Макроэкономика



бет25/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85
Байланысты:
treatise137692

3 ИГІЛІКТЕР НАРЫҒЫ
3.1 Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік
Ұлттық шоттар жүйесінде халық шаруашылығының экономикалық әрекетінің нәтижесі көрініс табады. Сондықтан да ҰШЖ-де көрсетілген сатып алулар мен сатулар көлемі барлық нарықтарда әрдайым бір-біріне тең және ұлттық экономика толығымен балансталған жүйе ретінде беріледі. Игіліктер нарығында сатып алушылар болып макроэкономикалық субъектілердің барлығы: үй шаруашылығы, кәсіпкерлік сектор, мемлекет және қалған әлем табылады.

Тауарлар мен қызметтер нарығындағы байланысты түсіну үшін игіліктер нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдікті қарастыру қажет. Оны IS қисығы арқылы көрсетуге болады. Ол тауарлар мен қызметтер нарығында пайда болатын пайыздық мөлшерлеме мен табыс көлемі арасындағы байланысты көрсетеді. Сондықтан игіліктер нарығы макроэкономикалық модельдердің орталық элементі болып табылады.



Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтары, фирма мен мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге жаратуға жоспарлаған шығындар сомасы. Нақты шығындардың жоспарланған шығындардан айырмашылығы – фирмалардың қорларға жоспарланбаған инвестицияларды салуға міндеттілігі. Яғни, фирмалардың төменгі немесе жоғарғы сату деңгейіне байланысты өздерінің тауарлық-материалдық қорлар деңгейін көтеруі немесе төмендетуі болып табылады.

Экономика жабық және таза экспорт нөлге тең деп алайық, сонда Е жоспарланған шығыстарды, С тұтыну, I жоспарланған инвестиция мен G мемлекеттік шығыстардың сомасы деп қарастыруға болады
E = C + I + G (3.1)
C=C(Y-T) бұл тұтыну қолдағы табысқа байланысты. Сонымен қатар жоспарланған инвестиция деңгейі тұрақтандырылған (=), мемлекеттік шығыстар көлемі мен салықтар да тұрақты: , . Сонда:
(3.2)
Осы теңдеуден Е-жоспарланған шығыстар Y-табысының функциясы болып табылады: E=Y
(3.3)
3.1-суретте жоспарланған шығындар табыс функциясы ретінде график түрінде берілген. Жоспарланған шығыстар табыс көлеміне байланысты. Себебі табыстың жоғары болуы тұтынудың жоғарлануына әкеледі. 3.1-суреттегі сызықтың иілуі тұтынуға шекті бейімділікті (MPC) көрсетеді. Ол табыстың 1 долларға ұлғайған кездегі жоспарланған шығындар қаншаға ұлғайғанын көрсетеді.

3.1-сурет. Табыс функциясы ретінде жоспарланған шығыстар


Экономика нақты шығындар жоспарланған шығындарға тең болғанда тепе-теңдікте болады.
Нақты шығыстар = жоспарланған шығыстар, Y = E.
Осы жағдайда экономика тепе-теңдікте болады. Осы теңдеу макроэкономикалық тепе-теңдік шарты. Бұл тепе-теңдік сақталмаған жағдайда игіліктерді кем өндіру немесе артық өндіру арқасында экономикада инфляция немесе өндірістің құлдырауы немесе жұмыссыздық пайда болуы мүмкін.

Арнайы кейнстік теория жағдайында инвестициялар І тіркелген шама болып саналады. Егер Ұлттық банк пайыз мөлшерлемесін өзгеріссіз ұстап қалса, сондай жағдай қалыптасуы мүмкін. Сондықтан, E=C(Y-T)+I+G жоспарланатын шығыстар графигінің көлбеуі де MPC тең (3.2-сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет