ESFP — саясаткер Айналасындағылармен тез тіл табысып, олардың ықыласын өз мақсатына пайдаланады. Уақытты босқа жоғалтуды дұрыс емес деп есептейді. Кез келген істе жылдамдығымен, нәтижелілігімен ерекшеленеді.
ENFP — чемпион Энергияға толы, биікке ұмытылады. Әр істе максималистік көзқараста. Көшбасшы болмағанымен, ісі арқылы жақсылыққа жетуді көрсетіп тұрады. Кез келген жағдайды баланс сақтай алады.
INFP — емші Көп армандайды. Бірінші орынға адамның ішкі жан-дүниесінің байлығын қояды. Адамдарды жақсы таниды. Сұлулыққа жаны құмар. Қоғамда қандай оқиға орын алып жатса да әдемі болып жүргенді жақсы көреді. Үнемдеуді білмейді. Кез келен ортаға бейімделіп кетуі қиын.
ISFP — композитор Қарапайым нәрсенің өзінен қуануға себеп тауып алады. Адамдарды күлдіріп, көңілдерін көтергенді ұнатады. Алайда, келіспеушілік пен ұрыс-керісті көтере алмайды. Қамқорлығы үшін айналасындағыларға сыйлы. Әлемді бар қалпында қабыладйы, адамдарды басқаруға құмар емес.
INTP — архитектор Эмоциясына берік. Сезімін сыртқа шығара бермейд. Маңызды шешім қабылдау үшін көп ойланады. Зерттеу жұмыстарын жүргізгенді жақсы көреді.
INFJ — кеңесші Адамдардың қарым-қатынасын жақсы меңгерген. Олардың таланты мен икемі қай салада екенін бірден аңғара алады. Интуициясымен таңқалдырады. Өзімен-өзі болғанды жақсы көреді. Оның басты ғылымы – өзін-өзі тану. Өзін тану арқылы өзгелерге көмесктесе аламын деп ойлайды. Ешкімге ашылып сөйлесе бермейді. Сөйлескен адамына ақыл-кеңес, дұрыс бағыт-бағдар бере алады.
INTJ — шабыт беруші Ішкі жан-дүниесі өте бай. Мінсіздікке ұмытылады. Адаамдарға ашыла бермейді. “Мен сияқты бол” деген үлгі көрсетеді. Еркін өмір сүргенді қалайды. Қолжетімсіз болып көрінеді. Өз-өзіне тым сенімді.
ISFJ — қорғаушы Өтірікке жаны қас. Шынайылықты жақсы көреді. Қарым-қатынаста “өз” адамдары мен бөтендердің шекарасын жасап қойған. “Өз” адамдарын қорғап, қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады. Сөзіне де, ісіне де абай.
ISTP — шебер Сөзден қарағанда іске жақын. “Жеті рет өлшеп, бір рет кес” деген принципті ұстанады. Нақтылықты талап етеді. Өзіне ұнамаған адамдармен қарым-қатынас жасамайды. Шаруасын бітіргенде ешкім мақтау айтпаса да рахаттана біледі.
ISTJ — инспектор Терең ойлайтын, жауапкершілігі мол адам. Адамдарға сенімді серік, бірақ өзі ешкімге сенбейді. Іскерлік қатынастарды ұнатады. Ең соңғы нәтиже ол үшін өте маңызды. Қаталдықты, тәртіпті дұрыс деп санайды. Қиялға ерік бермейді. “Қазір және осында” деген принципті ұстанады.