Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-сурет. Таспалы тізіпорау машинасының технологиялық



Pdf көрінісі
бет52/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   150
14-сурет. Таспалы тізіпорау машинасының технологиялық 
сызбасы 


59 
 
 
 
 
 
15-сурет. Партионды тізіпорау машинасының технологиялық 
сызбасы 
 
2.1.3.  Негіз жіптерді шлихталау 
 
Шлихталау – тоқыма станоктарының өнімділігін жоғарылату және 
негізгі  жіптердің  үзілгіштігін  төмендету  және  иірімжіптің  тиімді 
технологиялық қасиеттерін сақтап қалу мақсатымен жүзеге асырылады. 
Шлихталау  процесінде  жіптің  физика-механикалық  қасиеттері 
өзгереді:  желімдеу  нәтижесінде  жіптің  сызықтық  тығыздығы 
жоғарылайды,  ал    талшықтарды  өзара  желімдеу  нәтижесінде    олардың 
үзілу  салмағы  да  жоғарылайды,  талшықтар  арасындағы  үйкеліс  күші 
төмендегендіктен ұзару төмендейді. 
Шлихталынған    мақта  иірімжібінің  үзілу  салмағы  17-25%,  тарақты 
жүн  иірімжібінің  –  20-25%,  зығырлы  иірімжіптікі  –  12-25%,  жасанды 
жібектікі  –  30-40%  жоғарылайды.  Мұндай  жағдайда  мақта  иірімжібінің 
ұзаруы 25-30%-ке, тарақты жүн иірімжібінің ұзаруы 10-15%-ке, зығырдікі 
4-10%-ке төмендейді. 
 Шлихталау процесі шлихталау машиналарында жүзеге асырылады, 
мұнда  біліктерге  оралған  негізгі  жіптер  партионды  тізіпорау 
машиналарынан  келіп  түседі.  Таспалы  тізіпорауда  шлихталау  тоқу  


60 
 
тізбеорауыштан  немесе  тізіпорау  барабандарынан  жүргізеді.  Барлық 
иірімжіптер 
шлихталанады, 
шлихталанбайтындары 
ширатылған 
иірімжіптер  және  синтетикалық  талшықтардан  және  табиғи  жібектен 
алынатын  жіптер.  Кейде  ширатылған  мақта  иірімжібін  және  химиялық 
талшықтардан  алынатын  штапельді  иірімжіпті  шлихталайды,  ал 
аппаратты иірімдегі жүн иірімжіптері шлихталынбайды. 
Шлихталау  –  тоқымашылыққа  негізгі  иірімжіпті  дайындаудың  ең 
маңызды операциясы болып табылады. Шлихталау кезінде жіберілген ең 
кішкентай  қателік  тоқыма  станогындағы  негізгі  жіптердің  үзілуін 
жоғарылатады, осыған байланысты олардың өнімділігі де төмендейді. 
Шлихтаның белгілі қасиеттері болуы керек: 
 -  иірімжіптің  бетін  тегіс  жауып,  жіпке  біртіндеп  сіңуі  қажет  және 
талшықтың үзілу салмағын төмендетпей, ағарту және бояуды қиындатпау 
керек; 
 -  матадан  жеңіл  кетуі  керек,  ал  шлихтаны  дайындауға  арналған 
материалдар арзан, бірақ тапшы болмауы керек
 - машинаның металды бөлшектерінің коррозиясын тудырмау керек. 
Шлихтаны  дайындау  үшін  әртүрлі  материалдар  қолданылады. 
Шлихтаның  негізгі  компоненті  желімді  материал  болып  табылады. 
Желімді  материал  ретінде  табиғи  және  химиялық  полимерлер 
қолданылады.  Осы  уақытқа  дейін  табиғи  полимерлер,  ал  көбінесе  азық 
өнімдері – крахмал (картоптың, бидайдың), ұн (бидай, күріштің, жүгерінің 
және  т.б.),  жануар  желімдері  (желатин,  казеин  және  т.б.)  қолданылып 
келген. 
Химиялық  өнеркәсіптің  дамуы  табиғи  полимерлерді  химиялық 
полимерлерге  ауыстыруға  мүмкіндік  берді.  Оларды  таза  түрінде  немесе 
табиғи  полимерлермен  қоспаларын  шлихтаны  дайындауға  қолданады. 
Кәсіпорындарда  көбінесе  поливинил  спирттері,  полиакриламид 
қолданылады. 
Шлихтаны  арнайы  желім  қайнату  бөлімде  дайындайды  немесе 
қайнатады.  Шлихтаны  дөңгелек  және  сопақ  формадағы  бактарда 
қайнатады.  Бактың  көлемі  1000  л.  және  одан  жоғары  болады.  Бактың 
ішінде  шлихтаны  араластыруға  арналған  бұлғауыш  болады.  Қайнату 
немесе ысыту үшін бу қолданылады. 
Кейінгі  кездерде  кәсіпорындарда  компоненттерді  дайындау  және 
шлихтаны 
қайнату 
процесстеріне 
автоматтандырылған 
желім 
қайнатқыштар  қолданылады.  Желімді  материал  арнайы  бункерлерде 
сақталынады.  Бұрандалы  конвейер  арқылы  желімді  материал  автоматты 
таразыларға  келіп  түседі.  Қажетті  массаны  алғаннан  кейін  желімді 
материал су толтырылған бакқа келіп түседі. Араластыру белгілі бір уақыт 
аралығында  жалғасады.  Бағдарламалы  реттегіш  температураны  және 


61 
 
уақытты  нақты  сақтайтын  бағдарлама  бойынша  қайнатуды  қамтамасыз 
етеді.  
Бағдарламалы  реттегішпен  шлихтаны  қайнату  кезінде  шлихтаның 
сапасы жоғарылайды, жұмысшылардың еңбек өнімділігі де артады. 
Шлихталау  машиналары  негіз  жіптерге  шлихтаны  жағу  үшін 
шлихтаның артығын сығып тастау үшін және негіз жіптерді кептіріп, тоқу 
тізбеорауышқа тығыздап орауға арналған. 
Шлихталау  машиналарының  негізгі  механизмдеріне  және 
бөлшектеріне мыналар жатады: 
- тізіпорау біліктеріне немесе тоқу тізбеорауышына немесе тізіпорау 
барабанына арналған тіреуіш; 
 -  шлихталау  ваннасынан,  батыру  және  сығу  біліктерінен  тұратын 
желімдеу аппараты; 
 -  желімделінген  және  сығылған  негізгі  жіптерден  артық 
ылғалдылықты  кетіретін  кептіру  аппараты  (шлихталынған  иірімжіпті 
кептіру жүзеге асырылады); 
 - өзара желімділінген негіз жіптерді бөлетін, кесінділер белгіленетін 
және  иірімжіп  тізбеорауышқа  оралатын  алдыңғы  бөлігі;  кейде  мұнда 
шлихталынған иірімжіптерді қосымша өңдеуге, яғни эмульсиялауға және 
балауыз жағуға арналған қосымша құрылғылар бекітіледі
- жетек; 
-  шлихталау  процесінің  дұрыс  жүруін  қадағалайтын  арнайы 
аппаратура. 
Кептіру  аппаратының  құрылғысына  байланысты  шлихталау 
машиналарын мынандай топқа бөлуге болады: 
 -  барабанның  ыстық  бетімен  түйісе  отырып,  иірімжіп  кептіретін 
барабанды контактілі кептіру
 -  қыздырылған  ауамен  камерада  иірімжіп  кептіретін  конвективті-
ауалы кептіру; 
 -  қиыстырылған  кептіру,  яғни  жоғарыда  аталған  екі  жолмен  де 
кептіруді жүзеге асыратын машина; 
 - үлкен жиілікті тоқпен электржылытқышпен, инфрақызыл сәулемен 
кептіру машинасы. 
 Мақта  негіз  жіптерін  шлихталауға  көбінесе  барабанды  кептіру 
машиналары  қолданылады.  Ал  жүн,  зығыр,  сонымен  қатар  түрлі-түсті 
мақта негіз жіптеріне камералы кептіру машиналары қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет