Макроэкономика


Экономикалық өсудің неокейнсиандық модельдері



бет68/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85
Байланысты:
treatise137692

8.2 Экономикалық өсудің неокейнсиандық модельдері
Е.Домар моделі мен Р.Харрод моделі экономикалық өсудің қарапайым неокенсиандық моделдері болып табылады.

Е. Домар моделі уақытта жиынтық сұраныстың көбеюінде және жиынтық ұсыныстың өндірістік қуатының ұлғаюында инвестициялардың екіжақты рөлін зерттейді.

Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсудің Е.Домар және Р.Харрод моделдерін Харрод-Домар моделі деп атап, жиі бір модель ретінде бірге қарастырады. Бірақ, олардың ұқсастығына қарамастан олар бір-бірнен зерттелу объектісімен де, экономикалық мағынасымен де ерекшеленеді. Домар ұзақ мерзімде толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету мәселесін шығарды, қысқа мерзімді кейнсиандық тепе-теңдіктің ұзақ мерзімді шарттарға кеңейтті.

XX ғасырдың 40 жылдарында ұсынылған Е.Домар моделі келесі шарттарға сүйенеді:



  • Моделде балансталған тек қана игіліктер нарығы келтірілген;

  • Өндіріс технологиясы Леонтьевтің өндірістік функциясымен берілген;

  • Өндірістік факторлар бірін-бірі ауыстырмайды;

  • Еңбек нарығында бағалар икемсіздігінің нәтижесінде пайда болған шамадан тыс ұсыныс бар;

  • Капиталдың ағымы жоқ, капиталдың орташа өнімділігі (Y/K) және жинақтың нормасы (Sy) тұрақты;

  • Шығарылым тек қана бір ресурсқа тәуелді – капитал.

Сол кезде Домар толық жұмысбастылық жағдайында экономикалық жүйе тепе-теңдікте болса, тепе-теңдікті сақтау үшін жиынтық сұраныс өндірістік потенциалдың қарқынымен бірдей өсу керек деген ережеге негізделген.

Модель үш деңгейден тұрады: сұраныс, ұсыныс және тепе-теңдік өсу. Ұсыныстың теңдеуі келесі шартқа негізделген:




Яғни, ағымдағы кезеңде жүзеге асырылған инвестициялар болашақта капиталды ұлғайтады.

Капиталдың орташа өнімділігі δ=Y/K тұрақты шама болғандықтан, t мерзімінде игіліктер нарығындағы ұсыныс келесі формула бойынша сипатталады:




t кезеңіндегі игіліктерге деген сұраныстың өсімі мультипликатордың негізінде анықталады:

мұндағы, Sy – жинақтауға шектік бейімділік.



Теңгермелі өсудің теңдеуі – бұл сұраныс пен ұсыныс өсімшесінің тепе-теңдігі.


Сұраныс пен ұсыныстың теңдеулерін ескере отырып динамикалық тепе-теңдіктің шарттарын аламыз:


Теңдеуден шығатындай, өндірістік қуаттарды толық пайдалануды ұстап тұру үшін инвестицияларды капиталдың орташа өнімділігі (δ) мен жинақтауға деген шектік бейімділіктің () туындысына тең болатын қарқынмен көбейту керек.

Тепе-теңдік жағдайында S=I, S=×Y, ал -const болғандықтан:


δ-const болып, өндірістің технологиясымен берілгендіктен табыс көлемі инвестициялар көлеміне пропорционалды өлшем болып табылады.

Өндіріс факторларының арасында өзара ауыстыру болмағандықтан:

Толық жұмысбастылық кезінде динамикалық тепе-теңдіктің шарттарын кеңейтуге болады:




Осылайша, қабылданған алғышарттар кезінде игіліктер нарығында тепе-теңдікті және толық жұмысбастылықты ұстап тұру үшін берілген қарқынмен инвестициялардың көлемін үнемі ұлғайтып отыру қажет.

Р.Харрод моделі экономикада функционалдық байланыстарды бейнелейтін теңдіктер мен кәсіпкерлердің мінез-құлықтарының психологиялық мотивтерін талдаудан шығады. Бұл модель Домар моделіне қарағанда ертерек әзірленді (1939 ж.). Бірақ Харрод экономикалық өсудің жалпы теориясының негіздерін қалыптастыру деген мақсат қояды.



Модель тек игіліктер нарығы ғана ұсынылған (Домардағы сияқты). Бірақ Харрод моделіне бірқатар ерекшеліктер тән:

  • Домардың экзогенді берілген инвестициясына қарағанда моделге инвестицияның эндогенді функциясы енгізілген;

  • Капитал сыйымдылығының көлемі (K/Y) тұрақты;

  • Кәсіпкерлердің мінез-құлқы олардың тауарлар мен қызметтерге деген сұранысына қатысты үміттеріне тәуелді.

Инвестицияға деген сұраныс көлемі акселератор қағидасының негізінде анықталады:


Тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық сұраныс инвестициялық сұраныс пен мультипликатор тұжырымдамасының негізінде анықталады:

Егер статикалық тепе-теңдікке қол жеткізілсе:

Кәсіпкерлер қазіргі теңгермелі қарқынды болашақта да сақтайды деп ұйғарылады, яғни:


мұндағы, n=1 – игіліктерді ұсынудың өсім қарқынының параметрі.

Келесі формула бойынша анықталатын өсім қарқыны:



Харрод оны «кепілдендірілген» деп атады, себебі:



  • Қолда бар өндірістік қуаттарды (капитал) толық пайдалану;

  • Экономиканың теңгермелі траектория бойынша дамуы;

  • Жиынтық сұранысқа байланысты кәсіпкерлер үміттерінің орындалуы.

Шынайы тәжірибеде фактілік және кепілдендірілген өсу қарқындарының арасында айырмашылықтар байқалады, сол себепті Харрод еңбек ұсынысың өсуі кезінде толық жұмысбастылықты қамтамасыз ететін капитал өсімінің «табиғи» қарқыны (максималды мүмкін болатын) деген түсінікті енгізді, яғни өсімнің табиғи қарқыны еңбек ресурстары өсімінің қарқынына тең.

Экономикалық конъюктураның жағдайы кепілдендірілген және табиғи өсу қарқындары мәндерінің қарым-қатынасымен анықталады.

Ұлттық табыс өсімінің табиғи қарқыны кепілдендірілгеннен қалып жатса (яғни еңбек ресурстары өсуінің қарқыны капитал өсуінің қарқындарынан қалып жатыр), онда кәсіпкерлердің өсу қарқындарына байланысты үміттері ақталмайды, себебі еңбек ресурстарының жетіспеушілігі инвестициялардың қысқаруына алып келеді және экономикалық конъюктура депрессиямен сипатталады.

Ұлттық табыс өсімінің табиғи қарқыны кепілдендірілгеннен артса, экономика дамуының екі нұсқасы болуы мүмкін:



  • Фактілік өсу қарқыны кепілдендірілгенге тең. Бұл жағдайда конъюктуралық (циклдық) жұмыссыздық бар болғанда экономика динамикалық және біркелкі дамиды;

  • Фактілік өсу қарқыны кепілдендірілгеннен жоғары. Онда еңбек ресурстарының артықшылығы жарылыс тудыра отырып, инвестициялардың өсуін белсендендіреді, Ұлттық табыс өсімінің табиғи қарқыны күтілетіннен асып түседі.

Сонымен, экономикалық өсу жағдайында Е. Домар және Р. Харрод моделдерінде динамикалық тепе-теңдік тұрақсыз. Сондықтан, экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі туындайды. Домар моделінде δ параметірі мен Харрод моделінде a параметірі техниканың дамуымен анықталатындықтан, мемлекет ақша-несие саясатының әдістерімен Sy–ке әсер етуі қажет.

Е. Домар мен Р. Харрод моделдерінің қарапайымдатылған түріне қарамастан, олардың нәтижелері ұлттық экономиканың іріленген талдауында пайдалануы мүмкін. Sy параметрі ұлттық табыс өсуінің теңгермелі траекториясына максималды жақындау немесе ұлттық табыстың берілген деңгейіне жету үшін минималды уақыт интервалын таңдау мақсатымен даму стратегиясын таңдау кезінде пайдалануы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет