Макроэкономика


Бюджет-салық саясатының салыстырмалы тиімділігі



бет48/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85
Байланысты:
treatise137692

5.2.1 Бюджет-салық саясатының салыстырмалы тиімділігі
Ынталандырушы фискалды саясаттың салыстырмалы тиімділігі ығыстыру нәтижесінің мөлшерімен анықталады. Егер ығыстыру нәтижесі шығарылымның өсуінен аз болса, онда өзгедей тең шартында фискалды саясат тиімді.

Ығыстыру нәтижесі екі жағдайда аз болуы мүмкін:



  1. егер инвестициялар мен таза экспорттың сезімталдығы пайыз мөлшерлемесінің динамикасынан аз болса.

  2. Егер ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің өсуіне инвестициялар мен таза экспорттың сезімталдығы аз болса, онда сезімталдық коэффициенттері d және n кішірек. Бұл кезде r үлкен өзгеруі І мен Хn азырақ ығыстырады да, Ү өсімі үлкен болады. Графикте бұл жағдай тіктеу IS қисығымен сипатталады (5.4-сурет), LM қисығының көлбеуі мұнда маңызды емес.



5.4-сурет. Күшті (тиімді) фискалды саясат (IS қисығы тіктеу)


  1. егер ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің динамикасына өте сезімтал болса, онда ақша нарығын теңдестіру үшін r аз ғана жоғарылауы жеткілікті. r жоғарылауы аз болғандықтан, ығыстыру нәтижесі де аз болады. Графикте бұл жағдай жатықтау LM қисығымен сипатталады (5.5-сурет), IS қисығының көлбеуі мұнда маңызды емес.



5.5-сурет. Күшті (тиімді) фискалды саясат (LM қисығы жатықтау)
5.6-суретте ынталандырушы фискалды саясат тіктеу IS қисығы мен жатықтау LM қисығын үлестіру кезінде ең тиімді болуы көрсетілген. Бұл жағдайда ығыстыру нәтижесі өте аз, себебі пайыз мөлшерлемесінің өсуі аз ғана, d және n коэффициенттері де аз. Ү жалпы өсімі Ү0Үt мөлшерін білдіреді.


5.6-сурет. Күшті фискалды саясат (IS қисығы тіктеу, LM қисығы жатықтау)

Ынталандырушы фискалды саясат салыстырмалы түрде тиімсіз болады, егер ығыстыру нәтижесі шығарылым өсімінің нәтижесінен артық болса. Тежеуші фискалды саясаттың салыстырмалы тиімділігі керісінше анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет