Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н



Pdf көрінісі
бет80/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   150
Байланысты:
Muhametjanova tekstil materialdari (1)

қиыстырылған класстарын ажыратады. 


88 
 
Негізгі  өрім  класына  құрылымның  бірдей  элементтерінен 
(ілмектерінен)  тұратын  қарапайым  өрімдер  жатады.  Негізгі  өрімдердің 
құрылымы қарапайым болып келеді. 
Туынды  өрім  кластарына  бірнеше  бірдей  негізгі  өрімдердің 
үйлесімімен  тоқылған  өрімдер  жатады.  Олар  бір  өрімнің  ілмекті 
бағаналарының  арасында  екінші  өрімнің  ілмекті  бағаналары    орналасып 
тоқылады. 
Суретті  өрім  класына  қосымша  элементтерді  (нобайлар, 
созылмалар,  қосымша  жіптер)  қосу  жолымен,  немесе  жаңа  қасиеті  бар 
трикотажды алу мақсатымен өндіру процестерін өзгерту  жолымен негізгі 
және туынды өрімдер негізінде алынатын өрімдер жатады. 
Негізгі,  туынды  және  суретті  өрім  негізінде  жасалған  кластар 
тармағының саны шектеулі. 
Ал  қиыстырылған  өрімді  трикотаж  әртүрлі  негізгі,  туынды  және 
суретті  өрімдердің  белгілерімен  үйлеседі.  Әр    қиыстырылған  өрімді 
трикотаждың екі әртүрлі класс белгілері болады. 
Трикотаждың  әртүрлі  класты  өрімдерінің  үйлесім  әдісіне 
байланысты  қарапайым,  туынды-қиыстырылған,  суретті  және  күрделі 
қиыстырылған өрімді трикотаж түрлері бар. 
Класс  және  класс  тармағынан  басқа  өрім  раппортпен  сипатталады. 
өрім раппорты дегеніміз – ілмекті қатарлардың (биіктік бойынша раппорт 
H
R
)  немесе    ілмекті  бағаналардың  (ені  бойынша  раппорт 
В
R
)  ең  төменгі 
саны  ілмекті  қатар  немесе  ілмекті  бағана  тоқылғаннан  кейін  өрімдегі 
ілмектер,  созылмалар  немесе  нобайлар  кезектесу  тәртібі  қайталанып 
отырады. 
Иілмелі  өрімді  трикотажда  ілмекті  қатар  бір  жіптен  жүйелі  түрде 
тоқылады,  ілмектің  артынан  ілмек  немесе  ілмекті  қатарды  тоқуға 
бағытталған  ілмекке  иілетін  бір  немесе  бірнеше  жіптердің  белгілі  бір 
тізбектелуі  кезінде  тоқылады.  Негіз  өрімді  трикотажда  ілмекті  қатар  бір 
уақытта  бір  немесе  бірнеше  жіптер  арқылы  тоқылады.  Мұнда  әр  жеке 
негіз жіптерден бір ілмектен немесе екі ілмектен қалыптасады.  
Трикотаждың  қалыңдығын  сипаттайтын  ілмекті  қабаттардың  саны 
бойынша  оларды  бір  қабатты  және  көпқабатты  трикотаждар  деп 
ажыратады.  Бір  қабатты  өрімді  трикотаж  бір  инешегі  бар  машиналарда 
өндіріледі,  ал  кейбір  көп  қабатты  өрімді  трикотаж  екі  немесе  бірнеше 
инешектері бар машиналарда өндіріледі. 
Трикотаж өрімдерінің әр жеке класстарының ілмектерінің де түрлері 
ә
ртүрлі болып келеді: ашық және жабық созылмалары бар ілмектер. 
Әрт
үрлі  класс    тармақты  трикотаж  өрімдеріне  шартты  белгілер 
енгізіледі.  Негізгі  және  туынды  өрімнің  класс  тармақтарын  бір  немесе 
бірнеше  әріптермен  белгілейді,  яғни  бір  қатарда.    Мысалы:  Ж  –  жатық, 


89 
 
БЖ  –  беттік  жатық,  Т  –  трико,  А  –  атлас,  ТТ  –  туынды  трико,  ҚТТ  – 
қосарлы туынды трикоТЛ – туынды ластик және тағы да басқалары. 
Суретті өрім класс тармақтарын бөлшек түрінде жазады. Алымында 
суретті өрім негізінде алынған негізгі және туынды өрімдердің класстары 
үлкен  әріптермен  белгіленеді,  ал  бөлімінде  суретті  өрімінің  класс 
тармақтары  әріптермен  белгіленеді.  Мысалы:  Ж/С  –  жатық  негізіндегі 
селдір  өрімі  трикотажы,  Л/Ж  –  ластик  негізіндегі  жаккард  өрім 
трикотажы. 
Қиыстырылған  өрімді  қосынды    түрінде  жазады.  Мысалы:  Л+Ж  – 
ластик  және  жатық  өрімдерінің  элементтерінен  тұратын  қиыстырылған 
өрім,  Л/Ж+Л/Пр  –  ластик  негізіндегі  қиыстырылған  пресс-жаккардты 
өрім. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет