Макроэкономика



бет72/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,97 Mb.
#30573
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85
Байланысты:
treatise137692


І Негізгі түсініктер





  1. Экономикалық өсу

  2. Экономикалық өсу түрлері

  3. Экономикалық өсу факторлары

  4. Экономикалық өсудің Е. Домар моделі

  5. Экономикалық өсудің Р. Харрод моделі

  6. Экономикалық өсудің Р. Солоу моделі

  7. Өсудің стационарлық тәртібі

  8. Қорланудың «алтын ережесі»

  9. Халықтың тұрмыс жағдайына ҒТП әсері

  10. Еңбек тиімділігі



ІІ Келесі пікірлер дұрыс па?




  1. Экономикалық өсу дегеніміз белгілі уақыт аралығында нақты өндіріс көлемінің артуы.

  2. Экономикалық өсу қарқынын бағалауы ел халқының әл-аухаты дәрежесіне баға бермейді.

  3. Таза түрде экономикалық өсудің екі түрі қана кездеседі – ол интенсивті және экстенсивті.

  4. Экономикалық өсу модельдерінің алғашқысы – Харрод-Домар моделі.

  5. Домар ұзақ мерзімде толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету мәселесін қарастырады.

  6. Е. Домар капитал өсімінің «табиғи» қарқыны деген түсінікті енгізді.

  7. Кобб-Дугластың экономикалық өсу моделі үш факторлық модель болып табылады.

  8. Көптеген экономикалық өсу модельдері бойынша нақты ЖІӨ өсуі ең алдымен капитал мен еңбектің әсерінен орын алады.

  9. Р.Солоу моделі – экономикалық өсудің екі факторлық моделі.

  10. Солоу моделінің мақсаты тұтыну мен жинақтың өзара тәуелділігін талдау болып табылмайды.

  11. Тұрақты ауқым нәтижесі – Солоу моделінде өндірістік функцияның қасиеті.

  12. Солоу өз моделінде бір жұмысшыға шаққандағы айнымалыларды қолданған, себебі еңбек мөлшері тұрақты.

  13. Қорлану нормасының мәндері 1-ден 1-ге дейін ауытқиды.

  14. Бір жұмысшыға шаққандағы инвестиция қорлану нормасына тәуелді және i=sf(k) тең.

  15. Амортизация нормасы δ – тозу нәтижесінде жыл сайын айналыстан шығарылатын капитал үлесі.

  16. Стационарлық тәртіп – экономиканың тұрақсыз жағдайы.

  17. Тұрақты қалпыда бір жұмысшыға шаққандағы инвестициялар бір жұмысшыға шаққандағы тұтынудан артық болады.

  18. Неғұрлым қорлану нормасы жоғары болса, соғұрлым капиталмен жарақтандырылғандықтың тұрақты деңгейі жоғары, бірақ инвестициялар азаяды.

  19. Қорланудың Алтын ережесі бойынша оптималды қорлану дәрежесінде бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну максималды және уақыт аралығында тұрақты.

  20. Халықтың өсуі бір жұмысшыға шаққандағы өндіріс көлеміне кері әсерін тигізеді.

ІІІ Тест сұрақтары




  1. Экономикалық өсу дегеніміз:

А) Халқының тұрмыс деңгейін төмендету мүмкіндігі;

В) Инфляция кезінде өндірістің құлдырауы;

С) Халықтың жан басына шаққанда нақты ЖҰӨ-нің артуы;

D) Капитал қорлануының азаюы;

Е) Еңбек өнімділігі мен фирмалардың техникалық дәрежесінің өсуін тоқтату.
2. Экономикалық өсудің түрлері:

А) Дамушы;

В) Өспелі;

С) Экстенсивті және интенсивті;

D) Технологиялық;

E) Техникалық.


3. Экономикалық өсу моделінде өсу қарқыны неге тәуелді:

A) технологияға;

B) еңбек пен технологияға;

C) еңбек пен капиталға;

D) капитал мен технологияға;

E) жер мен капиталға.


4. Негізгі өндіріс факторлары:

A) еңбек және капитал;

B) еңбек құралдары мен жер;

C) капитал және жер;

D) еңбек құралдары мен заттары;

E) жұмысшылар мен менеджерлер.


5. Өндірістік функцияның математикалық жазылуы:

A) у = ах;

B) у = вK;

C) у = F (х);

D) у = F (K,L);

E) у = F (L).


6. Өндірістік функция нені сипаттайды:

A) бар технологияны;

B) еңбек мөлшерін;

C) еңбек құралдарының мөлшерін;

D) капитал мөлшерін;

E) фирмадағы маркетингтің қалпын.


7. Өндірістік функцияның тұрақты ауқым нәтижесі бар, егер:

A) zY=F(0.5zK,0.5zL);

B) zY=F(2zK, 2zL);

C) 2zY=F(4zK, 4zL);

D) 0,5zY=F(zK, zL);

E) zY=F(zK,zL).


8. Капиталдың шектік өнімі – ол:

  1. қосымша еңбек бірлігін пайдаланудан шыққан қосымша өндіріс көлемі;

  2. еңбек бірлігін пайдаланудан шыққан қосымша өндіріс көлемі;

  3. қосымша капитал бірлігін пайдаланудан шыққан қосымша өндіріс көлемі;

D) тұтынылған өнім көлемі;

E) қосымша пайдаланылған қаржы ресурстары.


9. Солоу моделінде стационарлық тәртіп қалпында қорлану нормасының артуы мына көрсеткішті өзгертпейді:

A) капиталмен жарақтандырылғандық;

B) еңбек бірлігіне шаққандағы өнім шығарылымы;

C) еңбек бірлігіне шаққандағы тұтыну;

D) еңбек бірлігіне шаққандағы инвестициялар;

E) жиынтық шығарылым.


10. Солоу моделінде ҒТП өсу қарқынымен қоса:

A) капиталмен жарақтандырылғандықтың оңтайлы деңгейі өседі;

B) капиталмен жарақтандырылғандықтың оңтайлы деңгейі өзгермейді;

C) капиталмен жарақтандырылғандықтың оңтайлы деңгейі азаяды;

D) капиталмен жарақтандырылғандықтың оңтайлы деңгейі ҒТП қарқынымен өседі;

E) капиталмен жарақтандырылғандықтың оңтайлы деңгейі ҒТП қарқынынан артық шамамен өседі.


11. Солоу моделінде оңтайлы тәртіп қалпында халықтың өсу қарқыны ҒТП қарқынымен бірге өссе:

A) капиталмен жарақтандырылғандықтың оңтайлы деңгейі өседі;

B) уақыт аралығында бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну азаяды;

C) уақыт аралығында бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну өседі;

D) уақыт аралығында бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну өзгермейді;


  1. жиынтық шығарылым халықтың өсу қарқынымен артады.

12. Қандай модель ұзақ мерзімді экономикалық өсуді зерттейді:

A) ІS-LM моделі;

B) AD-AS моделі;

C) Сұраныс моделі;

D) Солоу моделі;

E) Манделл-Флеминг моделі.
13. Солоу моделін талдауының бастамасы:

А) Өндірістік функциялар;

В) Ұзақ мерзімді жиынтық сраныс функциясы;

С) MV=PY теңдеуі;

D) Жиынтық ұсыныс функциясы;

Е) Нақты жалақы.


14. Солоу моделінде функцияның көлбеу бұрышы неге тең:

A) еңбектің шектік өнімділігіне;

B) капиталдың шектік өнімділігіне;

C) еңбектің орташа өнімділігіне;

D) капиталдың орташа өнімділігіне;

E) капиталдың жалпы өнімділігіне.


15. Солоу моделінде тұрақты қалпы графигінде (n+δ)k сызығы және sq қисығының көрінісі қандай:

A) (n+δ)k және sq бір-біріне перпендикулярлы;

B) (n+δ)k әрдайым sq-н жоғары өтеді;

C) (n+δ)k әрдайым sq-н төмен өтеді;

D) (n+δ)k және sq бір-біріне параллель;

E) (n+δ)k және sq бір-бірімен қиылысады.


16. Солоу моделінде капитал қорлануының негізгі теңдеуі келесі:

А) Δ k= sq-(n+δ)k;

В) Δ k= sq+(n+δ)k;

С) Δ k= sq – k;

D) Δ k= sq+(n+δ);

Е) Δ k= q – k.


17. Солоу моделінде тұрақты жағдайға жету шарты:

А) sq=(n+δ)k;

В) q =k;

С) s=d;


D) sq = n;

Е) q=nk.
18. Солоудың факторлық моделінде экономикалық өсу капитал қорлануымен, жұмыс күшінің өсуімен және қосымша немен анықталады:

А) Нақты жалақының өсуімен;

В) Пайыз мөлшерлемесінің төмендеуімен;

С) Техникалық өзгерістермен;

D) Жинақтар нормасының өсуімен;

Е) Негізгі капиталға инвестициялардың артуымен.
19. Солоу моделінде тұрақты қалпыда:

A) q және k – тұрақты шамалар;

B) өсу қарқыны нолге тең;

C) жан басына шаққандағы жинақтар капиталды кеңейтуге арналған жинақтардан артық;

D) жан басына шаққандағы жинақтар нолге тең;

E) капиталды кеңейтуге арналған жинақтар нолге тең.


20. Солоу моделінде айналыстан шығарылатын капиталды алмастыруға жұмсалатын жинақтар сомасы тең:

A) s;


B) sk;

C) δ;


D) δk;

E) (1-s)δk.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет