Макроэкономика


II Келесі пікірлер дұрыс па?



бет22/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85
Байланысты:
treatise137692

II Келесі пікірлер дұрыс па?


  1. Жиынтық шығарылымның кенет өзгеруі жиынтық ұсыныстың шоктары деп аталады.

  2. Жиынтық сұраныс қисығы, неғұрлым баға деңгейі төмен болса, соғұрлым тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық сұраныс өлшемінің жоғары болатындығын көрсетеді.

  3. Фирмалар мен үй шаруашылықтары таңдаған жиынтық өнім көлемінің экономикадағы қалыптасқан бағалар мен жалақы құрылымынан тәуелділігін жиынтық ұсыныс көрсетеді.

  4. Жиынтық ұсыныстың классикалық тәсілдемесі шартында жалақы абсолютті икемді болып, еңбек нарығында тепе-теңдікті ұстап қалу үшін жылдам өзгереді.

  5. Ұзақ мерзімді кезеңде бағалар икемді, ал жиынтық ұсыныс өзгеріссіз болады, себебі өндіріс процесінде барлық өндіріс факторлары іске қосылған.

  6. Кейнстің шектік жағдайында жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейінің өзгеруін тудырады.

  7. Шығарылым көлемі өндіріс факторлары мен технология деңгейімен анықталады.

  8. Классикалық жағдайда жиынтық сұраныстың артуы жиынтық шығарылымның ұлғаюына әкеледі

  9. Классикалық жағдайда жиынтық сұраныстың артуы бағалар деңгейінің өсуіне әкеледі.

  10. Кейнстің жағдайында бағалар деңгейінің өсуі нақты жалақының төмендеуіне және өнім шығарылымының өсуіне әкеліп соғады, яғни жиынтық шығарылым артады.

  11. Жиынтық ұсыныстың классикалық тәсілдемесі қысқа мерзімді кезеңге сәйкес келеді.

  12. Тіркелген ақша ұсынысына айырбастың сандық теңдеуі бағалар деңгейі мен өнім шығарылымы арасындағы кері өзара байланысты білдіреді.

  13. Ұлттық банк ақша ұсынысын өсіргенде, экономика стационарлық жиынтық сұраныс қисығы бойымен жылжып, нақты өнім шығарылымы артады да, бағалар деңгейі төмендейді.

  14. Егер ақша ұсынысы тұрақты боп қалса, экономика стационарлық жиынтық сұраныс қисығы бойымен жылжиды.

  15. Фискалдық экспансия AD қисығын жоғары-оңға жылжытады.

  16. Ақша айналымының жылдамдығының өсуі нәтижесінде жиынтық сұраныс оңға қарай жылжиды.

  17. Ұлттық банк ақша ұсынысын азайтқан кезде жиынтық сұраныс қисығы солға қарай жылжиды.

  18. Жиынтық ұсыныс жағынан болатын шоктарды жеңілдету саясатының кемшілігі: бағалардың ұзақ уақыт төмен болуы.

  19. Жиынтық ұсыныс жағынан болатын шоктар жағдайында жиынтық сұраныс тұрақты болып қалса: өнім шығару деңгейі табиғи деңгейінен құлдырайды.

  20. Жиынтық сұраныстың азаюы қысқа мерзімді кезеңде шығарылымды азайтып, атаулы жалақыны төмендетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет