Майерс-Бриггс тесті: 4 сұраққа жауап беріп, кім екеніңді анықта


Екі аптадан соң жақын досыңыздың үйлену тойы. Сіздің дайындығыңыз қалай?



бет2/3
Дата18.08.2022
өлшемі32,11 Kb.
#38183
1   2   3
Байланысты:
Мамандық тест

4. Екі аптадан соң жақын досыңыздың үйлену тойы. Сіздің дайындығыңыз қалай?

  • Тойға киетін киімімді үтіктеп, дайындап қойғанмын. Жас жұбайларға олардың фотосуреттерінен дайындалған видеопрезентация мен фотоальбом сыйлаймын. Мен оның өміріндегі ең маңызды сәтті өзінен де артық күтіп жүрмін ғой – J.

  • Мен несіне дайындаламын? Мен оның тойына қонақ ретінде барамын ғой. Көңіл көтеріп, тамақтанып қайтуға қарсы емеспін — P.

Ал енді таңдаған нәтиже бойынша әріптер тізбегін жасаңыз. Сол көрсеткіш бойынша сізге мынадай мамандықтар сәйкес келеді:
ESTJ — бастық
Барлық істе тәртіп болғанын қалайды. Барлық адамға өзінің пікірінің дұрыс екенін дәлелдеп, өзі ұстанған бағытпен жүруге үйреткісі келеді. Өмір шындығына тура қарайды және тек қана фактілерге сенеді. Ашық қарым-қатынасты, жаңа таныстықтар мен шулы ортаға қарсылығы жоқ.
ENTJ — командир
Ол үшін өмірдің бар қызығы – күрес. Ол өзін қоршаған ортадағы құбылыстардың барлығын күрес жолындағы кедергілер деп біледі. Батыл әрі тәуекелшіл, жаңа нәрсеге жылдам үйренеді. Қимыл-қозғалыс, спортты жаны сүйеді. Өзіне артылған кез келген міндетті қиындығына қарамастан шыдамдылықпен, жауапкершілікпен орындайды.
ESFJ — ұстаз
Кез келген адаммен жақсы тіл табыса алады. Қырағы, мұқтаж жандарға қол ұшын беруге дайын. Кейде адамдарға көмектесу үшін өз басын қатерге тігуге даяр. Көздеген мақсатына басқалардың көмегінсіз, өз күшімен жетуге талпынады. Тек жақындарының рухани қолдауы маңызды, себебі, жаны тым нәзік.
ESTP — маршал
“Бастысы жеңіс емес, қатысу” – бұл маршал тобындағылардың басты ұраны. Мақсатына жету үшін көп күш жұмсамай, басқа әдіс-тәсілдерді қолданғанды жөн көреді. Басшылыққа бағынғанды, бұйрықтарды орындағанды ұната бермейді. Тек өзінің қызығушылығына ғана жұмыс істейді. Тығырықтан жол табудың шебері.
ENFJ — ақылгөй
Тілге шешен, эмоцияға берілгіш адам. Әр нәрсеге сенімсіздікпен қарайды. Болашақта болатын оқиғалар мен оның салдарын алдын-ала болжап біледі. Көпшілік оны тым сабырсыз, уайымшыл, қызуқанды, сөзшең адам ретінде қабылдауы мүмкін. Оның пайдалы тұстарын көп бағалай бермегенімен, қауіп-қатердің алдын алатын қабілеті бар.
ENTP — ағартушы
Жаңа идеялардың генераторы. Жұмыс өнімділігін арттырудың, істі меігерудің жаңа әдіс-тәсілдерін сынақтан өткізуден шаршамайды. Қалыптасып қалған дәстүрді, ескілікті ұнатпайды. Маманданған саласына да, хоббиіне де тұрақсыз. Үнемі жаңашылдықты іздеп жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет