Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


 Трикотаж машинасының негізгі жұмысшы бөлшектері



Pdf көрінісі
бет85/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   150
3.5. Трикотаж машинасының негізгі жұмысшы бөлшектері 
 
Трикотаж машинасында берілген қозғалысты және жіптің жағдайын, 
қасиетін, формасын өзгертуді жүзеге асыратын механизмдер біріктірілген 
Трикотаж  машинасының  негізіне  –  ілмекқалыптастыру  бөлшектері 
жатады.  Ал  ілмекқалыптастыру  бөлшектеріне  инелер,  платиналар,  пресс, 
көзшелер жатады. Ілмекқалыптастыру бөлшектерінен басқа бөлшектер де 
болады.  Ілмекқалыптастыру  бөлшектерімен  бірге  барлық  осы  бөлшектер 
инелі-платиналы бұйымдар деп аталады. 
Негізгі  жұмысшы  бөлшектердің  құрылымы,  бірінші  кезекте 
машинада тоқылатын жайманың немесе бұйымдардың түріне байланысты 
болып  келеді.  Ілмекқалыптастыру  процестері  де  құрылымға  өзіндік 
ерекшелігін  білдіреді.  Егер  ілмекқалыптастыру  жүйесінің  бөлшектері 
күрделі  шарттарда  жұмыс  істейтін  болса  (үлкен  айналу  жиілігі,  соққылы 
жүктемелер,  күрделі  иілу  немесе  майысу),  онда  олардың  физика-
механикалық  қасиеттері  жоғары  болуы  керек.  Инелі-платиналы 
бұйымдардың  түрлері  өте  көп.  Инелі-платиналы  бұйымдар  шығаратын 
өнім  номенклатурасы  каталогқа  енгізіледі.  Бұл  каталогта  әр  бұйымға 
«позиция» деп аталатын шартты белгілеу берілген. А өлшемі кішірек болу 
керек,  өйткені  ол  ілмекқалыптастыру  процесінде  иненің  жүрісін  алдын-
ала  анықтайды  және  осылай  ілмекқалыптастыру  процесінің  бойлық 
ұзындығына  өз  әсерін  тигізеді.  Иненің  формасы  тілшенің  ашық  және 
жабық  жағдайында  да  өзегімен 


0
0
17
...
15
,
20
....
15




  қамтамасыз  ету 
керек. 
Ал  енді  бұл  бөлшектердің  құрылымдарына  жеке-жеке  тоқталайық. 
Мысалы, тілшелі ине. Тілшелі инелердің ілгегі 1, тілшесі 2, тостағаны 3, 
осьі  4,  өзегі  5,  өкшесі  6  және  арты  жағы  7  болады.  Тілшелі  иненің 
ерекшеліктеріне  айналатын тілшесі жатады. Оның қызметі – ескі ілмекті 
пресстеу  және  келтіру  операциясын  орындаған  кезде  иненің  ілгегін 
жабады (30,а – сурет).  
Иненің пішіні инеден ескі ілмекті түсіруге мүмкіндік туғызуы керек. 
Пресстелінген  инелерден  ескі  ілмектердің  түсуі  қиын  болады.  Ілмектің 
түсуін  жеңілдету  үшін  тілшенің  тостағанын  3  ілгекке  қарағанда  кеңірек 
жасайды.  Сонда  ескі  ілмек  тостағанда  ұлғайып,  жаңа  ілмекке  жылдам 
және жеңіл түседі. 
Ілмекқалыптастыру  процесінің  ерекшеліктері,  тілшелерінің  және 
өкшелерінің  санымен  ерекшеленетін  тілшелі  инелердің  құрылымын 
анықтайды.  Каталогтағы  тілшелі  инелердің  позициясы,  инелердің  жеке 
бөлшек формаларына, өкше биіктігіне байланысты әртүрлі болады. 


95 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет