Макроэкономика



бет33/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85
Байланысты:
treatise137692

IV Есептер
1. Белгілі бір отбасының апта сайынғы тұтыну көлемі 100 дол. +1/2 апта бойғы табыс көлемі. (C=200дол. +1/4 DI)


Қолда бар табыс

(DI)


Тұтыну

(C)


Жинақ

(S)


0







100







200







300







400







500






Кесте бойынша отбасының әр табыс деңгейіне тұтыну және жинақ көлемін есептеңіз.


2. Экономикада келесі көрсеткіштер көрсетілген:

Y=C+I


C=200+0.6Y

I=30


Есептеңіз:

  1. Табыстың тепе-теңдік деңгейін;

  2. Жинақ және тұтынудың тепе-теңдік деңгейін;

  3. Егер шығарылым деңгейі 800 тең болса, онда өнім қорының жоспарланбаған өсімі қандай.

3. Экономика келесі көрсеткіштер арқылы көрсетілген:

Y=C+I+G+X

C=200+0.6Y

I= 300+0.3Y

Xn= 200-0.02Y

G=300

t = 0.4.



Есептеңіз:

  1. Табыстың тепе-теңдік деңгейін;.

  2. Автономды шығындар мультипликаторының көлемін.

4. Экономиканың келесі құрылымын қарастырыңыз:

тұтыну C=0.6 (Q-T)

инвестициялар I =10-0,2i

мемлекеттік шығындар G = 20

салықтар T=30

ақша ұсынысы MS = 60

ақшаға сұраныс MD = (0.8Q-i)P.



  1. IS қисығын және Кейнс мультипликаторын табыңыз.

  2. Баға деңгейі 2-ге тең болғанда LM қисығын табыңыз.

  3. Пайыз қойылымы мен жиынтық сұраныстың тепе-теңдік деңгейін анықтаңыз. (P=2)

  4. Жиынтық сұраныстың қисығын табыңыз.

5. Белгілі бір А – елінде 100 отбасы бар деп ұйғарайық. Осы отбасылардың бір жартысының тұтынуға шекті бейімділігі ½-ге тең, ал екінші жартысынікі – 3/4.

а) егер қолдағы бар табыс 10000 долларға артса және оның бар өсімі отбасылардың бірінші жартысына келген жағдайда тұтынуға кеткен жалпы шығындар қандай шамаға артады?

б) қолдағы бар табыстың бар өсімі отбасылардың екінші бөлігіне келетін болса, осы отбасылардың тұтынуға кеткен жалпы шығындар қандай шамаға артады?


6. Тұтыну функциясы келесідей болады деп ұйғарайық: C = 100дол. +1/2 DI. Төмендегі кесте мәліметтерін қолдана отырып келесілерді есептеңіз:

а) қолдағы бар табыстың әр өзгерісі кезіндегі тұтыну шығындарының өзгерісін;



б) тұтынуға шекті бейімділік мәнін.


Қолдағы бар табыстың өзгеруі (DI)

Тұтыну шығындарының өзгерісі (С)

Тұтынуға шекті бейімділік (МРС)

0-ден 1-ге дейін







399-дан 400-ге дейін







400-ден 401-ге дейін







400-ден 410-ға дейін







410-нан 400-ге дейін







400-ден 399-ға дейін







4 Ақша нарығы
4.1 Ақшаның функциялары мен ақша агрегаттары
Экономикалық әдебиетте ақша ұғымының бірнеше анықтамалары бар:

  • келісімдер үшін қолданылатын қаржы активінің түрі;

  • игіліктер айырбасы кезінде жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар;

  • маңызды макроэкономикалық санат, оның көмегімен инфляциялық үдерістердің, циклдық толқулардың, экономикадағы тепе-теңдік жағдайға қол жеткізу механизмінің, тауар және ақша нарықтарының қызмет етуінің келісушілігінің талдауы жүргізіледі;

  • бағаның тұрақты деңгейінде табыс әкелмейтін мүліктің ерекше түрі.

Ақша тауар мен қызметтердің айырбасының ұзақ дамуы нәтижесінде пайда болды. Ақшаның жалпы эквивалент ретіндегі рөлін түрлі тауарлар: аң терісі, мал, тұз, темекі, т.б. атқарды. Айырбастың дамуымен қатар ақшаның рөлі металға – алтын мен күміске ауысты. Олар өздерінің қасиеттеріне сәйкес ақша функцияларын орындауға барынша жарамды болды: құны жоғары, бүлінбейді, тасымалдауға болады.

Бірте-бірте тауарлық ақшаны қағаз ақша ығыстырып жіберді. ХІХ-ғасырдың екінші жартысында дамыған елдер «алтын стандартқа» көшті. Ақша алтынға бекітілген тепе-теңдік бағамы бойынша айырбасталатын болды. Алтын стандарт І Дүниежүзілік соғысқа дейін қолданылды.

1944 жылы дамыған елдер Бреттон-Вудс келісіміне келді, ол бойынша жетекші валюталар АҚШ долларына теңестірілетін болды, ал доллар алтынға айырбасталатын болды. Бұл келісімнің күші 1971 жылға дейін созылды. Қазіргі кезде ұлттық валюталардың икемді бағамдары әрекет етуде.

Ақшаның үш негізгі функциясы бар:

  • айналым құралы. Ақшаның көмегімен нарықтық жүйе тиімді қызмет етеді, әрбір тауар нарықтық бағаларда бейнеленген өзінің құнына ие. Тауарлар мен қызметтерді құн категориясы бойынша осылай нақты үлестіру нарықтық операцияларды жүргізу үдерісін біршама жеңілдетеді. Ендеше, мұнда ақша – делдал ретінде жүреді.

  • есептеу құралы. Ақша нарықта өткізілетін тауарлардың құнын анықтайды. Осының арқасында экономикалық субъект бағаны анықтап, өзінің қажеттіліктері мен мүмкіншіліктері арасындағы арақатынасты анықтап, соңында тиімді шешім қабылдайды.

  • құндылықты сақтау құралы. Ақшаны қолдағы бар жеке табыстың жалпы құрылымындағы жинақ үлесін үлкейту арқылы жинауға болады. Жинақ кассалық қалдықтар түрінде үйде де, банк құрылымдарының депозит шоттарында да жүзеге асырылуы мүмкін.

Ақша агрегаттары – Ұлттық банк (ҰБ) қолданатын ақша массасын анықтайтын көрсеткіштер.

Кез-келген активті қандай да бір ақша агрегатына жатқызудың критерийі болып осы активтің өтімділігі табылады.

Өтімділік – активтердің құнын жоғалтпаусыз қолма-қол ақшаға жылдам аудару мүмкіндігі.

М1 = Айналымдағы қолма-ол ақша (М0) + талап етілгенге дейінгі шоттардағы ақша. Басқаша айтқанда, ағымдағы кезеңде банктермен депозит түрінде тартылған және салымшыға кез-келген сәтте пайыздарды жоғалтып алу тәуекелінсіз қайтарылатын ақша.

М2 = М1 + коммерциялық банктердің жедел шоттарындағы ақша. Жедел шоттар салымшы мен банк келісім-шарт жасасатынымен сипатталады. Оған сәйкес субъект салған ақшасын пайыздарымен қоса тек белгілі бір уақытта ала алады. Басқаша жағдайда келісім шарттарын орындамау себебінен пайыздардың бір бөлігі банкте өтемақы ретінде өтеді.

М3 = М2 + қысқа мерзімді бағалы қағаздар, банк сертификаттары, т.б.

L = М3 + мемлекеттік бағалы қағаздар.

Ақша агрегаттары түрлі елде түрліше айқындалады.

Ақша агрегаттарын құру қағидалары:

  1. Әрбір келесі агрегат барлық алдыңғы агрегаттардан және тағы белгілі бір активтер тобынан құралады.

  2. Кішкентай индексті агрегаттан үлкен индексті агрегатқа өткен сайын оған кіретін активтердің орташа өтімділігі кемиді, себебі кішкентай агрегаттан барынша үлкен агрегатқа өту ақша массасына барынша аз ликвидті активтер кіреді дегенді білдіреді.

  3. Кішкентай индексті агрегаттан үлкен индексті агрегатқа өткен сайын оған кіретін активтердің орташа табыстылығы артады, себебі активтің өтімділігі төмен болған сайын пайыздық табыс түріндегі өтемақысы жоғары болу керек. Сондықтан кішкентай агрегаттан барынша үлкен агрегатқа өту ақша массасына барынша табысты активтердің кіретінін білдіреді.

Қазақстан Республикасының Ұлтық банкі (ҚР ҰБ) бірқатар ақша агрегаттарын есептейді (кесте 4.1).

Кесте 4.1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет