Макроэкономика


Халықтың өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің әсері



бет71/85
Дата11.04.2022
өлшемі6,19 Mb.
#30576
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85
Байланысты:
treatise137692

8.5 Халықтың өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің әсері
Енді халық саны, яғни жұмысшылар саны n қарқынымен өссін, яғни

немесе .

Мұнда L үстіндегі нүкте t уақыт бойынша L-ң туындысын көрсетеді. Ғылыми-техникалық прогресс еңбек тиімділігін арттырады. Мұны жұмысшылар санын еңбек тиімділігінің белгілі Е коэффициентіне көбейту арқылы көрсетуге болады, яғни

LL.E.
Еңбек тиімділігі жұмысшылардың біліктілігіне, біліміне, денсаулығына тәуелді. Мысалы, егер жұмысшылар саны 10 тең болса, ал еңбек тиімділігі 10 пайызға өссе, яғни Е = 1.1, онда бұл 11 жұмысшының жұмысын 10 жұмысшы орындайтынын көрсетеді.

L.E мөлшерін тиімділік бірліктерімен өлшейтін болсақ, онда бұл мысалда L.E 11 тиімділік бірліктеріне тең. Ғылыми-техникалық прогресс еңбек тиімділігінің Е коэффициентін арттырады. Мысалы Е γ қарқынымен өседі дейік, яғни



немесе .

Бұл жағдайда капиталмен қаруланудың динамикасын анықтайтын Солоу моделінің басты теңдеуі қалай өзгереді? Капитал қоры өзгеруінің теңдеуін ΔΚ = Ι – μΚ дифференциалдық түрде жазайық:



.

Оны L·Е-ге бөлейік:



.
Еңбек тиімділігінің бірлігіне шаққандағы капиталмен қаруланудың, шығарылымның, тұтыну мен инвестициялардың сәйкесінше жаңа айнымалыларын енгізейік:

, , , .

Онда мынаған келеміз:



немесе .
Жеке түрде уақыт бойынша капиталмен жарақтандырылғандықтың туындысын табамыз:

Осыдан және алдынғы теңдіктен Солоу моделінде халық саны өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің бар кезінде басты динамика теңдеуін шығарамыз:



.

Оны айырмалық түрде жазуға болады:
,

Δk деп уақыт бірлігіне тиісті, мысалы бір жыл аралығында, капиталмен жарақтандырылғандықтың өзгеруін түсінеміз. Бұл теңдеудің түрі жоғарыда қарастырылғандықтан тек қана k айнымалысына қатысты коэффициентімен айырылады. Сондықтан бұрын шығарылған барлық қорытындылар ол үшін де орындалады.




(+n+






8.6-сурет. Халық саны өсуі мен ҒТП бар кезінде капиталмен қаруланудың стационарлық деңгейінің өзгеруі
Капиталмен қарулану k тұрақты болғандағы экономикалық өсудің стационарлық тәртібі мына шарттан анықталады:

Капиталмен қаруланудың стационарлық деңгейі k1 халықтың өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің болмаған жағдайына қарағанда төмен орналасады. Оны жаңа жұмысшылар құрал-саймандармен, станоктармен, жұмыс орындарымен қамтамасыз етілуі тиісті екендігімен түсіндіруге болады. Және де технологиялық прогресс шартында капиталмен қарулану деп бір жұмысшыға шаққандағы емес, еңбек тиімділігінің бірлігіне шаққандағы капитал мөлшері алынатынын ескеру қажет.

Қорланудың «алтын ережесі» қарастырылатын жағдайда да оңай жазылады:



= немесе басқаша, MPK =.
Әдетте халықтың өсу қарқыны n және ғылыми-техникалық прогрестің қарқыны γ – оң мәнді шамалар. Онда капиталмен қаруланудың оңтайлы деңгейі де k* халықтың өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің болмаған жағдайына қарағанда төмен орналасады.

Көлемді айнымалыларға оралайық:


,
,
,
.
Осыдан капиталдың қоры, шығарылым, тұтыну мен инвестициялар экономикада n + γ тең қарқынымен өсетінін көріп отырмыз. Ал бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну қалай өзгереді? Тұтыну көлемін халық санына бөліп, мынаны табамыз:


Осыдан келесі қорытындылар шығады. 1. Халықтың тұрмыс деңгейі тек ғылыми-техникалық прогресс болғанда ғана артады. Екіншісі – халықтың өсуі оның әл-ауқатының деңгейіне әсер етпейді. Шынында, бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну халықтың өсу қарқынына тәуелсіз. 3. Егер де ғылыми-техникалық прогресс болмаса, яғни γ=0, онда халқы жылдамырақ өсетін елдің әл-ауқатының деңгейі төменірек болу тиіс. Бұл MPK = шартынан шығады. Капиталмен қаруланғандықтан, кемімелі қайтарым орын алғандықтан, халықтың өсу қарқынының артуы, қорланудың «алтын ережесі» бойынша анықталатын капиталмен қаруланудың оңтайлы деңгейін төмендетеді (8.7-сурет).

8.7-сурет. Капиталмен қаруланудың оңтайлы деңгейіне халықтың өсу қарқынының әсері

Кейбір елдердің экономикалық дамуы жөнінде белгілі эмпирикалық мәліметтер жоғарыда келтірілген. Бұл сұрақ жайында экономикалық теория не айтады? - Экономикалық өсудің қазіргі теориясының негізінде 1950-ші жылдары Р.Солоу мен Т.Свэн ұсынған идеялар жатады. Олардың моделі кемімелі қайтарым заңына бағынатын экономиканы сипаттайды. Бұл заң бойынша өзгедей тең шарттарында өндіріс факторының әрбір қосымша бірлігі алдыңғы бірлікке қарағанда кем қосымша қайтарымды береді.

Өндіріс факторының кемімелі қайтарым заңына сәйкес бұл неоклассикалық модельден екі тұжырым шығарылады. Бір жағынан, халықтың өсуіне қарағанда артық капитал қорланған сайын, экономиканың өсу қарқындары төмендеу тиіс. Бірақ, дамыған елдер бойынша статистикалық мәліметтер көрсететіндей, бұл елдердің өсу қарқындары әлде де жоғары болып сақталады. Мұны түсіндіретін жалғыз нәрсе – ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жөніндегі топшылама.

Басқа жағынан, кедей елдер бай елдерге қарағанда жылдамырақ даму тиіс, себебі капиталдың азырақ запасы бар кедей елдері кемімелі қайтарым принципіне сай капиталдың әрбір қосымша бірлігінен шығарылымның үлкенірек өсімін алатын болады.

Шынында бұл да орындалмайды. Кедей елдері бай елдеріне жетпек түгіл, олардан одан әрі артта қалады. Конвергенция гипотезасына арналған көптеген жұмыстар жарық көрді. 1 және 2 кестелердегі деректерге қарасақ, олар Баумольдің бай елдері байи береді, ал кедей елдері салыстырмалы түрде әрі қарайда кедей бола береді деген идеясын тұтасында дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет