Макроэкономика


IS-LM МОДЕЛІ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС



бет46/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85
5 IS-LM МОДЕЛІ ЖӘНЕ ЖИЫНТЫҚ СҰРАНЫС
5.1 Тауарлар мен ақша нарықтарындағы тепе-теңдік: IS-LM моделі
Игілік нарығы түсінігінде қызмет көрсету мен тұтыну тауарлары нарығы қарастырылады. Бұл тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктер бар, дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарларға деген сұраныстың болуы әртүрлі айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табысқа байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланысты болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарлар нарығын бір-бірінен шектеу үшін, олардың салыстырмалы бағаларын білу керек. IS-LM моделінде экономикалық тепе-теңдік – ол IS және LM қисықтарының қиылысатын нүктесінде орын алады. Осы нүктеде пайыздық мөлшерлеме мен пайданың мөлшерін анықтап, тауар нарығының тепе-теңдігі мен ақша нарығының тепе-теңдігін қанағаттандырады. Басқаша айтқанда, екі қисықтың қиылысу нүктесінде нақты шығындар жоспарланған шығындарға тең және ол нақты ақша сұранысының қаражаттары ұсынысқа тең екендігін көрсетеді.

IS-LM үлгісі (инвестиция – қор жинағы, ұнамды өтімділік - ақша) – жиынтық сұраныс функциясын анықтау үшін қажетті, экономикалық факторды айқындайтын тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. IS – тауар нарығындағы, ал LM – ақша нарығындағы тепе-теңдіктің үлгісін анықтайды. Сонымен, IS–LM үлгісі екі нарықта да тепе-теңдікті орнатады. Оның теңдеулері келесідей:



  1. Y = C+I+G+Xn – негізігі макроэкономикалық тепе-теңдік.

  2. C = a + b(Y – T) – тұтыну функциясы;

  3. I = e – d×i – инвестиция функциясы;

  4. Xn = g – m×Y – n×i – таза экспорт функциясы.

  5. – ақшаға сұраныс функциясы.

Үлгінің ішкі айнымалылары: Ү – табыс, С – тұтыну, І – инвестиция, Хn – таза экспорт, i – пайыздық мөлшерлеме.

Үлгінің сыртқы айнымалылары: G – мемлекеттік шығындар, MSақша ұсынысы, T – салық мөлшерлемесі.

Эмпирикалық коэффициенттер: (a, b, e, d, g m, n, k, h) оң мәнді және, салыстырмалы түрде қарағанда, тұрақты.

IS қисығы жатықтау болады келесі шарт орындалса:



  1. (d) инвестициялар мен (n) таза экспорттың сезімталдығы пайыз мөлшерлемесінің динамикасынан жоғары болса;

  2. (Ь) тұтынуға шекті бейімділік үлкен болса;

  3. (t) салық салудың шекті мөлшерлемесі аз болса;

  4. (m') импорттауға шекті бейімділік аз болса.

Мемлекеттік шығыстар G өссе немесе салықтар Т азайса IS қисығы оңға жылжытады. Салықтық мөлшерлеменің t өзгеруі сонымен қатар IS-ң көлбеу бұрышын өзгертеді. Ұзақ мерзімді келешекте IS қисығының көлбеу бұрышы табыстарды саралауын реттеу саясаты арқылы өзгертуге болады, өйткені бай отбасыларының тұтынуға шекті бейімділігі кедей отбасыларынікінен азырақ болады. Қалған параметрлері (d, n және m') макроэкономикалық саясаттың ықпалына бағынбайды және оның тиімділігін анықтайтын сыртқы факторлар болып табылады.

LM қисығы жатықтау болады, егер:



  1. ақшаға сұраныстың нарықтық пайыз мөлшерлемесінің динамикасына сезімталдығы (h) жоғары болса;

  2. ақшаға сұраныстың ЖІӨ динамикасына сезімталдығы (k) төмен болса.

Ақша ұсынысының артуы немесе бағалар деңгейінің төмендеуі LM қисығын оңға жылжытады, және керісінше.

IS және LM қисықтарын бір диаграммада үйлестіріп, IS-LM моделін аламыз (5.1-сурет). Ол экономикалық саясаттың салдарын талдаудың ыңғайлы құралы болып табылады.



5.1-сурет. IS-LM моделі
IS және LM қисықтарының қиылысуы А нүктесін белгілейді, онда бір мезгілде тауарлар мен қызметтер нарығы мен ақша нарығында тепе-теңдік орнайды.

e,ie) тепе-теңдік жұпты, G мемлекеттік шығыстар, T салықтар, M ақша жиыны мен P бағалар деңгейінің берілген мәндері шартында, Ү және і жөнінде екі теңдеу жүйесін шығару арқылы есептеуге болады.



Алгебралық түрде тепе-теңдік өндіріс көлемін IS теңдеуінен r мәнін LM теңдеуіне қою және соңғысын r қатысты шығару арқылы табуға болады:


(Т = Та + tY шарты орындалса).

Р бағалар деңгейі тіркелген жағдайда Ү тепе-теңдік мәні жалғыз болады. Пайыз мөлшерлемесінің r тепе-теңдік мәнін Ү тепе-теңдік мәнін IS немесе LM теңдеуіне қою және оны r қатысты шығару арқылы табуға болады.

Осы тауарда біз экзогенді айнымалылардың өзгерісі эндогенді айнымалыларға қандай жолмен әсер ететінін IS–LM үлгісінде зерттейміз. Себебі ақша-несие және бюджет-салық саясаттары экзогенді айнымалылардың арасында орын алады және IS–LM үлгісі қысқа мерзімді кезеңде экономикаға осы айнымалылардың әсерін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет