98
жылжыды. Келтіру операциясы кезіндегі жіптің ең соңғы жағдайын
келтіретін болсақ, онда ескі және жаңа ілмектер бір-бірінен ажыратылған.
Жаңа ілмектер, ілгек астында орналасқан, ал ескі ілмектер иненің
ілгегінде майысып тұрады. Трикотаждың жаңа элементі – ілмекті тоқу
үшін жаңа жіпті ескі ілмек арқылы тарту қажет. Шығару және келтіру
операциялары орындалғаннан кейін, жаңа және ескі ілмекті байланыстыру
операциясы жүреді.
Байланыстыру – ілгек шыңының ішкі нүктесінің ескі ілмектің
орналасу кеңістігіне сәйкес келеді. Осыдан кейінгі иненің және ілгектің
салыстырмалы қозғалысы, ине ілгегінен ескі ілмектің жаңа ілмекке түсуін
анықтайды. Бұл операция – лақтыру деп аталады.
Ескі ілмектер лақтырылғаннан кейін жаңа ілмектер қалыптасады.
Қалыптастыру дегеніміз – инелерден түсірілген ескі ілмектер арқылы
жаңа жіптерді тарту, осының нәтижесінде жаңа ілмектер пайда болады.
Ілмекқалыптастырудың трикотажды әдісінде, қалыптастыру операциясы
кезіндегі жаңа ілмектегі жіптің ұзындығы, иілдіру операциясы кезіндегі
ілмектегі жіптің ұзындығына тең.
Қалыптастыру операциясымен ілмекқалыптастыру циклы аяқталады,
яғни нәтижесінде жаңа ілмек тоқылады. Ілмекқалыптастыру бөлшектері,
тоқудың жаңа циклын бастайды. Иненің алғашқы қозғалысы, одан ескі
ілмекті тарту арқылы жүреді. Қалыптастыру операциясынан кейін инеден
түсірілген ескі ілмектер, инелерге салыстырмалы түрде ілмектер иненің
ілгегіне қайта түсе алатындай болып орналасады. Бұл құбылыс
трикотаждың ақаулығына әкеп соқтырады. Тарту операциясы кезіне ескі
ілмек, қозғалынатын ине траекториясынан алынып тасталынады. Тарту
операциясы платинаның көмегімен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: