Торайларды екінші сатылы өсіріп-жетілдіру мерзімінде берік бір немесе екі қабатты металдан жасалған клеткалы батареяларын пайдаланады. Олардың еденедерінің ауданы, торайлардың өсуіне байланыстырып, 0,27-0,28-0,30 немесе 0,37-0,38 м² есептеледі. Клетканың размері 1,2×1,6 м немесе 1,3×1,3 м, биіктігі – 0,6 м. Клетканың еденін метал сырықтардан (планка) саңылауын 5×15 немесе 30 мм және аралығындағы саңылау 10-15 мм жасалады. Бірінші қабаттың едені жерден 0,38 немесе 0,6-0,7 м жоғары орналасады. Шошқалардың қыйы тор едендерінің арасынан арықтарға түсіп, ол жерден көң жинағыш құрылымының көмегімен тазаланады.
Торайларды суару үшін клеткадағы азық науаларына қарама-қарсы жақтан емшекті суарғыштар орнатады, оларды еденнен 5-10 см жоғары бекітеді.
Азық науаларын алдыңғы қабырғалардың ұзын бойына орнатып, салмағы 25-30 кг торайлардың әр қайсысына 18-22 см орыннан есептейді.
Торайларды клеткалы батареяларда ұстап өсіру кезінде ондағы микроклиматтың нормативке сәйкестігіне аса көңіл бөлінеді. Бірінші сатыдағы торайларды өсіру кезінде ауаның температурасы 26-28 ºС болуы керекте, олардың өсуіне байланыстырып, төмендетіп отырады. Мысалы, торайдың тірі салмағы 18-20кг болса, ауа температурасы 22-24ºС, салыстырмалы ылғалдылығы 60 % жоғары болмауы керек. Қорадағы микроклиматтың көрсеткіштерін қалыпты мөлшерде ұстап тұру үшін ауаны сорып кіргізіп-шығарып тұратын механикалық желдеткіш орнатылады. Таза ауа жоғарғы зонадан кіріп, ал ішкі ластанған ауа төменнен (60 %-дай) көңнің арық жолдарынан шығарылуы керек. Қора ауасының қозғалысының жылдамдығы 0,2 м/сек жоғары болмауы керек.
Ғылими зерттеулердің нәтижесінде ерте 5-10 күндік жасында енесінен айырып, клеткалы батаряларда ұстап, дұрыс жағдай жасалса, олардың екі айлығында тірі салмағы – 21 кг жетіп, ал торайларды 3-5 апталығында енесінен айырғанда осы салмаққа тек 66-68 тәуліктік жастарында ғана толатындығы дәлелденген. Мұнымен қоса олардың сақталу пайызы жоғары болады.
Сондықтан, торайларды ерте енелерінен айырып, өсіріп жетілдіру, тек өте жоғарғы санитарлық-гигиеналық талаптарға ұйымдастыру жұмыстары жүргізілген жағдайда ғана мол өнім алынып, тиімді болады.