Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет57/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   150
2.1.5 Арқау жіптерді дайындау 
 
Арқау  иірімжіптері  тоқу  фабрикаларына  әртүрлі  тікиірішіктерде: 
собықтарда,  орамдарда,  иіршіктерде  және  шарғыларда  түседі.  Арқау 
иірімжібінің  осы  тікиіршіктері  тоқу  станогында  тікелей  қолданыла 
бермейді.  Көбінесе  арқау  иірімжіптерін  сәйкес  формада  және  өлшемде 
тікиіршіктерге  қайта  орайды.  Арқау  иірімжіптерін  қайта  ораған  кезде 
олардың  қалыңдалынған  жерлері  және  басқа  да    ақаулары  жойылады, 
жіптер тазаланады және тығыздау оралған тікиіршіктер алынады.  
Қайықты  тоқымашылықта  көбінесе  собық  түріндегі  тікиіршіктер 
қолданылады.  Бобиналар  азгабаритті  жіптөсегіштердің  көмегімен  күзуге 
арқау  жіптері  төселетін  қайықсыз  станоктарда  қолданылады.  Арқау 
жіптерінің  үзілгіштігін,  қатты  ширатпаларын    төмендету  үшін,  жеке 
жағдайларда  тоқымашылық  алдында,  арқау  иірімжіптерін  ылғалдандыру 
немесе  эмульсиялау  жүзеге  асырылады.  Ылғалдандыру  немесе 
эмульсиялау  нәтижесінде  иірімжіптің  ішкі  кернеуі  теңсізденеді,  ал 
қалпына  келуі  жылдамырақ  жүреді.  Егер  арқау  иірімжібі  қажетті 
ылғалдылығы 
бар 
БД-200 
типтес 
пневмомеханикалық 
иіру 
машиналарынан түссе, онда оны ешқандай дайындықсыз тоқу станогына 
бағыттайды. 
Арқау  иірімжіптерінің  ылғалдылығын  жоғарылатқан  кезде, 
собықтағы 
жеке 
орамдардың 
байламдылығы 
жоғарылайды, 
иірімжіптердің  қаттылығы  төмендейді.  Бірақ  мына  жағдайды  есте 
сақтаған жөн, егер иірімжіптің ылғалдылығын елеулі түрде жоғарылатса, 
оның  физика-механикалық  қасиеттері  төмендейді,  ал  сұрып  маталарда 
сары  жолақтар  пайда  болады.  Мысалы,  арқау  мақта  иірімжіптерінің  ең 
оңтайлы  мәні  8-9%  ылғалдылықты  құрайды.  Ылғалдандыруға  мақта, 


66 
 
зығыр,  тарақты  және  ширатылған  аппаратты  иірімжіп,  табиғи  жібек, 
сонымен қатар жасанды талшықтардан алынған креп түседі. 
Арқау иірімжіптерін қайта орау, көбінесе арқау орау автоматтарында 
жүзеге  асырылады.  Автоматтарды  қолдану  себебі,  арқау  иірімжіптерін 
қайта орау еңбекті көп қажет ететін процесс. 
   Мата  тоқу  фабрикаларында  УА-300,  УА-300-3,  УА-300М  және 
басқа  арқау-орау  автоматтары  кеңінен  қолданылады.  Арқау  орау 
автоматтарында  келесі  процесстер  жүзеге  асырылады:  тарқату,  орау, 
ирімжіпті тазалау және ақауларын жою. 
Арқау орайтын автоматтың жылдамдығы және өнімділігі. 
Арқау орау автоматтарының орау жылдамдығы, м/мин 
 
2
2
2
1





о
             (12)     
 
мұндағы 
1

-  оралатын  собықтың  шеңберлі  жылдамдығы; 
2

  - 
оралатын собық осьі бойына қатысты жіптің жылдамдығы. 
Бұл жылдамдықтар келесі формулалар бойынша анықталынады: 
урш
n
D



1
  (12)  және 
h
n
экс

2

    (13) 
мұндағы   
D
  -  иірімжіпті  ораудың  орташа  диаметрі,  м; 
урш
n
  - 
ұршықтың  айналу  жиілігі, 
1

мин

экс
n
-  эксцентриктің  немесе  эксцентрикті 
біліктің айналу жиілігі
1

мин
;  h -  жіпжүргізгіштің құлашы, м. 
Арқау орау автоматының өнімділігі, кг/сағ: 
 
2
.
.
1000
/
60
в
п
О

m
Р



      (14) 
 
Мұндағы 
О

 - орау жылдамдығы, м/мин; m -  машинадағы  ұршықтар 
саны;  Т  –  иірімжіптің  сызықтық  тығыздығы,  текс; 
.
.
в
п
К
  -  пайдалы  уақыт 
коэффициенті (0,7-0,85). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет