Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-сурет.  Негізгі өрімді маталардың  сабақталуы



Pdf көрінісі
бет70/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   150
24-сурет.  Негізгі өрімді маталардың  сабақталуы 
а – саржа 1/3, б,в – атлас 5/3 
 
Матаның  сабақтау  суретін  тұрғызу,  негіз  және  арқау  жіп  бойынша 
бір раппорттың шектеуінде оның өрім суретін бейнелеумен басталады. 
Ремизкаға  негіз  жіптерді  сабақтау    түрі  –  негізгі  және  арқау 
жіптерінің  өрім  түріне  байланысты  таңдалады  және  тоқуға  қатынасатын 
ремизкалардың  санын  табады.  Осыдан  кейін  ремизкаға  негіз  жіптерді 


80 
 
сабақтаудың  сызбасын  III  сызады.  Ары  қарай  тегіс  штрихтауды  қолдана 
отырып,  негіз  жіптерді  бердоға  сабақтаудың  сызбасы  II  келтіріледі. 
Бердоға  негіз  жіптерді  сабақтау  сызбасындағы  тегіс  штрихтау  бердоның 
бір  тісіне  сабақталынатын  жіптердің  санын  көрсетеді.  Бұл  –  мата 
құрылымына  тәуелді  және  1  дм-гі  негізгі  жіптердің  санымен,  жіп 
өрімдерінің  түрлерімен  және  ремизкаға  жіптерді  сабақтау  түрімен 
анықталынады.  Бердо  тісіне  сабақталынатын  жіптердің  саны,  ремизкаға 
жіптердің сабақталу раппортына және негіз бойынша өрім раппортына тең 
болуы керек. Көбінесе бердоның бір тісіне 2-ден 8-ге дейін және одан да 
көп жіптерді сабақтайды. 
Осыдан  кейін  өрімнің  раппорт  шектеуінде  арқау  жіптің  әр  жеке 
өтуіне  арналған  ремизкалардың  көтерілу  тәртібінің  сызбасы  IV 
көрсетіледі.  Күзудің  қалыптасуына  арналған  ремизкалардың  көтерілуі  – 
горизонтальды  және  вертикальды  жол  аралық  қиылыстармен 
анықталынады және крестик арқылы белгіленеді.  
Матаның тоқу суретін орындау үшін мыналарды есепке алу қажет: 
 -  тоқудағы  ремизкалардың  саны,  өрім  раппортындағы  әртүрлі 
айқасатын  негіз  жіптердің  санына  тең  болу  керек;  бұған  тек  негіз 
бойынша  үлкен  тығыздығы  бар  жаймалы  өрімді  мата  кірмейді;  оларға 
арналған  ремизкалардың  саны,  раппорттағы  әртүрлі  айқасатын  негіз 
жіптердің  санымен салыстырғанда жоғарылайды
 -  бір  ремизкаға  раппорттың  барлық  ұзындығы  бойынша  бірдей 
айқасатын негіз жіптерді сабақтайды
-  тоқу  суретіндегі  ремизкалардың  көтерілу  тәртібі  сызбасындағы 
карталардың  саны  -  өрім  раппортындағы  арқау  жіптердің  санына    тең 
болуы  қажет.  Өйткені  бір  карта  бір  күзудің  қалыптасуын  қамтамасыз 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет