Макроэкономика


Құбылмалы айырбас бағамы бар шағын ашық экономика



бет63/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85
Байланысты:
treatise137692

7.6 Құбылмалы айырбас бағамы бар шағын ашық экономика
Бұл жағдайда да капиталдың толық мобилділігі жорамал­данады. Орталық банк валюталық нарықтағы тепе-теңдіктің қалыптасуына араласпайды. IS-LM-NX моделінде тепе-теңдік жағдайында үш қисық бір нүктеде қиылысады ма деген сұрақ туады?

7.9-сурет. Құбылмалы айырбас бағамы кезіндегі тепе-теңдік


Егер IS және LM қиылысуы NX сызығынан төмен орналасса, онда шетелдік валютаға сұраныс пайда болады. Ұлттық валюта құнсызданады, яғни Е айырбас бағамы, сонымен бірге нақты айырбас бағамы е жоғарылайды. Экспорт артып, импорт қысқарады, және IS қисығы оңға, LM және NX қисықтарының қиылысу нүктесіне дейін жылжиды.

Сонымен, құбылмалы айырбас бағамы кезінде тепе-теңдік LM және NX қисықтарымен анықталады. IS қисығының қалпы эндогенді түрде анықталып, осы екі қисықтың қиылысуынан өту үшін икемделеді.



Бюджет-салық саясатының ықпалы. Егер мемлекет экспансиялық фискалдық саясат жүргізсе, яғни өз шығыстарын өсіріп немесе салықтарды азайтса, онда модельде IS қисығы оңға IS1 дейін жылжиды (7.10-сурет).

7.10-сурет. Бюджет-салық саясатының ықпалы


IS1 және LM қисықтарының қиылысу нүктесі NX сызығынан жоғары, яғни ішкі тепе-теңдік пайыз мөлшерлемесі әлемдік пайыз мөлшерлемесінен жоғары болып қалады. Бұл ел ішіне капиталдың ағымын тудырады.

Құбылмалы айырбас бағамы шартында Орталық банк валюталық нарықтағы процестерге араласпайды. Сондықтан шетел валютасының артық ұсынысы ұлттық валютаның қымбаттауына, яғни Е атаулы айырбас бағамы мен е нақты айырбас бағамының жоғарылауына әкеледі. Таза экспорт қысқарады, IS1 қисығы солға IS қисығына оралғанға дейін жылжиды.

Сонымен, құбылмалы айырбас бағамы шартындағы фискалдық саясат таза экспорттың қысқаруымен ығыстырылады.

Ақша-несие саясатының ықпалы. Орталық банк экономи­кадағы ақша ұсынысын өсірді деп жорамалдайық. LM қисығы оңға LM1 дейін жылжиды да, ішкі пайыз мөлшерлемесі төмендейді (7.11 сурет).

Инвесторлар өз капиталдарын шетелде орналастыруды тиімдірек көреді. Капиталдың шетелге ағымы басталады. Ішкі валютаның шетелдік валютаға айырбасталуы ұлттық валютаның құнсыздануына, яғни Е атаулы айырбас бағамы мен е нақты айырбас бағамының жоғарлауына әкеледі.



Жоғарыда анықталған тәуелділіктерге сәйкес экспорт артады да, импорт қысқарады. Сауда балансы жақсарады. IS қисығы оңға IS1 қисығына дейін жылжиды да, ішкі пайыз мөлшерлемесі әлемдік пайыз мөлшерлемесіне теңеседі.

7.11-сурет. Ақша-несие саясатының ықпалы


Үлкен экономиканың макроэкономикалық саясаты әлемдік экономикаға, жеке түрде әлемдік пайыз мөлшерлемесіне елеулі ықпал етеді. Елдің экономикасы үшін бұл саясаттың салдары жабық экономика мен шағын ашық экономика салдарымен салыстырғанда орташа болып қалады.

І Негізгі түсініктер




  1. Айырбас бағамы

  2. Атаулы айырбас бағамы

  3. Нақты айырбас бағамы

  4. Әлемде айырбас бағамының негізгі тәртіптері

  5. Ұлттық валютаның девальвациясы

  6. Ұлттық валютаның ревальвациясы

  7. Тіркелген айырбас бағамы

  8. Құбылмалы айырбас бағамы

  9. Екі елдің бағалар қатынасы

  10. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет