Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


жабындылар жасалады. Негіз жіп арқау жіптің үстінде орналасқан жерді  негізгі  жабынды



Pdf көрінісі
бет59/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   150
жабындылар жасалады. Негіз жіп арқау жіптің үстінде орналасқан жерді 
негізгі  жабынды;  ал  арқау  жіп  негіз  жіптің  үстінде  орналасқан  жерді 
арқау жабынды деп атайды. Негізгі жабынды штрихтап немесе белгілеп 
қояды, ал арқау жабындыларын бос қалдырады. 
Өрімнің біткен  суретін  қалыптастыратын  негіз  бен  арқау  жіптердің 
ең төменгі саны және матадағы  суреттің қайталануын өрім раппорты R  
деп  атайды.    Өрім  раппортында  негіз  бойынша  раппорт 
H
R
  және  арқау 
бойынша раппорт 
a
R
 деп бөледі (
H
R
 - өрім раппортындағы негіз жіптердің 
саны; 
a
R
  -  өрім  раппортындағы  арқау  жіптердің  саны).  Өрімнің  суретін   
тұрғызу  үшін  жылжу  шамасын  S  білу  қажет.  Жылжу    -  алдыңғы  жіптің 
ұқсас  жабындысынан  қарастырылатын  жіптің  жабындысында  қанша  жіп 
орналасатынын  көрсететін  сан.  Горизонтальды 
a
S
  және  вертикальды 
H
S
 
жылжудың  түрлері  бар.  Горизонтальды  жылжу-  екі  қатар  орналасқан 
арқау  жіптердің  жабындылары  арасындағы  жылжу,  вертикальды  –  екі 
қатар орналасқан негіз жіптердің арасындағы жылжу оң және теріс болуы 
мүмкін.  
Осыған байланысты матаның өрім суретін тұрғызу үшін 
H
R

a
R

H
S

a
S
 және раппорт шектеуіндегі негіз және арқау жабындыларын білу қажет. 
Дайын  матаның  ені  оның  белгілеуіне  байланысты  әртүрлі  болып 
келеді  (көбінесе  60-тан  205  см  дейін).  Матаның  ені  мемлекеттік 


68 
 
стандарттарда  көрсетіледі.  30  см-ден  төмен  тоқылған  бұйымдарды  таспа 
немесе тесьма деп атайды.  
Матаның  ені  тоқу  станогының  жұмысшы  енімен  анықталынады. 
Мата кесіндісінің ұзындығы оның белгілеуіне байланысты 30-дан 50 м-ге 
дейін.  
Матаның  фоны  және  жиегі  болады.  Мата  фонындағы  негіз  және 
арқау  жіптердің  сызықтық  тығыздығы,  матаның  1дм-дегі  олардың  саны 
және  басқа  да  параметрлер  мемлекеттік  стандарттарға  сәйкес  бекітіледі.  
Жиек матаның шетін қалыптастырады. Мақта маталары жиегінің ені мата 
енінен  0,5-1%  құрайды,  жүн  және  жібектікі  –  шамамен  1%,  зығырдікі  – 
0,25%.  Жиектер  матаны  тоқу  және  өңдеу  процесіндегі  өзгерістерден 
сақтайды.  Сондықтан  жиектер  қажетті  дәрежеде  төзімді  болуы  қажет. 
Жиектердің  төзімділігін  1  см  жиекте  негіз  бен  арқау  жіптердің  санын 
жоғарылата  отырып,  сонымен  қатар  жиектерде  фон  иірімжіптерімен 
салыстырғанда төзімді иірімжіпті қолдана отырып жоғарылатады. 
Кез-келген  белгілеудегі  маталар  (тұрмыстық,  техникалық  болсын) 
белгілі бір талаптарға жауап беруі тиіс. Мемлекеттік стандарттарға сәйкес 
мата  негіз  жіптердің  бойымен,  сонымен  қатар  арқау  жіптердің  бойымен 
үзілуіне белгілі бір төзімділікке жауап беруі қажет. 
Матаның  барлық  қасиеттері  кәсіпорын  зертханасында  өңделген 
ә
дістемемен анықталынады. 
Мата  құрылымы  туралы  мәліметтер  алу  мақсатымен  арнайы 
ә
дістеме бойынша жүргізілетін мата үлгісін зерттеуді матаны талдау деп 
атайды. 
Матаны талдау - өрім раппортын, матаның ішкі және сыртқы бетін, 
негіз  бен  арқау  жіптердің  түрін  және  сызықтық  тығыздығын,  олардың 
матаның 1дм-гі санын, негіз бен арқау жіптің қысқаруын анықтайды. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет