Мал шаруашылығы объектілеріндегі санитариялық гигиеналық нормалары Дәріс №1



бет23/26
Дата07.10.2024
өлшемі438,5 Kb.
#146957
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Ауру жануарларға күтім жасау дәріс

Өнімдік жас шошқаларға арналған қораларды, фермалардың қуаттылығына байланысты сиымдылығын, белгілеп ішіне екі, төрт қатарлы станоктар орналастырады да, малдарды топтап ұстайды. Бір станокта 10-30 басқа дейін топтап орналастырады. Өнімдік фермаларда станоктың әр басқа шаққанда ауданы 0,7-0,8 м², ал тұқымдық малдарға – 1 м² дейін есептеледі. Станоктардың тереңдігі (ені) және ұзындығы 3,5 м болады. Азық науалары әр басқа шақанда 0,3 м келеді. Ір станоктың ішіне су құбырын орнатады.
Шошқа қорасының ауа температурасы 16-18ºС болуы керек. Ауа температурасы жоғары болса (30-35º) ұрғашы жас шошқалардың жыныс күйті шағылысуға уақытында келмей тежеледі.
Өнімдік жас шошқаларды өсіргенде табиғи жағдайға ұқсастырып күтіп-бағып қана келешекте мол өнім алуға болады. Сондықтан оларды күнделікті серуендетіп отыру қажет.


Кесте 9 . Шошқа қораларының микроклиматының негізгі көрсеткіштері



Микрок
лимат көрсет-
кіштері

Буаз, қысыр меге-жін-
дер

Қабан шошқа-
лар

Торай-
лы мегежін-
дер

Торай-лардың
жатар
орны

Өнім-дік жас шош- қалар

Енесі-нен айырған торай-лар

Бордақыдағы жас шошқалар

5,5 айлық жасқа дейін

5,5 айдан асқан жастағы

Температура

16
(13-19)

16
(13-19)

20
(18-22)

30-22



20
(18-22)

20
(18-22)

18
(16-20)

16
(14-20)

Салыстыр
малы ылғалдылық, %

75
(40-75)

75
(40-75)

65
(40-75)

65
(40-75)

65
(40-75)

65
(40-70)

70
(40-75)

70
(40-75)

Әр кг сал
маққа шақ
қандағы ауа, м³:

Қыс

0,30


0,30


0,30


0,30


0,30


0,30


0,30


0,30


Ауыспалы мез
гіл

0,45


0,60


0,45


0,45


0,45


0,45


0,45


0,45


Жаз

0,60

0,70

0,60

0,60

0,60

0,60

0,60

0,60

Жоғарғы шекті мөлшері шу, дБ

60

70

60

60

70

60

70

70

Микробтар, мың/м³

100

60

60

50

50

50

80

80

Көмірқыш-қыл газы %

0,20

0,20

0,20

0,20

0,20

0,20

0,20

0,20

Аммиак, мг/м³

20

20

15

15

20

20

20

20

Күкіртті сутегі, мг/м³

10

10

10

10

10

10

10

10



Кесте 10 . Шошқа қораларының жарықтандыру мөлшері



Қоралар атаулары

Табиғи жарықтандыру шамасы

Жасанды жарықтандырудың шамасы, лк

Табиғи жарықтандыру коэффициенті, %

Жарық коэффициенті

Газ шашқыш шамдар

Қызатын шамдар

Буаз, қысыр мегежіндер және қабан шошқалар

0,5-1,2

1:10

75

20

Өнімдік жас шошқалар

0,5-1,2

1:10

75

30

Енесінен айырған торайлар 4-айлық жасқа дейін

0,5-1,2


1:10


75


30


Бордақыда-ғы шоқалар:
Бірінші жартысында

0,5


1:20


50


30


Екінші жартысында

0,5

1:20

50

20



Практикалық сабақ №11-12. Қой малын ұстау үшін қоралардың көлемін жоспарлап шешу


Қой бағландарын және қозыларды ұстау кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар мен микроклимат көрсеткіштері.

Саулықтардың туу мерзімі болашақ төлдің өсіп өнуіне зор әсері болады. Сондықтан әр шаруашылықтың жағдайы, жер орайы және ауа райына байланысты қыста және ерте көктемде қоздату тәсілдерін қолданады.


Көктемде төлдету (наурыз-сәуір) ауа райының, көбінесе жылына бастаған мезгілімен келеді де, төл алған кезде қораларды қосымша жылытуды қажет етпейді.
Бірақ қойларды көктемде қоздатудың кемшіліктері де жоқ емес. Олар – көктемдегі ауа райының ауыспалы, құбылмалы болуына байланысты төлдерде жиі суық тиіп ауруы кездесіп, шығынға ұшырайды. Сол сияқты, төл аяқтанып, көкке аузы тиіп, жайыла бастағанда, шөп сарғайып, қатайып, кеуіп кетеді және қозылар, саулықтың күйі төмендеуіне байланысты, көктемде әлсіз болып туады.
Қыста қоздату (қаңтар-ақпан) кезінде аналық қойлар қоңды, семіз болады да, төл әлді туады. Бірақ қыста қойды қоздату айтулы экономикалық шығындарға, әсіресе жылы орындардың қажеттілігі, азық қорының молдығының керектігі т.б. апарып соғады. Шаруашылықта пайдаланған қоздату тәсіліне байланысты саулықтарды арнайы қораларға ауыстырып орналастырып немесе қоралардың ішін бөліп, қайта жабдықтайды. Ол үшін қора ішін шарбақтар мен саулықтарды топтап (15-20 бастан) ұстау үшін бірнеше бөліктерге (секцияға) бөледі. Еденге құрғақ төсеніш (солома) салып, ішіне астық және су науаларын қояды.
Қозыларды сәулелендіру үшін инфрақызыл шамдарын пайдаланады. Әр бөлменің ішіне, қозысынан жеріп, емізбейтін саулықтарды жекелеп ұстау үшін тар (1 бас қозылы қойға) клеткалар (2-4) орнатылады.
Қоздау әр секцияларда жүреді. Жас туған қозылар енесін айыра алмайды және кейбір кәрі саулықтар, жас тұсақтар туғаннан кейін қозысына қарамай кетеді. Сондықтан қоздаған саулыққа бақылау жасап, секцияның ауданын тарылпай, әр секцияда 15-16 бастан артық топтауға жол бермеу керек. Туған төлдің кіндігі үзілмесе қарнынан 6-8 см қашықтықта кесіп, йод ертіндісін жағады. Аналық организміне және жас төлге пайдалы болу үшін қозыны жалатады. Қозының қалыпты тірі салмағы, енесінің салмағының 5-5,5 % құруы керек. Қоздағаннан 10-15 минуттан соң саулықтың көзінің айналасын және желінінің маңайының жүндерін қырқып тазалайды. Желінін жылы сумен жуып, құрғақ шүберекпен сүртіп, үрпіндегі микробтармен ластанған сүтті сауып шығарады (бөлек ыдысқа).
Туғаннаң соң 20-30 минуттан кейін қозы енесін еміп, уыз ішуі керек. Өте әлсіз, өздігінен тұра алмайтын қозыларға көмек көрсетіп, сүйемелдеп тұрып емшегін сорғызу қажет. Егер қозы өзі емуге талпынбаса, аузына ашып емшекті салып, сәл қысып, сүтті ағызып жеткізу керек. Қозыға дер кезінде уызды ішкізу қажет. Онымен бірге қозы қанына гамма-глобулиндер мен иммунноглобулиндер түсіп, оларды аурудан сақтандырады. Уызды кешігіп ішсе қозының тоңғағы қатып қалып, іші кеуіп өлімге ұшырайды. Қозы уызды 2-3 тәулік бойы алуы керек. Егер енесінде сүт жоқ қозыны уызбен жарытпаса, оны басқа сүті мол саулыққа телу қажет. Телу туған кезде жүрсе, басқа аналықтың шаранасын қозының үстіне исін сіңіріп жағады. Сүті аз, әлсіз немесе қозысы ауру саулықтарды 1-3 тәулікке жеке клеткаға тұрғызады. Қозылардың ауруларының алдын алудың бірден-бір жолы оларға беретін уыздың құнарлы сапалылығы. Ол азықтың құрамына, түріне байланысты болып, әсіресе құрамында сірке, сүт қышқылдары бар сүрлем қауіпті болып саналады. Уыздың құрамына, қоздаған саулыққа туғаннан соң, сәл тұздаған жылы су берудің де пайдалы әсері болатындығы дәлелденген. Жылы суды саулыққа туғаннан соң бір сағаттан кейін, ал ары қарай әрбір 1,5-2 сағаттан 1,2-1,5 л су ішкізіп отырады. Саулықтың шуы 1-1,5 сағаттың ішінде түседі, егер 5-6 сағатта түспесе дәрігерлік көмек керек болады. Қозысына қарамай, емізбей кеткен саулықтарды, көбінесе тұсақ, бірінші қоздағандарда немесе әлсіз, ауру аналықтарда кездеседі, жеке клеткаға 2-3 күнге қозысы мен бірге салып қояды.
Қозылар енесін әрбір 2-3 сағаттан соң еміп отырады. Саулықтың қозысын айырғанға дейінгі сүттілігі 80-200 кг оданда жоғары болады. Ең көп сүттілігі алғашқы туғаннан кейінгі 2-3 аптада болады да, одан соң біртіндеп кеми береді. Сондықтан қозыларды ертерек қосымша азықтарды жеуге үйрете бастайды, яғни 10 күндігінен бастап оларға сапалы көк шөп, құрама азықтар және минералды заттар қосылған жемдер беріп, үйретеді.
Қозыларды тұрғаннан кейін нөмірлеп және бояу мен енесінің белгісіндей қылып белгілейді. Егіз қозыларды енесімен жалқыларға қарағанда бөлек белгі салады. Қозыларды күтіп-бағу технологиялық тәсілдері әр түрлі болады. Шаруашылықтардың жағдайы, жер орайы, қоздату мерзімі т.б. байланысты мынандай негізгі тәсілдері болады: 1) кошарлы-базалы; 2) сақманды; 3) бөлектеп өсіру; 4) жасанды тәсілде өсіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет