Мал шаруашылығы объектілеріндегі санитариялық гигиеналық нормалары Дәріс №1



бет17/26
Дата07.10.2024
өлшемі438,5 Kb.
#146957
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
Ауру жануарларға күтім жасау дәріс

Практикалық сабақ №3 . Малшаруашылығы жобаларын құрастыру тапсырмалары.

Қаралатын сұрақтар:


1. Масштаб туралы түсінік және оның түрлері.
2. Құрылыс чертеждегі размерлі өлшемдерді қою тәртібі.
3. Бірыңғай модульді жүйе және оның маңызы.
4. Чертеждегі білікті бөлгіш сызықтар және оларды белгілеу.
5. Құрылыстық объектілердің пролеті (аралық) және қадамы (шаг).

1. Кұрылыс объектілерінің үлкен-кішілігіне байлнысты олардың чертежде (сызбада) көрсетілетін өлшемдң негізгі размерлерімен салыстырғанда кішірейтіп немесе үлкейтіп алынады, яғни арнайы масштаты қолданады.


МАСШТАБ деп заттың тікелей (натурлды) өлшемдеріні чертеждегі размерлеріне қатынасын айтады. Масшта сандық - екі санның қатынасы және графикалық болады. Мұнымен қоса мемлекеттік стандартқа байланысты (МЕСТ 2302) масштабтың натуральды (заттың өзіне сәйкес) 1:1 кішірейтілген - 1:2, 1:5, 1:10, 1:20, 1:50, 1:100, 1:200 т.б үлкейтілген - 2:1, 5:1, 10:1 т.б. түрлері болады.
Құрылыс жобаларының чертеждері мынандай масштабтарда орындалады: жер бетінің планы - 1:5000, 1:1000 генеральдық (бас) план 1:500, 1:1000, қораның пландарі мен тілігі, кесінділері 1:50, 1:100, 1:200 т.б., ал қор бөлшектері 1:10, 1:20, 1:40 т.б. өте кіші мөлшерлі (электр жүйелері, олардың құрамдары, аппаратура бөлшектері) - 2: 5:1 т.б.
2. Құрлыс объектілерінің, олардың бөлшектеріні размерлері туралы негіз боп чертеждағы қойылған сандар (цифрлар) болып есептеледі. Чертеждағы размерлер бір рет қана көрсетіліп, миллиметрлі өлшеммен белгіленіп (бірақ өлшем жазылмай) қойылады. Егер размерлер басқа өлшемдермен (сантиметр, дециметр, метр) белгілесек онда өлшемдердің жанына жазылып, немесе техникалық құжаттарында көрсетіліп қойылады.
Чертежда өлшемдерді қою үшін размерлік және шығарылған сызықтар жасалып, олардыңа аяғына керткен таңба (засечка) қойылады. Онымен қоса чертеждағы бөлгіш ра мерлік сызықтар оның (планының) сырт жағынан үш қатармен орналастырылады.
Бірінші қатарда есік, терезе және орталардың аралықтарының размерлері түсірілсе, екінші қатарға қатар орналасқан екі бөлгіш сызықтардың ара қашықтығы белгіленеді, ал үшінші қатарда – ең шеткі екі бөлгіш сызықтардың аралық размерлері көрсетіледі. Онымен қоса жоба чертежінде қораның ішкі размерлері қойылады: ұзыны, ені т.б. Бір бөлікің размерін көрсету үшін одан 6-10 мм қашықтықта оған параллель "размерлік" сызық жүргізіледі де өлшемнің аяқталған жерінен перпендикулярлы шығарылатын (вынось) сызықтар сызылады. Оның аяғы размерлік сызықтан 1-5мм шығып (артып) тұруы керек. Бұрыштың размерлері градус, минут және секундпен өлшемі көрсетіліп (4гр, 45мин, 30сек.) белгіленеді. Бұрыштың мөлшерін көрсеткенде размерлік сызықты ортасы биігіне келтіріліп доғамен белгіленеді, ал шығарылатын сызықтар радиалды (тарамдалып) орналастырады.
Шеңбердің бойымен размерік сызықтар доғада концентриялық (центрлес) жүргізіліп, ал шығарылатын сызықтар - бұрыштың биссектрисасына (бұрышты жарғыш) параллель болады. Размерлі сызықтар екі жағынан стрелкамен шектеледі, ал радиус доға немесе шеңбер жағынан стрелкамен бітеді. Диаметрдің (радиустың) размерлік санының алдында әріп "В" немесе белгі О қойылады.
Сол сияқты есте болатын жағдай объектілердің бөлшектерінің тік (вертикалды) размерлері планда және тілікте көрсетіледі. Олардың өлшеу бойы (ноль) еденнің үсті болып есептеледі, яғни оң таңбалы өлшемдер еденнің үстіңгі жағында орналасқан болшектердікі болса, еденнен темен жатқандардың размерлері теріс таңбалы болады.
Құлама түзу сызықтар осы сызыктың құлама бұрышымен немесе уклонымен (еңіспен) сипатталады. Түзудің уклоны деп құлама сызықтың (іргелес жатқан катеттің) биіктік өлшеміне қарсы катет қатынасын айтады. Ол бір санның екінші санға қатысымен (1:10, 1:15 т.е.), бөлшек санмен (0,1; 0,5 т.б.) немесе процентпен (10 проц.) өлшенеді.
Чертежде уклон (еңіс) стрелкамен немесе бұрышпен олардың ұшы мен бұрышы еңіске қаратылып белгіленеді. Чертеждегі сызықтар негізгі тұтас, тұтас жіңішке, тұтас толқынды, штрихты (уақ, жіңішке сызық) т.б. түрлерімен орындалады. Мемлекеттік стандартқа сәйкестендірілген бір-келкі сызықтардың қалындығы барлық сол чертеждегі бар бейнелерге бірдей болуға тиіс.
3. Құрылыс чертеждері жобалаудың бірыңғай модульдік жүйесіне негізделіп орындалады. (ЕМС-единная модульная система).
Модульды жүйенің негізгі бабы объектінің, бөлшектерінің размерлерін белгілеп және бірыңғай модульге (санға) байланыстырады. Бұл модуль 100-ге тең болады, яғни барлык, қоралардың, бөлшек жабдықтардың өлшемдері осы санға бөлінетін болады.
Құрлыстарды жобалау кезінде бірыңғай модулі жүйеге сүйеніп үш түрлі размерлер көрсетіледі: номиналу (көрсетілген), натуралды (таза) және конструкциялы (құрылмалық).
НОМИНАЛДЫ деп білікті бөлгіш сызықтар аралығы, құрылыс бөлшектері және жабдықтардың шартты шеттерінің размерлерін айтады.
КОНСТРУКЦИЯЛЫ деп жобадағы бөлшектердің, жабдықтардың т.б. шекті нольдік ауытқуы рұқсат етілген размерлерін айтады. Конструкциялы размерлер номиналды размерлерге жақын болуы тиіс, тек олар номиналдыларда бөлшектер аралығындағы жіктер мен саңлаулар мәнінде ғана айырмашылығы болады.
НАТУРАЛДЫ деп қора бөлшектері мен жабдықтарды және білікті бөлгіш сызықтардың нақты размерлерін айтады. Кұрылыс сызбасында (планда), ұзындық, көлденең өлшемде де номиналды размерлерді пайдаланса, құрлыс бөлшектері қосқан, жалғаған жерлерінде - конструкциялы размерлед қолданады. Сондықтан құрылысты жобалау кезінде барлық объектілердің және бөлшектердің размерлері модуль санын (100) бөлінгіш болуы қажет.
4. Құрылыс чертеждегі екі размерлі білікті бөлгіш сызықтармен байланысты болады. Олар планда қабырғалар мен бағаналардыц ортасынан (ішкі жағынан 200 мм) ұзынша (қораның бойымен) және көлденеңінен бөліп өтеді де планнан (10-20 мм) шығып дөңгелекпен (шеңбер) аяқталады. Көлденең өтетін білікті бөлгіш сызықтардың төменгі планнан шығарылған басын (дөңгелектің ішінде) бірден бастап санмен белгіленеді (1, 2, 3 т.б.), ал ұзынынан өтетін білікті бөлгіш сызықтардың сол жақтағы планнан шығарылып шеңберме аяқталған басы алфавит бойынша әріппен белгіленеді.
5.5. Кұрылыс бөлшектерінің тағы басқа жабдықтарының унификациялау (үйлестіру, үндестіру) принципі сәйкес келетін негізгі өлшемдердің қатарына пролет пен қадам жатады.
КҰРЫЛЫСТЫҢ ПРОЛЕТІ (аралық) деп ұзынынан орналасқан қабырғалар мен бағаналардың бір-бірінен қашықтығын, немесе (номиналды размер) ұзынынан келетін білікті бөлгіш (сызықтардың) әріптердің аралығын айтады. Олардың ара қашыклықтары бірдей болып, тек (үш пролетты) кейбір қоралардың екі шеткі пролет арасы басқадай болуы мүмкін.
Мысалы, 21 метрлік пролетті қораның ортасы 6 м, екі шеті 7,5 (7,5, 6, 7,5).
ЖОСПАРЛЫ ҚАДАМ көлденең қабырғалардың, бағаналардың ара - қашықтығы, немесе көлденең жүретін білікті бөлгіш сызықтардың (номиналды размерлер) бір-бірінен қашықтығы (сандардың арасы). Қадамдардыңда ара-қашықтығы бірдей болуы керек.
Ауыл шаруашылық құрлыстарында бұлар (пролет пен қадам) үлкейтілген модульге негізделеді, яғни 60М, 30М, 12М т.б. ол 6000 мм, 3000 мм, 1500 мм, 1200 мм т.б. сәйкес келеді.
Анықтау хатының бір ерекше бөлімі ғимарат бөлшектерін маркілеу (белгілеу). Ол сызба жұмыстарының көлемін біршама қысқартуға әсерін тигізеді. Жобадағы нөмірі бар шеңбер маркамен көрсетілген ғимарат бөлшектері екі сызықпен орындалады: ішкі - жуан, сыртқы - жіңішке шеңбер.
Өте күрделі құрлыс бөлшектерінің жобаларын орындағанда маркалы шеңберді горизонтальды сызықпен ортасынан екіге бөліп, алымына бөлшектің нөмірі, ал бөлгішіне жоба бетінің саны қондырылады.
Құрылыс чертеждерін орындауды жеңілдету жолы мен бірнеше шартты графиктерді немесе қысқарылған белгілерді пайдаланады. Олар тиісті мемлекеттік стандартты нұсқауларда көрсетіледі. (МЕСТ 116 91-66).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет