МақҰлданды оқу-әдістемелік комиссиямен



бет6/7
Дата28.02.2023
өлшемі139,63 Kb.
#70428
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
sillabus filosofiya 2019-2020

Әріптік балама

Бағалау критерийлері

Тестілеу

Бақылау түрі

A

95-100

Оқу материалын игеріп, толық жауап берген. Терминдік аппаратты сауатты жəне мағынасына сай қолданады. Мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, шығармашылық талдау жасай алады. Теориялық білімін практикада жан-жақты (креативті) қолдана алады.

A-

90-94

Оқу материалын түсініп, толық жауап берген. Терминологиялық аппаратты қолдана отырып, материалдың мазмұнын жүйелі түсіндіреді. Мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдей алады. Теориялық білімін практикада дұрыс қолдана алады.

B+

85-89

Жауап толық. Терминологиялық аппаратты қолдана отырып, материалдың мазмұнын сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді. Жауап барысында аздап қате жібереді, бірақ оны өзі түзетеді. Мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады. Теориялық білімін практикада стандартты қолдана алады.

B

80-84

Жауап толық. Терминологиялық аппаратты қолдана отырып, материал мазмұнын түсіндіруде бірнеше қате жібереді, бірақ оқытушының сауал қоюы арқылы оларды түзетеді. Мəліметтерді теориялық тұрғыдан дəлелдеп, талдау жасай алады. Теориялық білімін практикада қолдана алады.

B-

75-79

Жауап дұрыс, бірақ жеткілікті толық емес. Терминологиялық аппаратты дұрыс қолданады, материалдың мазмұнын ашып айтуда қиналады. Жауап бергенде маңызды емес қателіктер жібереді, бірақ оны оқытушының көмегімен түзетеді. Теориялық білімін практикада жеткілікті дәрежеде қолдана алады.

C+

70-74

Жауап толық емес, маңызсыз қателіктері бар, оны студент оқытушының көмегімен түзете алады. Одан əрі оқуда қажетті білімі бар. Терминологиялық аппаратты стандартты түрде пайдаланады , бірақ нақты үлгідегі білімін көрсете алмайды. Теориялық білімін практикада орташа дәрежеде қолдана алады.

C

65-69

Жауабы толық емес, маңызды емес жəне маңызды бірер қателіктері бар, оны студент оқытушының көмегімен түзетеді. Пəндік терминологиялық аппаратты қолдану дағдылары бар, аса қиын механизмдерді анықтауда қиындықтарға тап болады. Теориялық білімін практикада біршама қолдана алады.

C-

60-64

Жауабы толық емес, маңызды емес жəне маңызды екі-үш қателік жіберген, оларды оқытушының көмегімен түзете алады. Пəндік терминологиялық аппаратты пайдалануда қателіктер жібереді. Теориялық білімін практикада қолдану деңгейі қанағаттанарлық..

D+

55-59

Жауап толық емес, нақтылықтар аз. Маңызды жəне маңызды емес қателіктер жібереді. Терминдерді пайдаланады, пəн бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге анықтама бере алмайды. Теориялық білімін практикада қолдану деңгейі біршама қанағаттанарлық..

D

50-54

Көптеген қателіктері бар жауап. Маңызды қателіктер: терминологияны дұрыс пайдалана алмайды, түсініктер мен терминдерге анықтаманы бере алмайды, негізгі заңдар, ережелердің орналасуын білмейді, түрлерге бөле алмайды. Теориялық білімін практикада қолдану іскерлігі нашар.

F

0-49

Студенттің жауаптан немесе жауап беруден бас тартуы, студент оқу бағдарламасы бойынша білімінің толықтай жоқтығын көрсетеді. Бірде бір тапсырманы, жұмысты дұрыс орындай алмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет