Тақырып § 7Әлем шаруашылығының терминологиясы І Дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын жиынтық ішкі өнімнің құрылымындағы шаруашылық салаларының үлес салмағы бойынша анықтайды. Әдетте, ЖІӨ құрылымындағы ауылшаруашылығының , өнеркәсіптің (өндіруші және өңдеуші) және қызмет саласының үлестері ескеріледі. Осының негізінде шаруашылық құрылымы бойынша елдерді бірнеше топқа біріктіреді ( кестеде)
Шаруашылық құрылымы бойынша елдердің топтары
Аграрлы елдердің шаруашылық құрылымы. Ауылшаруашылығы өндірісі мен отын, шикізат экспортына тәуелді болуы дамушы елдердегі мәселелердің бірі болып табылады. Нашар дамыған елдерде халықтың 73%–ы ауылды жерде тұрады, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 25 % ғана болады. Осы жағдайда нашар дамыған елдердегі халықтың басым көпшілігі ауылшаруашылығымен айналысады, дамушы және дамыған елдердегі қсы көрсеткіштер тиісінше 60% және 7%. Ауылшаруашылығы өнімдерінің ЖІӨ құрылымындағы үлесі дамушы елдерде 20% болса, дамыған елдерде 3% құрайды. Соған қарамастан, дамушы елдерде ауылшаруашылығы өндірісінің өнімділігі төмен. Мұны артта қалған технологияларды пайдалану, қаржының жетіспеуі, жұмыс күші сапасының төменділігімен түсіндіруге болады. Аграрлы елдердің нағыз үлгісі ретінде Сомали мен Сьерра – Леонені атауға болады. Мұнда ауылшаруашылығы ЖІӨ 60% – дан астамын береді. Аграрлы – шикізатты елдердің шаруашылық құрылымы.Шикізат пен отын ресурстарының экспорты дамушы елдердегі табыс көздерінің бірі болып отыр. Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан көптеген елдеріндегі негізгі валюта түсімін (92%– ға дейін) шикізат экспорты береді. Аграрлы – шикізатты елдер қатарына Папуа – Жаңа Гвинея, Алжир, Гвинея, Қырғыз республикасы мен Кот–д Ивуарды жатқызуға болады.