Практикалық сабақ №8-9-10. Шошқаны малын ұстау үшін қоралардың көлемін жоспарлап шешу
Аналық шошқа қоралары Шошқа фермалары мен комплекстерінде торайлы және ауыр буаз аналықтарға арнап қора салып, оларға екі, үш, төрт қатарлы станоктар орналастырып, әр станокта бір аналықты торайы мен бірге және тууына 7-10 күн қалған аналықтарды торайлағанға дейін және торайлағаннан соң 30-45 күнге дейін ұстайды.
Станоктардың конструкциялары (үйлесім құрылысы) шошқалардың тууына қолайлы және жас туған торайларды енелерінің үстіне жатып, жаншып өлтіруден сақтайтын болуы керек. Ол үшін аналықты жас торайцлардан бөлек ұстап, ал торайлардың жеке шығып кететін саңылаулы тесігі болып, жеке дем алатын зонасы болуы керек. Қатар орналасқан станоктардағы малдардың бір-біріне қатысы болу үшін станоктың үш қабырғалары тұтас, ал тек көң жолы жағының қабырғасы торкөзді бөлігі торайлардың енесіне қатысуына бөгетсіз болып, астыңғы жағынан саңылау қалдырады. Жас торайларды жылыту үшін, олардың жатқан бөлігінің жағына белгілі бір биіктікте инфра қызыл, ультракүлгін және эритемді шамдарды іліп орнатады.
Станоктардың ішіндегі көңді едендердің тор көздерінен астындағы каналға (арық) түсіп, одан арнайы қырғыш, сырғыш транспортерлердің көмегімен тазаланып шығарылады.
Шошқаларды бір фазалы технологиямен ұстаған кездерде «Лузинский», ал екі фазалы да ОСМ-120 типті станоктарды пайдаланады. Сол сияқты үш фазалы технологиямен ұстағанда станоктардың типтері ССИ-2, ОСМ-60 (СОИ-1), СОИЛ-2 типтері болады. Олардың ССИ-2 және СОИЛ-3 аналықтарды туғызып және торайларымен 26 күндігіне дейін, ал СОИЛ-2-45 күндік жасына дейін ұстауға жасалған. Станок ОСМ-60 (СОИЛ-1) тұқымдық фермалармен комплекстерде аналық шошқаларды торайымен 60 күндік жасына дейін ұстаға қолайлы болады.
Станоктардың еденінің ауданы енелерінен торайларын айыратын мезгілдеріне байланысты болып, егер торайларды 60-күндігінде айырса станок ауданы – 6-7 м², ал 30-35 тәулігінде болса – 5-5,5 м² алынады.
Бұл станоктардың ішінде зоогигиеналық талаптарға көбінесе сай келетін СОИЛ-1, СОИЛ-2 (Ленинградтық) типтілері болады. Станоктар үш бөлікке (боксқа) бөлініп, ортаңғысында аналық шошқа тұрып, екі шетінде торайлар жатып дем алып және азықтануына арналған. Станоктың үшінші қабырғасына аналық шошқаға арналған өздігінен аударылатын азық науасы бекітілген. Станокта табақша немесе емшекті су құбыры ПАС-2А орнатылады. Торайлардың жататын жерлерінің үстіне инфрақызыл шам ілінеді де, ал торайлар мен аналықтарды сәулелендіру үшін ультракүлгін шамдары ЛЭ-16, немесе ЭО-1-30 М типтілер ілініп қойылады.
Станок ССИ-2 типті (ВНИИМЖ) мегежіндердің тууына арналған бір, торайлардың дем алып, азықтануына – 2 бөлмесі және серуендейтін алаңы болады. Комплекстерде енесінен айырған торайларды өсіріп, одан бордақылап семірту үшін станоктар ОСМ-120 типті болады. Жалпы ұзындығы – 317 см, ені – 200 см. Туған кезінде аналықты ұстайтын боксының ұзындығы – 180 см, ені – 60 см.