Макроэкономика


Өндіріс әдісі бойынша ЖІӨ дефляторы2



бет10/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85
Байланысты:
treatise137692

Өндіріс әдісі бойынша ЖІӨ дефляторы2
өткен жылдың тиісті кезеңіне %-бен

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

2014ж.

9 ай

2015ж.
9 ай


2016ж.
9 ай

Тауарлар өндіру

109,5

97,6


112,9

Ауыл, орман және балық шаруашылығы

101,4

111,2


105,5

Өнеркәсіп

111,8

93,5


116,5

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

114,2

88,2


112,5

Өңдеу өнеркәсібі

108,3

98,4


122,9

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

110,3

111,2


109,2

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

117,6

113,1


113,2

Құрылыс


104,4

107,9


104,4

Қызметтер өндіру

106,4

107,0


112,6

Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

105,5

102,8


114,4

Көлік және қоймалау

106,8

102,9


110,9
Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

111,0


108,7

117,2
Ақпарат және байланыс

100,9

102,0


98,5
Қаржы және сақтандыру қызметі

99,9


122,9

128,0
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

105,5

116,2


109,0

Кесте 1.3 жалғасы
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

2014ж.

9 ай

2015ж.
9 ай


2016ж.
9 ай

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

108,1

109,8


114,1

Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

112,8

107,0


115,6

Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

107,0

97,4


109,4

Білім беру

106,4

105,5


114,6

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

109,6

107,6


115,3

Өнер, ойын-сауық және демалыс

110,0

105,7


111,3

Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

112,6

110,9


104,9

Үй қызметшісін жалдайтын және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтер өндіретін үй шаруашылықтары қызметі

106,4

103,8


116,4

Салалар бойынша қорытынды


Қаржы делдалдығының жанама өлшенетін қызметтері


Жалпы қосылған құн

107,7

103,1


112,7

Азық-түлікке салынатын таза салықтар

93,0

68,2


131,8

Жалпы ішкі өнім

106,3

100,3


113,8
Кесте 1.3 Қазақстандағы 2014-2016 жж. аралығындағы экономикалық қызмет түріне байланысты өндіріс әдісімен есептелген ЖҰӨ дефляторының ресми мәліметтері көрсетілген.

ЖҰӨ дефляторы мен тұтыну бағаларының индексін жалпы бағалар деңгейін сипаттауында олардың арасында айырмашылықтар бар. Пааше индексін есептеу формуласы:



(1.6)

мұндағы,


– ағымдағы жылдың өндіріс көлемі,

– базалық жылдың өндіріс көлемі.

Жоғарыда айтып кеткендей, Пааше индексі ЖҰӨ-нің дефляторына сәйкес келеді және ол өзгермелі тауарлар мен қызметтер жинағы үшін есептеледі. Ал өзгермейтін тауар жиынын есептейтін Ласпейрес индексі болып табылады, ол тұтыну бағалар индексіне сәйкес келеді. ТБИ (CPI) – экономикадағы жалпы бағалар деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.



Тұтыну қоржыны деп белгілі бір тұтыну тауарлары мен қызметтердің жинағын айтады. Ласпейрес индексін есептеу формуласы:
(1.7)
мұндағы, және – і игіліктің бағалары (0 – базалық, ал t- ағымдағы),

– базалық жылдағы і игіліктің көлемі.

Сонымен қатар Фишер индексі бар. Ол жоғарыдағы индекстердің кемшілігін жою үшін қолданылады:


(1.8)
Бұл индекстер тұрмыс құнын өлшеу үшін арналған, яғни белгілі бір тұрмыс деңгейін ұстап тұру үшін қажетті шығындар болып табылады. Әр түрлі тауарлар бағасы әр түрлі өлшемге өзгергенде Ласпейрес индексі тұрмыс құнының өсуін, Пааше индексіне қарағанда нақтырақ көрсетеді. Ласпейрес индексі белгілі бір тауар жиынын есептеу үшін қолданылады, мұнда қымбат тауарларды арзан тұратын тауарлармен алмастыру мүмкіндігі, ал Пааше индексінде әл-ауқаттың төмендеу деңгейі ескерілмейді.

Экономикалық өсу ЖІӨ бір жыл аралығындағы салыстырмалы өзгеруі түрінде өлшенеді.


ЖІӨ өсу қарқыны = (ЖІӨ - ЖІӨ-1) / ЖІӨ-1 (1.9)
мұндағы:

ЖІӨ – ағымдағы жылға, ал ЖІӨ-1 – өткен жылға қатысты.

ЖІӨ өсу қарқынын әдетте пайыз түрінде көрсетеді.

Белгілі бір елдегі экономика жағдайы осы елдегі ресурстардың қаншалықты тиімді қолданылып жатқанына байланысты. Экономиканың негізгі ресурсы болып жұмыс күші табылғандықтан, жұмысбастылық деңгейін оңтайлы деңгейде ұстап тұру – экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.



Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс істегісі келетіндердің жалпы санындағы жұмыстары жоқ адамдардың үлесін анықтайтын көрсеткіш. Жұмыссыздық термині негізгі өндіріс факторы – жұмыс күшінің толық қолданылмауын немесе тиімсіз қолданылуын білдіреді.

Халықты үш топқа бөлуге болады:



  • жұмыспен қамтылғандар;

  • жұмыссыздар;

  • жұмыс күшіне енбегендер.

Егер адам жұмысқа шығуды күтсе, жұмыстан уақытша босатылған болса немесе жұмыс іздеумен айналысса, ол жұмыссыз адам болып саналады. Үй шаруасымен айналысатын әйел адамдар, студенттер, зейнеткерлер және жұмыс іздеуді тоқтатқан адамдар жұмыс күші құрамына енбейді.

Жұмыс күшін жұмыс істейтін және жұмыссыздар ғана құрайды.


Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны /Жұмыс күші саны.
1.4 - суретте 1999-2016 жылдар аралығындағы Қазақстанның еңбек нарығының жағдайы көрсетілген. Көріп отырғанымыздай, елдегі тұрғын халықтың еңбек белсенділігі мен жұмыспен қамтылған адамдар көлемі артып келуде. Ал, жұмыссыздар саны жылдан-жылға қарай төмендеуде, яғни жұмыссыздық деңгейі де азаюда.

1.4-сурет. 1999-2016 жж. аралығындағы Қазақстандағы



еңбек нарығының жағдайы3
Жұмыссыздықпен қатар, экономикада маңыздылығы жоғары инфляция түсінігі де ел экономикасының сипаттамасы ретінде қолданылады. Инфляция жалпы бағалар деңгейінің тұрақты өсу тенденциясын білдіреді. Инфляцияға қарама-қарсы процесс дефляция деп аталады. Яғни, дефляция жалпы бағалар деңгейінің төмендеуін көрсетеді. Инфляцияның негізгі көрсеткіші болып оның қарқыны (немесе деңгейі) табылады және ол ағымдағы баға деңгейі мен өткен жылдың баға деңгейінің айырмасының алдыңғы жылдың бағалар деңгейіне қатынасының пайыздық мөлшерлемесі ретінде анықталады:
(1.10)
Осылайша, инфляция қарқынының көрсеткіші жалпы бағалар деңгейінің өсу қарқынын емес, жалпы бағалар деңгейінің өсімін сипаттайды. Инфляция түрін анықтау үшін түрлі критериилер қолданылады. Инфляция қарқынына байланысты инфляцияның келесідей түрлерін бөліп көрсетеді:

  • қалыпты инфляция – жылына пайызбен есептеледі және жылдық өсімі 10 пайыздан артпайды.

  • жоғары инфляция – пайызбен ай ішінде есептелінеді және жылына 200-300 %-ды құрауы мүмкін.

  • гиперинфляция – оның деңгейі айына 40-50 % немесе жылына 1000 %-ды құрауы мүмкін.

Инфляцияның туындауының негізгі екі себебі бөліп көрсетіледі: жиынтық сұраныстың өсуі мен жиынтық ұсыныстың төмендеуі. Жалпы бағалар деңгейнің өсуі жағдайына қатысты себептерге байланысты инфляцияның келесі екі түрін анықтайды:

1. Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныстың өсуі нәтижесінде туындайды. Жиынтық сұраныстың өсуі жиынтық шығыстардың кез-келген компонентінің өсуіне байланысты болуы мүмкін. Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңде жиынтық сұраныстың өсуі бағалар деңгейінің өсуіне алып келеді (1.5 сурет).


а) Қысқа мерзімді кезең ә) Ұзақ мерзімді кезең


1.5-сурет. Қысқа және ұзақ мерзімдегі сұраныс инфляциясы
2. Шығындар инфляциясы – шығындардың артуына байланысты жиынтық ұсыныстың азаюының нәтижесінде туындайды. Шығындар инфляциясы стагфляцияға – өндірістің төмендеуіне – және бағалар деңгейінің өсуіне алып келеді (1.6 сурет).

1.6-сурет. Ұсыныс (шығындар) инфляциясы
1.7 - суретте Қазақстанда 2015–2017 жж. аралығындағы тұтыну тауарлары мен қызметтерге бағалардың өзгерісін көрсететін диаграмма келтірілген.


1.7-сурет. Тұтыну тауарлары мен қызметтерге бағаның өзгеруі4



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет