Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


Ламель – негізгі жіптің үзілуі кезінде станокты тоқтатуға арналған,  негіз жіптерді бақылайтын бөлшек.  Ремизка



Pdf көрінісі
бет55/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   150
Ламель – негізгі жіптің үзілуі кезінде станокты тоқтатуға арналған, 
негіз жіптерді бақылайтын бөлшек. 
Ремизка    -  тоқу  станогында  күзудің  қалыптасуына  арналған.  Әр 
ремизка галев кигізілген рамалардан тұрады. Галев металды немесе жіпті 
болып  келуі  мүмкін.  Галевтің  көзшелері  болады,  осы  көзшелер  арқылы 
негіз  жіптер  өтеді.  Көзшелердің  өлшемдері  және  формасы  тоқылатын 
матаның түріне және негізгі жіптің сызықтық тығыздығына тәуелді болып 
келеді.  Ремизкалардың  жалпы  саны,  мата  өрімінің  раппортына,  сабақтау 


64 
 
түріне  және  негіз  бойынша  1дм-гі  жіптер  санына  байланысты  болып 
келеді. 
Бердо  –  матаның  ені  бойынша  негіз  жіптерді  орналастыруды 
реттейді  және  негіз  бойына  1дм-гі  қажетті  жіптер  санымен  қамтамасыз 
етеді. Бердо матаның шетіне арқау жіптерді қосуды жүзеге асырады. 
Бердо  тістерінің  арасында  сабақталынатын  жіптердің  саны  – 
тоқылатын  матаның  құрылымына  байланысты  болып  келеді.  Кең 
ассортиментті маталарда 1-ден 4-ке дейін жіптерді сабақтау қолданылады. 
Ал техникалық және арнайы маталарды тоқыған кезде 18-20 және одан да 
жоғары жіптер сабақталынады. 
Құрылымды  ерекшеліктеріне  және  өлшемдеріне  байланысты 
бердоның  бірнеше  түрін  ажыратады.  Еніндегі  тістер  санына  байланысты 
бердоны  нөмірі  бойынша  ажыратады.  Бердоның  нөмірі  дегеніміз  – 
бердоның  1дм-дегі  тістер  саны.  Бердоның  метрлі  нөмірін  мына  формула 
бойынша анықтайды:  




ф
у
о
б
в
а
Р
N
100
/
1


             (11) 
 
мұндағы:
о
Р
-1 дм-дегі негіз жіптердің саны; 
                 
у
а
- арқау бойынша матаның қысқаруы, %; 
  
ф
в
-  матаның  фоны  бойынша  бердоның  тістері  арасында 
сабақталынатын жіптердің саны. 
Сабақтау  қолмен,  жартылай  механикалық  және  механикалық 
ә
дістермен жүзеге асырылады. 
Негіз жіптерді қолмен сабақтау, көбінесе жіп өткізу станоктарында 
жүзеге  асырылады.  Сабақтау  станогында  2  адам  қызмет  көрсетеді. 
Сабақтау  станогында  өндіру  нормасы  1  сағатта  1000-200  жіптерді 
құрайды, сабақтау түріне, ремизкалардың санына және жұмысшылардың 
біліктілігіне байланысты болып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет