Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-сурет. Негіздеп тоқу өрімдері



Pdf көрінісі
бет84/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   150
29-сурет. Негіздеп тоқу өрімдері 
 
Трико  өрімінің  туындысы  сукно  өрімі  болып  табылады.  Сукно 
өрімдері біреуден кейін екі ілмекті бағаналарда кезектесіп орналасқан жіп 
жүйелері арқылы тоқылады (29,в-сурет). Қарастырылып отырған негіздеп 
тоқу  өрімдеріне,  ілмекті  бағаналардың  санын  көрсететін  n  параметрін 


92 
 
енгізуге  болады.тізбекше  өрімі  үшін  n=0,  трико  өрімі  үшін  n=1,  сукно 
өрімі үшін n=2 болады. 
n  параметрі  жоғарылаған  сайын  трикотаждың  беттік  тығыздығын 
және  созу  ұзындығы  жоғарылайды,  және  ілмекті  қатарлар  сызығына 
созылмалардың  иілу  бұрышы  төмендейді.  Созылмалар  мұндай  жағдайда 
ені бойынша бағытталады, ал бұл – трикотаждың ені бойынша созылуын 
төмендетуге әкеп соқтырады. 
Ал  негізгі  өрім  кластарына  келетін  болсақ,  оларға  атлас  өрімі 
жатады. Атлас - әр жіп, аралас ілмекті бағаналарда ілмектерінің екі жақты 
созылмаларын  белгілі  бір  тәртіппен  тоқитын  негіздеп  тоқу  өрімі  болып 
табылады.  Қарапайым  негіздеп  тоқу  машиналарында  атлас  өрімінің 
ілмекті қатарлары трико өрімінің қатарларымен тізбектеледі (29,г-сурет). 
Мұндай  трикотажда  өрімнің  минималды  раппорты  ені  бойынша  R
г
=3
биіктігі бойынша R
В
=4 болады. Раппортты бейімделу бағытын өзгертетін 
трико қатарларынан алғашқы қатарларын қайталайтын трико қатарларына 
дейін анықтайды. Көрші ілмекті бағаналарын байланыстыратын созылым 
раппорттары  үлкен  болған  жағдайда,  олар  бірінші  бір  бағытқа 
бейімделеді,  одан  кейін  кері  қарай  алғашқы  ілмекті  бағанаға  қайтып 
оралады. Ілмектердің шығатын созылманың қарама-қарсы бағытына қарай 
иілмелі болады немесе солай қарай иіледі. Осының  нәтижесінде бір түсті 
жіптерден  тоқылатын  атлас  өрімді  трикотаждың  әртүрлі  көлденең 
жолақтары  болады.  Егер  негіз  жіптер  түрлі-түсті  болып  келетін  болса, 
онда атлас өрімінің бетінде зигзаг тәрізді сурет болады. 
Екі  жақты  созылмалары  бар  атлас  өріміндегі  ілмектегі  жіптің 
ұзындығы, ілмекті бағаналар мен қатарлардың иілуін есепке ала отырып, 
мына формуламен анықтайды: 
 
d
В
А
а







2
2

     (26) 
мұндағы  A′  -  иілу  қатарларының  сызығы  бойындағы  ілмекті  қадам 
(A′=A sin α); B′ - ілмекті қатардың биіктігі (B′=B/sin α, мұндағы α – ілмекті 
қатарларға ілмекті бағаналардың иілу бұрышы ). 
Атлас өрімі үшін, яғни трико өрімінің қатарларымен тізбектелінетін 
атлас  өрімінің  ілмектегі  жібінің  орташа  ұзындығы  табылады.  Трико 
өріміндегі  айналу  ілмектеріндегі  жіптің  ұзындығы  n=1  болған  жағдайда 
анықталынады: 
d
B
A
T



2
3
4
3
8
3




     (27) 
Сонда ілмектегі жіптің орташа ұзындығы былай анықталынады: 
 




T
a
R
R



2
2
1



     (28) 


93 
 
 
мұндағы R - өрім раппортының биіктігі 
Барлық  негіздеп  тоқу  өрімдерінің  ерекшеліктеріне  -  олардың  
тарқатылмайтындығы жатады. Раппорты аз өрімді тізбекше, трико, атлас – 
тоқудың кері бағытында ғана тарқатылады. 
Енді трикотажды автоматты жобалау түсініктемесіне келетін болсақ, 
трикотажды  технологиялық  жобалаудың  алғашқы  шарты  –  көркем 
жобалау нәтижесінде алынатын бұйым бөлшегінің формасы немесе жайма 
өрнегінің  патроны  болып  табылады.  Өңделген  сурет  немесе  бұйым 
бөлшектері  тоқу  машинасында  алынуы  керек.  Бұйымның  жеке 
элементтері  тікелей  тоқу  процесінде  өндіріледі  немесе  жаймадан  пішу 
ә
дісі  арқылы  алынады.  Жобалаудың  бірінші  кезеңінде  трикотаж 
құрылымы  тоқу  машинасының  түрін  анықтайды.  Ал  екінші  кезеңінде 
трикотаж  өрнегінің  көшірмесіне  арналған  мәліметтер  және  берілген 
формадағы трикотажды дайындаудың басқару бағдарламасы жобаланады. 
Өрнек  көшірмесіне  арналған  мәліметтерге,  дискілі  немесе  барабанды 
өрнек  құрайтын  механизмдерді  перфотаспа  немесе  перфокартты  кертіп 
түсірудің  сызбалары  жатады.  Технологиялық  жобалаудың  осы  кезеңінде 
трикотаждың  негізгі  технологиялық  параметрлерінің  есептемесі 
келтіріледі: 
-  әртүрлі  шикізаттың  пайызды  құрамы,  беттік  тығыздығы,  тоқу 
тығыздығы; 
-  бір бұйымға кететін шикізат шығыны және қалдықтар мөлшері; 
-  құрал-жабдықтың өнімділік нормасы, ПУК; 
-  өндіріс көлемі. 
Трикотажды  технологиялық  жобалау  үшін  көптеген  сансыз  және 
қиын есептемелерді орындау  қажет. Трикотажды автоматты жобалаудың 
жүйесін  қолданған  кезде  барлық  есептемелер  электронды  есептегіш 
машиналарда жүргізіледі. Бұл уақыт шығынын төмендетеді және дәлдікті 
жоғарылатады. Есептемелердің нәтижелерін, тоқу машинасының толтыру 
параметрлері  ретінде  қолданады.  Бұл  машинада  трикотаж  үлгілері 
тоқылады.  Үлгілерді  техникалық  шарттармен  жобаланатын  параметрлер 
бойынша 
салыстырады. 
Ауытқу 
нәтижеле
рі 
бойынша 
тоқу 
машиналарының  толтырылу  параметрлері  анықталынып,  енгізіледі. 
Осыдан кейін стандартты өнім өндіріледі. 
Трикотажды  автоматты  жобалау  жүйесін  іске  асыру  үшін  мыналар 
қажет:  трикотаж  құрылымының  математикалық  жазбасы;  трикотаж 
өрнегінің  патроны  бойынша  оның  құрылым  элементтерін  автоматты 
сандық  анықтау  тәсілдері;  трикотаж  параметрлері    есептемелерінің 
алгоритмі (беттік тығыздық, кішірею, әртүрлі шикізат шығындары, құрал-
жабдықтардың  өнімділігі);  өрнек  есептемелерінің  алгоритмдері  және 


94 
 
өрнек  жасайтын  механизмі  бар  машиналардағы  өрнек  көшірмесіне 
арналған кестелерді дайындау. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет