Макроэкономика



бет24/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85
Байланысты:
treatise137692

IV Есептер
1. Экономикадағы бастапқы ЖІӨ 4000 млрд. теңгеге тең. AD сұраныс қисығы бастапқыда келесі түрде болған: Ү = 4510 – 300P. Жеке салықтардың артуына байланысты қисық келесі теңдеумен сипатталатын жағдайға дейін жылжыды: Y = 4390 – 300P. Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдердегі бағалар деңгейі мен ЖІӨ-ді анықтаңыз және графигін салыңыз.
2.Тепе-теңдік баға деңгейі мен экономика жағдайын анықтаңыз:

1) Тұтыну С=30-15p, инвестициялар I=40, мемлекеттік шығындар G=25, жиынтық ұсыныс QS=6+2p.

2) Егер мемлекеттік шығындар 35-ке дейін өссе, өндіріс көлемі мен баға деңгейіне не болады?

3. Бастапқы ықтимал ЖІӨ 2000 млрд. теңгеге тең. Қысқа мерзімді жиынтық ұсыныс қисығы (SRAS) көлденең болып келеді. AD сұраныс қисығы бастапқыда келесі түрде болған: Ү = 2480 – 200P. Мемлекеттік сатып алулар көлемінің артуына байланысты қисық келесі теңдеумен сипатталатын жағдайға дейін жылжыды: Y = 2560 – 200P. Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдердегі бағалар деңгейі мен ЖІӨ-ді анықтаңыз және графигін салыңыз.


4. Өткен жылы потенциалды ЖҰӨ көлемі 6000-ды құрады, AD қисығыY=6200-4p болды. Ал осы жылы потенциалды ЖҰӨ көлемі 2% өсті, ал жиынтық сұраныс теңсіздігі Y=6280-4p. Осы жылы тепе-теңдік баға деңгейі қанша пайызға өзгерді?
5. Ұзақ мерзімді АS қисығы Y=2000 түрінде келтірілген, қысқа мерзімді AS қисығы P=1.0 деңгейінде көлденең орналасқан. AD қисығы Y=2.0×M/P теңсіздігімен берілген. Ақша ұсынысы (M)1000 тең. Баға шогы нәтижесінде жиынтық ұсыныстың қысқа мерзімді қисығы P=1.25 деңгейіне дейін өсті.

1) Шоктан кейін қалыптасқан экономикадағы қысқа мерзімді тепе-теңдіктің нүктелер координаттары қандай?

2) Экономикадағы шығару деңгейін қалпына келтіру үшін Ұлттық банк ақша деңгейін қаншаға өсіруі керек?
6. Елдегі жалпы өндіріс көлемі 500000 дана, айналымдағы ақша көлемі 1 000 000 теңге, олардың айналым жылдамдығы 4-ке тең болған жағдайдағы тепе-тең өндірісітің классикалық моделіне сәйкес орташа бағаның деңгейін анықтаңыз.
7. Елдегі экономикалық жағдай келесідей сипатталады:


  • Нақты табыс (Ү) = 4000 АҚШ доллары;

  • Тұтынуға шекті бейімділік (МРС) = 0,8;

  • Тепе-теңдік табыс (Ү*) = 4200 АҚШ доллары.

а) экономиканың тепе-теңдік жағдайына (Ү* = 4200 АҚШ доллары) жету үшін мемлекеттік шығындар қалай өзгеруі қажет?

б) экономиканың тепе-теңдік жағдайға жету үшін салықтық түсімдердің көлемі қанша өзгеруі қажет?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет