Макроэкономика



бет53/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85
Байланысты:
treatise137692

6 АШЫҚ ЭКОНОМИКА
6.1 Ашық экономикада ЖҰӨ есептеу
Экономикадағы тауарлар мен қызметтерді өндіруге кеткен шығындарды қарастырып өтейік. Жабық экономика кезінде сату және сатып алу процестері мемлекет шегінен шықпайтын және барлық шығыстар үшке бөлінетін: тұтыну, инвестиция және мемлекет шығындары. Ал ашық экономикада өндірілген өнімнің бір бөлігі мемлекеттің ішінде сатылатын болса, екінші бөлігі экспортқа шет елге сату үшін шығарылады. Осыны ескере отырып, ашық экономикада өндірілген тауарға кеткен шығындарды төрт компонентке бөліп қарастыруға болады:

  • отандық тауар мен қызметті тұтыну – Cd;

  • отандық тауар мен қызметтерге кеткен инвестициялық шығындар – Id;

  • отандық тауар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу – Gd;

  • отандық тауар мен қызметтердің экспорты – EX.

Яғни, есептеу келесі формула арқылы беріледі:
Y = Cd + Id + Gd + EX
Осы формуланы ашып көрсетейік. Тұтыну шығындары (C)- бұл шетел (Cf) және отандық тауарлар мен қызметтерге кеткен тұтыну шығындарының (Cd) сомасы.

Ал инвестицияның жалпы мөлшері (I) – бұл отандық тауарлар мен қызметтерге кеткен инвестициялық шығындар (Id) мен шетел тауарлары және қызметтеріне кеткен инвестициялық шығындар (If) сомасын білдіреді.

Мемлекеттік сатып алудың жалпы мөлшері (G) – бұл отандық тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуы (Gd) мен шетел тауарлары мен қызметтерін мемлекеттік сатып алуының (Gf) сомасын білдіреді. Яғни:
C = Cf + Cd
I = Id + If
G = Gd + Gf.
Жоғарыдағы ЖҰӨ есептеу формуласына қойсақ, онда:
Y = (C - Cf) + (I - If) + (G - Gf) + EX.
Түрлендірілгеннен кейін, мына теңдікті аламыз:
Y = C + I + G + EX - (Cf + If + Gf).
(Cf+If+Gf)- бұл шетел тауарлары мен қызметтерге кеткен шығын, яғни импорт (IM) болып табылады.

Экспорт пен импорттың айырымы таза экспортты береді


NX = EX - IM, сонда

Y = C + I + G + NX (ЖҰӨ есептеу). (6.1)


Бұл теңдеу отандық өнімге кеткен шығындар, ішкі шығындар және таза экспорттың байланысын көрсетеді:
NX = Y - (C + I + G). (6.2)
Егер өндірілген өнім ішкі шығындардан асса, онда еліміз айырманы экспорттайды (+NX). Ал егер өндірілген өнім ішкі шығындарды жаппайтын болса, онда еліміз айырманы импорттайды (–NX).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет