Мал шаруашылығы объектілеріндегі санитариялық гигиеналық нормалары Дәріс №1


Постромка – жегілген аттың хамытын пәлекке тұтастыратын бөлігі. Оның ұзындығы жегін кезіндегі еңістік бұрышы – 18-20 градус болуы керек. Ершік



бет13/26
Дата07.10.2024
өлшемі438,5 Kb.
#146957
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
Ауру жануарларға күтім жасау дәріс

Постромка – жегілген аттың хамытын пәлекке тұтастыратын бөлігі. Оның ұзындығы жегін кезіндегі еңістік бұрышы – 18-20 градус болуы керек.
Ершік – доғалы жегін кезіндегі қажетті бөлшек. Оның үстінен жүретін бел қайыс арқылы хамытпен доғаны бекітіп ұстап тұрады да, жылқының дертелер арасында дұрыс орын алуын сақтап және түскен жүк кұшінің елеулі бөлігін жегін малының беліне түсіру үшін қажет. Мінгі жылқылары үшін ер-тоқымның пайдалану ережелеріне сай болуы маңызды рөл атқарады. Ерттеу кезінде алдымен терлікті тексереді. Ол жұмсақ, құрғақ, ат беліне бататын түйірлі немесе жұқа, ойық жерлері болмауы керек. Ер-тоқымды жылқының сол жағында тұрып беліне салады да, сәл алға жүргізіп, қайта жүнін жығу үшін артқа жылжытып, орналастырып, айылдарын тартып бекітеді. Алдыңғы айылын тартқаннан соң арасына бір саусақ, ал артқы айылдың астына жалпағынан үш саусақ өтетіндей болуы керек. Ер-тоқымды ерттегеннен кейін үзіңгілерін тексереді. Олардың үзеңгісімен таралығысының ұзындығы атқа мінетін кісінің қолының ұзындығындай болуға керек.
Дертелердің ұзындығы, жылқының артқы тірсегін көлік соғып жарақаттамау үшін, оның денесінің ұзындығынан артық болуы (30-40 см) керек.
Хамыт-сайман мен ер-тоқымның қайыс бөлшектері қатып, жылқының денелеріне батып, жарақаттамау үшін, оларды тексеріп, жұмсартып (уқалап, соғып) жұмыстан соң майлап қояды.
Алыс жолдарға жүк тасымалдау кезінде жегілген жылқыға, әрбір 18-20 шақырымнан соң, дем алдырып, азықтандырады. Ондай мүмкіндіктер жоқ жұмыстарда (жер жырту) әр сағаттан соң 5-10 минут дем алдырады.
Жұмыс және спорт-ойын атарына мал-дәрігерлік мезгілді бақылау жүргізілуі керек. Әсіресе жылқының физиологиялық нормадан ауытқуын дер кезінде анықтау керек (дене температурасының өзгерісі, қантамырларының соғысы, тыныс алу жиілігі т.б. тыныштықта және күш түскенде).
2.Сауылатын биелердің гигиенасы
Ет бағытына өсірілген биелерді де, бағып семірте отырып, қымыз өндіруге пайдалануға болады. Қымыздың бағасы мен емдік қасиеттері оның құрамының химиялық көрсеткіштерінің ерекшеліктерімен және сүт қышқылы, спирттік заттар түзіп ашуымен байланысты болады.
Бие сүтінде, сиырдікімен салыстырғанда, тез организмге сіңгіш альбуминдер мен глобулиндердің, сол сияқты пептондар мен аминқышқылдарының көп болып, бірақ май мен белоктың аз кездесуімен ерекшеленеді. Бие сүтінде онымен қоса, сиыр сүтіне қарағанда қанттың мөлшері 20 %, витаминдер – 5-10 рет, әсіресе витамин С көп болады.
Сүттілігі жағынан кей биелер ет бағытындағы сиырлардан да асып түседі. Биенің сүттілігі тәулігіне 10-24 л болып, оның 50-70 % құлын емеді. Башкир тұқымдас биелер тәулігіне орта есеппен 11,3 л сүт беріп, бес ай сауғанда 1730 л сүт алынады. Әрине биенің сүтінің мөлшері сөзсіз, оларды азықтандырып және дұрыс күтіп-бағуына тікеле байланысты болады.
Қымыз шығаратын фермаларда ветеринариялық-санитарлық және зоогигиеналық талаптар мұқият қадағаланып, нормативпен ережелерге сәйкес сақталып отырылуы керек. Себебі қымыз өндіру оны ыстық арқылы өңдеу жұмыстарымен (пастерлеу, стерлеу) жасамайды.
Қымыз өндіретін фермада инфекциялық жұқпалы аурулар болмауы қажет. Желіндерінде жара, ісік, қатайған бөліктері, мастит ауруларының белгілері т.б. қалыпты жағдайдан ауытқулары болса, ондай биелерді сауып қымыз өндіруге рұқсат етілмейді.
Биелерді сауу алдындағы желінді дайындау, сүт ыдыстарын басқа жабдықтарды, сауу аппараттарын т.б. тазалау, дезинфекциялау, сүт өндіруге арналған ірі қара малдарының шаруашылықтарындағы сияқты ветеринариялық-санитарлық мемлекеттік нормативтік талаптармен ережелерге сәйкес жасалады.
Құлындардың дұрыс өсіп-дамуы үшін биені туғаннағ кейін 20-30 тәулік бойы саумайды. Ондай жағдайда, құлындарды күндізгі-мезгілдерде әртүрлі құнарлы, жұғымды азықтар, көбінесе сұлы, құрама жемдер, беріп күтеді.
Қазіргі кезде, кейбір ірі жылқы фермаларында, алынатын қымыздың өнімін арттыру үшін құлындарды жасанды алмастырылған бие сүтімен (АБС) көректендіреді.
Биелердің желіндерінің анатомиялық ерекшеліктері, сиымдылығы (1,5-2,5 л) болғандықтан оларды жиі сауу (1,5-2,5 сағ) қажет. Сауу ұзақтығы 1,5 минутқа ғана созылады да, үрпіндегі 80-100 мл сүтті бергеннен кейін, сәл тоқтап барып, тегіс бұлшық еттерін жиырылуға қосады да желіндегі барлық сүтті береді. Бірақ кейбір биелер сүтін толық бермей-иімейді (10-15 %), ондай кездерде құлынды босатып, бір екі сорғызып, немесе алдында көрсетіп ұстап тұрып сауады. Биелерді қолмен және машинамен саууға болады. Бірақ машинамен сауу еңбек өнімін арттырып, сүттің сапасын жақсартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет