Макроэкономика


Бюджет-салық саясатының IS қисығына ықпалы



бет28/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85
Байланысты:
treatise137692

3.3.1 Бюджет-салық саясатының IS қисығына ықпалы
IS қисығының әрбір нүктесі берілген пайыздық мөлшерлеме кезінде табыстың деңгейін көрсетеді. «Кейнсиандық крест» моделінен байқағанымыздай табыс деңгейі бюджет-салық саясатымен де тығыз байланысты.

Фискалдық (бюджет-салық) саясат – инфляция жоқтығы және экономиканың толық жұмысбастылығы жағдайында бюджеттің шығыстары мен кірістерін макроэкономикалық тепе-теңдікке жету мақсатында мемлекеттік бюджетті бақылау және реттеуді меңзейтін мемлекеттік экономикалық саясат түрі.

Дискрециялық бюджет-салық саясаты – инфляция жоқтығы және экономиканың толық жұмысбастылығы жағдайында макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жеткізу мақсатында үкімет шешімімен шығыстар мен кірістерді өзгерту саясаты.

Дискреционды бюджет-салық саясатының негізгі құралдары:



  1. тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар (G) көлемдерінің өзгерісі;

  2. салық салулар (Т ) сомаларының өзгерісі.

G мен T тұрақты деп алсақ, бюджет-салық саясатының өзгеруі IS қисығын жылжытады.

3.8-суретте мемлекеттік шығындардың G1 →G2 дейін өсуі IS қисығын қалай өзгертетінін көру үшін кейнс кресі бейнеленген. Кейнс кресі бюджет саясатының өзгеруі жоспарланған шығындарды өзгертетінін көрсетеді. Ол табыс деңгейін Y1→Y2 дейін өсіреді. Сол себептен мемлекеттік шығындардың өсуі IS қисығын оңға жылжытады. Бұл 3.8-суретте бейнеленген.




3.8-сурет. Мемлекеттік шығындар өсуінің IS қисығына әсері

Салықтардың азаюы, мемлекеттік шығындардың өсуі табысты өсіреді, ол IS қисығын оңға жылжытады. Салықтардың өсуі, мемлекеттік шығындардың азаюы табысты азайтып, IS қисығын солға қарай жылжытады.



  1. T↓ немесе G↑ → E↑ → Y↑ → IS↑

  2. T↑ немесе G↓ → E↓ → Y↓ → IS↓

Тауарлар мен қызметтерге сұранысты өсіретін бюджет-салық саясатының өзгерісі IS қисығын оңға жылжытады. Ал сұранысты кемітетін бюджет-салық саясатының өзгерісі IS қисығын солға жылжытады.

Фискалды (бюджет-салықтық) саясатына қоса үйлестірілген фискалды саясат қолданылуы мүмкін. Үйлестірілген фискалды саясат – жоғарыда аталған екі инструментті қатар қолданумен сипатталатын дискреционды фискалды саясат. Бұндай фискалды саясатты жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттің балансының теңеспеуіне (нөлдік сальдоға) алып келуі мүмкін.

Мемлекеттік бюджет сальдосы – мемлекет шығындары сомасы мен мемлекет кірістерінің сомасының арасындағы айырмашылық. Егер бюджет жылындағы мемлекет шығыстары оның кірістерінен асып түссе, онда мемлекеттік бюджет теріс сальдоға келеді және мемлекеттік бюджет дефициті туындайды. Егер бюджет жылындағы мемлекет шығыстары оның кірістерінен төмен болса, онда бюджет оң сальдода және мемлекеттік бюджет профициті орын алады. Ал, егер бюджет жылындағы мемлекет шығыстары оның кірістеріне тең болса, онда мемлекеттік бюджет нөлдік сальдода және мемлекеттік бюджет балансталған түрге келеді.

Жоғарыда аталған фискалды саясаттардың әрқайсысы өндіріс көлемі мен жиынтық табысқа өз әсерін тигізеді:


мұндағы,


YG – мемлекеттік сатып алуларды өзгертуге байланысты туындайтын жиынтық табыс өзгерісі;

YT – салықтардың өзгерісіне байланысты туындайтын жиынтық табыс өзгерісі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет