы уақыт коэффициенті (0,95-0,96). 
АРТ-120-Ш  қопсытып-түту  агрегатының  өнімділігі  500  кг/сағ 
дейін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет