|
ІІ Келесі пікірлер дұрыс па?
|
бет | 64/85 | Дата | 11.04.2022 | өлшемі | 6,97 Mb. | | #30573 |
| Байланысты: treatise137692ІІ Келесі пікірлер дұрыс па?
Әр түрлі елде өндірілген тауарлар мен қызметтердің бағасын салыстыру үшін, оларды бір валютаға айналдыру қажет.
Номиналды айырбас бағамының жоғарлауы ұлттық валютаның құнсыздануын білдіреді.
Номиналды айырбас бағамының төмендеуі ұлттық валютаның қымбаттауын білдіреді.
Тұрақты айырбас бағамы жағдайында Орталық банк айырбас бағамының қалыптасу процесіне араласпайды.
Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында Орталық банк шетел валютаны тұрақты ара қатынаста сатуға немесе сатып алуға міндеттеме алады.
Бірыңғай баға заңы – сатып алу қабілетінің тепе-теңдігінің негізі.
Нақты айырбас бағамы – бұл екі елде өндірілген тауардың салыстырмалы бағасы.
Атаулы айырбас бағамы – бұл екі елдің валюталарының салыстырмалы бағасы.
Айырбас бағамы жоғарылағанда ұлттық валюта құнсызданады.
Айырбас бағамы төмендегенде ұлттық валюта қымбаттайды.
Тұрақты айырбас бағамы жағдайында ақша-несие саясаты экономикада шығарылым деңгейін өзгертпейді.
Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында экспансиялық фискалды саясат ел ішіне капиталды тартады.
Егер ұлттық валюта құнсызданса, онда нақты айырбас бағамы өседі.
Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында Орталық банк валюталық нарықтағы процестерге араласады.
Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында шетел валютаның артық көлемі ұлттық валютаны қымбаттатады.
Құбылмалы айырбас бағамы жағдайында таза экспорттың азаюы фискалды саясатты ығыстырып жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|