Маханбеталиева к. Т., Мухамеджанова с. Н


-сурет. Екі фонтурлы машинадағы ілмекқалыптастыру



Pdf көрінісі
бет97/150
Дата30.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#32911
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   150
35-сурет. Екі фонтурлы машинадағы ілмекқалыптастыру 
процесі 
 
Енді  әр  инешекте  ілмектің  жүйелі  тоқылуы  кезіндегі  екі  фонтурлы 
машинадағы  ілмекқалыптастыру  процесін  қарастырайық.  Толық  емес 
бекіту операциясының алғашқы жағдайы 35,а-суретінде көрсетілген. Ескі 
ілмектер  ине  тілшесінің  соңында  орналасқан.  Бекіту  операциясын 
орындау  үшін  инелер  V

    және  V
2
  бағытына  қарай  қозғалады.  Ескі 
ілмектер, үйкеліс күшінің әсерінен инелермен бірге қысылып қалмас үшін 
ілмектер,  жайманы  тарту  механизмі  арқылы  инешектер  арасынан 
тартылады. (F күші). Бекіту операциясынан кейін жіпжүргізгіш екі инеге 
де жіп береді. Бірінші жіптің төселуі кезінде вертикальды ине жылжиды, 
одан  кейін  горизонтальды  ине  қозғала  бастайды  (35,б-сурет).  Жіпті 
алғаннан кейін цилиндрдің вертикальды инесі төмен қарай түсе бастайды. 
(35,в-сурет).  Ескі  ілмек  цилиндрдің  тойтарма  тістерінде  орналасады. 
Цилиндр  инесінің  тілшесі  пресстеу  операциясын  орындай  отырып,  ескі 
ілмекпенен  айналады.  35,г-суретінде  жабық  тілшеге  ескі  ілмектің 
келтірілу  операциясы  және  дискінің  горизонтальды  инесіндегі  пресстеу 
операциясы  көрсетілген.  Бұрынғы  бағыттағы  иненің  қозғалысы, 


107 
 
вертикальды  инемен  жаңа  ілмектің  Н
1
  қалыптасуына  (35,д,е-сурет)  әкеп 
соқтырады. Мұндай жағдайда ескі ілмектер, тойтарма тістерінің арасында 
ұсталынып  қалады  және  олар  арқылы  жаңа  ілмектің  жібі  инемен 
тартылады.  Цилиндр  инесімен  ілмектің  тоқылуы  кезіндегі  инемен 
ілмектің  өзара  орналасуы  35,е-суретінде  көрсетілген.  Осы  уақытта 
горизонтальды  ине,  жаңа  ілмекті  Н
2
  қалыптастырады  (35,ж-сурет). 
Цилиндрде және дискіде жаңа ілмек тоқылып болғаннан кейін, сол жіптен 
ілмек  тоқуды  келесі  вертикальды  ине  бастайды,  одан  кейін  жұмысқа 
горизонтальды ине кіріседі. 
Осындай  жолмен,  ілмекқалыптастыру  операциялары  бір  инеде  не 
болмаса екінші инеде кезекпенен орындалады. 
Ілмектердің 
біркелкілігі, 
үлестіретін 
немесе 
бөлетін 
ілмекқалыптастырудың  тоқу  әдісімен  жүзеге  асырылады.  Цилиндр 
инелері үлкен өлшемді ілмектер қалыптастырады, осыдан кейін дискінің 
инелері цилиндр ілмектері жағынан алынатын жіптерден ілмектер тоқиды. 
Жіп  цилиндр  және  дискі  инелеріне  төселеді,  ілмектер  бірінші  цилиндр 
инелерінде тоқылады, ал бұл кезде дискінің инелері қозғалыссыз болады. 
Ілмектегі  жіптің  ұзындығы  бойынша  трикотаждың  біркелкілігі,  ластик 
машиналарында өндірілетін жаймаларға сипаттас болып келеді. 
Егер  жоғарғы  және  төменгі  инешектің  инелері  шахматты  тәртіпте 
емес, бір-біріне қарама-қарсы орналасса, онда шеңберлі ластикті машина 
екі ластикті немесе интерлок машинасына айналады. Мұндай машинадағы 
цилиндрдің және дискінің инелері бір жүйеде бірге жұмыс істей алмайды. 
Қосластикті  машиналарда  ілмекқалыптастыру,  үдемелі  шарттарда 
жүреді.  Бекіту  операциясы  кезінде  инелердің  жартысы,  мысалы  жұп 
сандағылары,  инешеккке  салыстырмалы  түрде  қозғалады,  ал  қалғандары 
тақ  сандағылары  бұрынғы  жағдайда  қалады  және  ілмектерді  инелермен 
бірге  жылжып  кетпеуі  үшін,  ұстап  тұрады.  Осыған  байланысты 
қосластикті  машиналар  трикотаждың  төменгі  шиеленісу  шарттарында 
жұмыс  істейді.  Сондықтан  интерлок  машиналарының  тоқу  жылдамдығы 
жоғары (1,3 м/с дейін) ал ластикті машиналардың тоқу жылдамдығы 0,7-
0,8 м/с болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет